"Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін дамытуға әсер ететін, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге және пайдалануға байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін актілердің жобаларын келісуді үйлестіру тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 11 өкімі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Шешім 29.01.2016 күшіне енді - Еуразиялық экономикалық комиссияның Сайты.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 43-тармағы 15-тармақшасына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 4 шешімімен бекітілген, Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша 2015 жылға арналған егжей-тегжейлі жоспардың 3.3.2-тармақшасын іске асыру мақсатында:

      1.      "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін дамытуға әсер ететін, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге және пайдалануға байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін актілердің жобаларын дайындау және келісу кезінде құзыреті кеден, валюта, салық, кедендік-тарифтік, тарифтік емес, техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік фитосанитариялық шаралар, қаржылық қызметтерді реттеу (банктік, сақтандыру), көлік және тасымалдау, зияткерлік меншік салаларымен байланысты, Еуразиялық экономикалық комиссияның департаменттері көрсетілген актілер жобаларын құзыретіне кедендік инфрақұрылым және ақпараттық технологиялар мәселелері жататын Еуразиялық экономикалық комиссияның департаменттерімен:

      құжаттарды электрондық құжаттар түрінде ресімдеу мүмкіндігін;

      электрондық құжаттарды ресімдеу және пайдалану тәртібін бекітуді;

      электрондық құжаттар форматтары мен құрылымын бекітуді көздейтін ережелерді енгізу қажеттілігі бөлігінде келісуді қамтамасыз етсін.

      2.      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 124 шешіміне сәйкес құрылған Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі электрондық құжаттарды ресімдеуге және пайдалануға көшу үшін жағдайлар жасау мақсатында Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жыл сайынғы егжей-тегжейлі жоспарға сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды ресімдеумен және пайдаланумен байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі іс-шараларды енгізуді қамтамасыз етсін.

      3.      Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко
     


     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады