Экспортты қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі жұмыс тобы туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2016 жылғы 9 тамыздағы № 16 Өкімі

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы "Экспортты дамытуға бағытталған шаралар туралы" № 2 шешімінің 1-тармағын іске асыру мақсатында:

      1.Құрамына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдерін енгізуді көздей отырып, экспортты қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.

      2.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен осы Өкіммен құрылған жұмыс тобының құрамына енгізу үшін 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін кандидатураларды Еуразиялық экономикалық комиссияға беру сұралсын.

      3.Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
В.Габриелян
 
 
 

Беларусь Республикасынан
В.Матюшевский
 

Қазақстан Республикасынан
Б.Сағынтаев
 

Қырғыз Республикасынан
О.Панкратов
 

Ресей Федерациясынан
И.Шувалов




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады