Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитет құрамына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 9 наурыздағы № 20 өкімі.


      1.      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 10 өкімімен бекітілген Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитет құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:

            а) Консультативтік комитеттің құрамына мына адамдар енгізілсін:

     
Қазақстан Республикасынан
 

Абсаттарова
Маржан Несіпбекқызы


 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің басқарма басшысы
 

Ботбаева
Зарина Балтабайқызы


 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің басқарма басшысы
 

Ұмытбаев
Берік Алтайұлы


 

Қазақстан Республикасының"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ресей Федерациясындағы Өкілдігінің директоры
 

Ресей Федерациясынан



Махонин
Дмитрий Николаевич


 

Федералдық монополияға қарсы қызмет Отын-энергетикасы кешенін реттеу басқармасының бастығы;

     

      б) Консультативтік комитет құрамынан А.К. Отарова, Н.Н. Сукуров және Н.И. Дианова шығарылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасының мүшесі (Министр) Д.Т. Ибраев Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитеттің отырыстарында төрағалық етуі (Консультативтік комитеттің төрағасы) айқындалсын.

      3. "Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитеттің құрамы және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 10 өкімінің 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.



      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы Т. Саркисян


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады