Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің тізбесін, штат санын бекіту және оларды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшелері арасында бөлу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 1 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 24-тармағы 6-тармақшасына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 80 шешіміне, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы № 24 шешіміне және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 37 шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1.Қоса беріліп отырған:

      Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің тізбесі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің штат саны;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшелері арасында Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерін бөлу бекітілсін.

      2.Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінде лауазымды адамдардың лауазымдар бойынша мынадай өкілдік етуі бекітілсін:

      а) департамент директорлары бойынша:

      Армения Республикасы 5 лауазым;

      Беларусь Республикасы 5 лауазым;

      Қазақстан Республикасы 5 лауазым;

      Қырғыз Республикасы 5 лауазым;

      Ресей Федерациясы 5 лауазым;

      б) департамент директорларының орынбасарлары бойынша:

      Армения Республикасы 13 лауазым;

      Беларусь Республикасы 13 лауазым;

      Қазақстан Республикасы 13 лауазым;

      Қырғыз Республикасы 13 лауазым;

      Ресей Федерациясы 13 лауазым.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Алқасының Төрағасы Т.С.Саркисян 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың қабылдануымен байланысты департаменттерге түсетін функционалдық жүктеменің өзгергенін ескере отырып, Комиссия департаменттерінің санын оңтайландыруды көздейтін Комиссия департаменттерінің жаңа құрылымы бойынша ұсыныстарды 2 айлық мерзімде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына ұсынсын.

      5.Осы Шешім 2016 жылғы 1 наурыздан бастап бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
В.Габриелян
 

Беларусь Республикасынан
В.Матюшевский
 

Қазақстан
Республикасынан
Б.Сағынтаев
 

Қырғыз Республикасынан
О.Панкратов
 

Ресей Федерациясынан
И.Шувалов
 

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2016 жылғы 12 ақпандағы
№ 1 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің

ТІЗБЕСІ

      1. Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаменті

      2. Қаржы департаменті

      3. Құқықтық департамент

      4. Істерді басқару департаменті

      5. Интеграцияны дамыту департаменті

      6. Макроэкономикалық саясат департаменті

      7. Статистика департаменті

      8. Қаржы саясаты департаменті

      9. Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті

      10. Еңбек көші-қоны департаменті

      11. Өнеркәсіптік саясат департаменті

      12. Агроөнеркәсіптік саясат департаменті

      13. Сауда саясаты департаменті

      14. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті

      15. Ішкі нарықты қорғау департаменті

      16. Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті

      17. Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті

      18. Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті

      19. Кедендік инфрақұрылым департаменті

      20. Көлік және инфрақұрылым департаменті

      21. Энергетика департаменті

      22. Монополияға қарсы реттеу департаменті

      23. Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті

      24. Ақпараттық технологиялар департаменті

      25. Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2016 жылғы 12 ақпандағы
№ 1 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Комиссия департаменттерінің
ШТАТ САНЫ

     

Атауы

Адам саны

      Төраға және Алқа мүшелері 10
      Алқа Төрағасының хатшылығы 12
      Интеграция және макроэкономика жөніндегі
      Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы 8
      Экономика және қаржы саясаты жөніндегі
      Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы 8
      Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі
      Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы 8
      Сауда жөніндегі Алқа мүшесінің
      (Министрдің) хатшылығы 8
      Техникалық реттеу жөніндегі
      Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы 8
      Кедендік ынтымақтастық жөніндегі
      Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы 8
      Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі
      Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы 8
      Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
      жөніндегі Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы 8
      Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-
      коммуникациялық технологиялар
      жөніндегі Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы 8
      Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету
      департаменті 79
      Қаржы департаменті 36
      Құқықтық департамент 46
      Істерді басқару департаменті 61
      Интеграцияны дамыту департаменті 38
      Макроэкономикалық саясат департаменті 31
      Статистика департаменті 32
      Қаржы саясаты департаменті 36
      Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті 20
      Еңбек көші-қоны департаменті 19
      Өнеркәсіптік саясат департаменті 36
      Агроөнеркәсіптік саясат департаменті 29
      Сауда саясаты департаменті 44
      Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті 61
      Ішкі нарықты қорғау департаменті 35
      Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті 61
      Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық
      шаралар департаменті 32
      Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы
      департаменті 47
      Кедендік инфрақұрылым департаменті 23
      Көлік және инфрақұрылым департаменті 39
      Энергетика департаменті 30
      Монополияға қарсы реттеу департаменті 53
      Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып
      алу саласындағы саясат департаменті 32
      Ақпараттық технологиялар департаменті 34
      Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті 23
      БАРЛЫҒЫ 1071

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2016 жылғы 12 ақпандағы
№ 1 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшелері арасында Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерін
БӨЛУ

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының хатшылығы;

      Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаменті;

      Қаржы департаменті;

      Құқықтық департамент;

      Істерді басқару департаменті.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр):

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы;

      Интеграцияны дамыту департаменті;

      Макроэкономикалық саясат департаменті;

      Статистика департаменті.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр):

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы;

      Қаржы саясаты департаменті;

      Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті;

      Еңбек көші-қоны департаменті.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр):

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы;

      Өнеркәсіптік саясат департаменті;

      Агроөнеркәсіптік саясат департаменті.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр):

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы;

      Сауда саясаты департаменті;

      Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті;

      Ішкі нарықты қорғау департаменті.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр):

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы;

      Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті;

      Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министр):

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы;

      Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті;

      Кедендік инфрақұрылым департаменті.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр):

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы;

      Көлік және инфрақұрылым департаменті;

      Энергетика департаменті.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр):

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы;

      Монополияға қарсы реттеу департаменті;

      Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр):

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесінің (Министрдің) хатшылығы;

      Ақпараттық технологиялар департаменті;

      Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады