Басым Еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2016 жылғы 18 қазандағы № 32 Өкімі

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 13 сәуірдегі "Еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі туралы ережені бекіту туралы" № 2 шешімінің 3-тармағын іске асыру мақсатында:

      1.№1 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша басым Еуразиялық технологиялық платформалар құрылсын.

      2.Осы Өкімге №1 қосымшада көзделген Еуразиялық технологиялық платформалар қызметінің мақсаттары, міндеттері және негізгі бағыттары № 2 – 12 қосымшаларға сәйкес паспорттарға сай айқындалады деп белгіленсін.

      3.Еуразиялық технологиялық платформалардың құрылтайшылары 2017 жылғы 1 наурызға дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Еуразиялық экономикалық комиссияға:

      2017 жылға басшы органдарды қалыптастыру және ротация негізінде үйлестіруші ұйымды айқындау туралы;

      2017 жылға арналған іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы;

      2017 жылға арналған бірлескен инновациялық кооперациялық жобалардың тізбесі туралы ақпаратты ұсынсын.

      4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

В. Габриелян

В. Матюшевский

А. Мамин

О. Панкратов

И. Шувалов



  Еуразиялық экономикалық комиссия
Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы
№ 32 өкіміне
№ 1 ҚОСЫМША


Басым Еуразиялық технологиялық платформалардың ТІЗБЕСІ


Еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру жөніндегі бағыттар

Басым Еуразиялық технологиялық платформалар

1. Авиағарыш технологиялары
 

1. Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар – жаһандық бәсекеге қабілеттілік өнімдері
 

2. Медициналық және медициналық биотехнология, фармация
 

2. Еуразиялық биомедициналық технологиялық платформа

3. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
 

3. Еуразиялық суперкомпьютерлік технологиялық платформа
 

4. Фотоника
 

4. Фотоника


5. Еуразиялық жарық диодты технологиялық платформа

 
5. Табиғи ресурстарды өндіру және мұнай-газ өңдеу
 

 
6. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу технологиялары

 
6. Экологиялық даму

 
7. Экологиялық даму технологиялары

 
7. Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, биотехнология
 

 
8. ЕуразияБио
 


9. Агроөнеркәсіптік кешеннің тамақ және өңдеуші өнеркәсіп технологиясы – дұрыс тамақтану өнімдері
 


10. Еуразиялық ауылшаруашылық технологиялық платформасы
 

8. Өнеркәсіптік технологиялар

11. "Жеңіл өнеркәсіп" өнеркәсіптік технологиясы




















      Еуразиялық экономикалық комиссия

      Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы

      № 32 өкіміне

      № 2 ҚОСЫМША


      "Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар – жаһандық бәсекеге қабілеттілік өнімдері" Еуразиялық технологиялық платформасының ПАСПОРТЫ


      1. Құрылтайшылар:

      "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" акционерлік қоғамы (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы);

      "Алматы Энергетика және байланыс университеті" КеАҚ (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);

      "Международные космические технологии" жабық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы);

      "Компания "СОВЗОНД" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы);

      М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы);

      Беларусь Ұлттық ғылым академиясының "Геоинформационные системы" ғылыми-инженерлік республикалық унитарлы кәсіпорыны (Минск қаласы, Беларусь Республикасы);

      В.И. Ленин атындағы Беларусь мемлекеттік университеті (Минск қаласы, Беларусь Республикасы).

      2. Мақсаттары:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) мүдделі тұлғаларының ғарыштық және геоақпараттық технологиялар саласында мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық әлеуетін пайдалануда өзара тиімді іс-қимыл жасауын арттыру;

      Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі – ЖҚЗ) дереккөздері негізінде инновациялық ғарыштық және геоақпараттық технологияларды құру мен енгізуде мүше мемлекеттер, бизнес, ғылым, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің күш-жігерлерін біріктіру;

      ғарыштық және геоақпараттық технологиялар саласында мүше мемлекеттердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүддесінде технологиялық, ұйымдастырушылық және басқарушылық құзыреттерді біріктіру.

      3. Міндеттері:

      кеңістіктік деректерді, ЖҚЗ технологияларын әзірлеу мен пайдаланудың бірыңғай механизмдерін құру, талдамалық ақпарат алу саласындағы еуразиялық зерттеу бағдарламаларын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      ғарыштық және геоақпараттық технологияларды, өнімдер мен қызметтер көрсетуді жасау және пайдалану саласында мүше мемлекеттердің нақты экономика секторының ағымдағы жай-күйіне, даму бағыттары мен қажеттіліктеріне зертетулер жүргізу;

      ғарыштық өнімдер мен мүше мемлекеттердің қызметтер көрсетуі бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқор құру;

      ғарыштық және геоақпараттық өнімдерді (қызметтер көрсетуді) тұтынушылар мен өндірушілердің, әзірлеушілердің мүдделерін ескере отырып, үйлестірілген технологиялық саясат әзірлеу;

      мүше мемлекеттердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ЖҚЗ деректері негізінде қызметтер көрсету мен инновациялық жоғары технологиялық ғарыштық өнімдер жасау және енгізу;

      электрондық карталар мен ғарыштық суреттерді қоса алғанда, геокеңістіктік деректер базасын жасаудың және пайдаланудың бірыңғай тәсілі мен мүше мемлекеттердің бірыңғай геоақпараттық кеңістігін қалыптастыру;

      ЖҚЗ ғарыштық жүйелері мен мүше мемлекеттердің геоақпараттық жүйелерін интеграциялау;

      мүше мемлекеттердің аумағында жасалған және әзірленетін кеңістіктік деректер негізінде геоинформатика және сервистер саласында бағдарламалық өнімдердің ғылыми және коммерциялық әлеуетін бағалау үшін сараптамалық алаңдар қалыптастыру.

      4. Қызметтің негізгі бағыттары:

      ғарыштық технологиялар және геоақпараттық жүйелер саласында өнімдер мен қызметтер көрсетуді, сапалы жаңа техникалық және бағдарламалық құралдарды жасау бойынша ғылыми-қолданбалы зерттеулер;

      мүше мемлекеттердің аумағында ғарыштық өнімдер мен қызметтер көрсетуді пайдалану жөніндегі, сондай-ақ орта және жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;

      ЖҚЗ және геоақпараттық жүйелер саласында бірлескен әзірлемелерді ұйымдастыру және инновациялық өнімдер мен қызметтер көрсетуді жасау;

      мүше мемлекеттердегі түпкі тұтынушыларды сараптамалық, консультациялық және ақпараттық қолдау;

      әлемдік нарықта платформаға қатысушылар жасаған ғарыштық өнімдер мен қызметтер көрсетуді коммерцияландыру.


      _____________










      Еуразиялық экономикалық комиссия

      Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы

      № 32 өкіміне

      № 3 ҚОСЫМША


      "Еуразиялық биомедициналық технологиялық платформа"

      Еуразиялық технологиялық платформасының

      ПАСПОРТЫ


      1. Құрылтайшылар:

      "Технологическая платформа "Медицина будущего" коммерциялық емес әріптестік (Томск қаласы, Ресей Федерациясы);

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі Ғылым комитетінің "Ұлттық биотехнология орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы);

      "Беларусский институт системного анализа и информационного обеспечения научно-технической сферы" мемлекеттік мекемесі (Минск қаласы, Беларусь Республикасы).

      2. Мақсаттары:

      жеделдетілген технологиялық және инновациялық дамуды қамтамасыз ету үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) инновацияларды ынталандыру, ғылыми-өндірістік кооперацияны кеңейту, ғылыми-техникалық қызмет пен жаңғырту процестерін қолдау;

      мүше мемлекеттерді ғылыми-техникалық дамытудың маңызды бағыттарын айқындау мен іске асыруға бизнес пен қоғамның стратегиялық қажеттіліктерінің әсерін күшейту;

      биомедицина саласындағы ғылыми-техникалық дамудың маңызды бағыттары бойынша бірлескен қызметті ұйымдаструға мүдделі мүше мемлекеттердің бизнес пен ғылым өкілдерінің күш-жігерін біріктіру.

      3. Міндеттері:

      биомедицина саласында ғылыми, өндірістік және білім беру мекемелері, мемлекеттік және қоғамдық институттар арасындағы ғылыми-өндірістік кооперация механизмдерін құру;

      тартылған тараптардың барлығының (мүше мемлекеттердің, өнеркәсіп, ғылыми қоғамдастық, бақылаушы органдар және қоғамдық институттар өкілдерінің) мүдделерін ескере отырып, биомедицина саласында жаңа технологиялар жасау бөлігінде жекешелік-мемлекеттік әріптестіктің неғұрлым тиімді модельдерін қалыптастыру;

      жоғары технологиялық өнімнің жаңа нарықтарының негізін құруға қабілетті технологияларды жасау және мүше мемлекеттерде дамымаған, бірақ салалық сектордың дамуы үшін шешуші болып табылатын шетелдік технологияларды пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      жаңа технологиялар негізінде өнімдер айналысы жөніндегі заң жобаларының тізбесін, жаңа жоғары технологиялы өнім сапасының салалық стандарттарын, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің қалыптастырылатын жаңа нарығын мемлекеттік қолдау механизмдерін қоса алғанда, жаңа салалық секторды реттеу жөнінде ұсыныстар қалыптастыру;

      биомедицинаның әртүрлі бағыттары бойынша толық циклдің кешенді ғылыми жобаларын әзірлеу және қолдау.

      4. Қызметтің негізгі бағыттары:

      биоинженерия технологияары;

      конструкциялық наноматериалдарды алу және өңдеу технологиялары (биомедицинаға арналған технологиялар мен материалдарды әзірлеу бөлігінде);

      бөлінген және өнімділігі жоғары есептеу жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз ету және технологиялары (ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған аспаптар мен жабдықтар жасау бөлігінде);

      нано-, био-, ақпараттық және когнитивтік технологиялар;

      биокаталитикалық, биосинтетикалық және биосенсорлық технологиялар;

      биомедициналық және ветеринариялық технологиялар;

      геномдық, протеомдық және постгеномдық технологиялар;

      жасушалық технологиялар.


      _____________

























      Еуразиялық экономикалық комиссия

      Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы

      № 32 өкіміне

      № 4 ҚОСЫМША


      "Еуразиялық суперкомпьютерлік технологиялық платформа" Еуразиялық технологиялық платформасының

      ПАСПОРТЫ


      1. Құрылтайшылар:

      "Объединеный институт проблем информатики Национальной академии наук Беларуси" мемлекеттік ғылыми мекемесі (Минск қаласы, Беларусь Республикасы);

      "Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті" акционерлік қоғамы (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);

      Ресей ғылым академиясының "Институт программных систем им А.К. Айламазяна" федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылым мекемесі (Переславль-Залесский қаласы, Ресей Федерациясы);

      "Инкубатор предприятий" қорының армян-үнді АКТ орталығы (Ереван қаласы, Армения Республикасы).

      2. Мақсаттары:

      экономика мен ғылымның жеделдетілген технологиялық және инновациялық дамуын қамтамасыз етуге арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) суперкомпьютерлік техника мен тиісті инновациялық технологияларды дамытуға жәрдемдесу;

      суперкомпьютерлік және ақпараттық технологияларды ғылыми-технологиялық дамытудың маңызды бағыттарын іске асыруда қоғам мен өнеркәсіптің стратегиялық қажеттіліктерінің рөлін күшейту;

      жаңа перспективалық технологияларды, бәсекелестік тұрғыдан артықшылықты өнім мен көрсетілетін қызметтерді жасау бойынша бірлескен қызметке мүдделі бизнес, ғылым, азаматтық қоғам және мемлекет өкілдерінің күш-жігерлерін біріктіру;

      инновациялық ынталандыру, ғылыми-өндірістік кооперацияны кеңейту және жаңа әріптестерді қалыптастыру;

      суперкомпьютерлік және есептеу технологиялары саласындағы және аралас салалардағы ғылыми техникалық қызмет пен жаңғырту процестерін қолдау;

      жедел дамудың пәрменді құралымен мүше мемлекеттер экономикаларын жаңғырту процесі субъектілерін қамтамасыз ету;

      жоғары технологиялар аумағы және жеделдетілген технологиялық даму аймағы ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық мәртебесін қалыптастыру және қолдау.

      3. Міндеттері:

      суперкомпьютерлер құру және пайдалану саласындағы стратегиялық бағдарламалық зерттеулерді, оларға қашықтықтан қол жеткізу желілерін, грид-желілерді және бұлттық есептеу жүйелерін әзірлеу;

      ұзақ мерзімді перспективаға арналған суперкомпьютерлік саланы дамыту форсайтын жасау және перспективалы процестер мен технологиялар тұжырымдамасын әзірлеу;

      өнімділігі жоғары есептеу жүйелерін жасау және пайдалану мәселелері бойынша ғылыми, өндірістік және білім беру мекемелері, мемлекеттік және қоғамдық институттар арасындағы ғылыми-өндірістік кооперациялар механизмдерін қалыптастыру;

      маңызды өндірістік міндеттерді шешу үшін суперкомпьютерлік технологияларды пайдалану практикасының таралуына жәрдемдесу, ғылыми-зерттеу және тежірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыруға жұмсалатын уақыт шығындарын қысқарту, мүше мемлекеттердің жоғары технологиялық өнімінің құнын төмендету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      нысаналы бағдарламаларды үйлестіруді қоса алғанда, мүше мемлекеттердің суперкомпьютерлік технологияларын дамыту жөніндегі жетекші орталықтардың күш-жігерлерін үйлестіру;

      салалық және аумақтық грид-жүйелерді дамытуды үйлестіру және бірыңғай еуразиялық ғылыми-техникалық киберкеңістік жасау;

      бірлескен аппараттық қамтамасыз ету (элементті және компонентті базаны қоса алғанда) мен жүйелі және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді, соның ішінде еркін бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде дамыту бойынша мүше мемлекеттердің күш-жігерлерін үйлестіру;

      қажетті зерттеулер жүргізу және әзірлемелерді дайындау үшін қосымша қоғамдық, корпоративтік, жеке қаржылық және материалдық ресурстарды тарту.

      4. Қызметтің негізгі бағыттары:

      суперкомпьютерлерге арналған элементтік базаны дамыту;

      суперкомпьютерлік сервистер және суперкомпьютерлерді ғылым, білім, әртүрлі экономика салалары, әлеуметтік сала және мемлекет мұқтаждықтары мүддесінде қолдану.


      _____________











      Еуразиялық экономикалық комиссия

      Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы

      № 32 өкіміне

      № 5 ҚОСЫМША


      "Фотоника" Еуразиялық технологиялық платформасының

      ПАСПОРТЫ


      1. Құрылтайшылар:

      "Оптика и лазеры" ғылыми-техникалық қауымдастығы (Минск қаласы, Беларусь Республикасы);

      Қазақстан Республикасының Физика-техникалық институты (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы);

      Лазерлік қауымдастық (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы);

      "Инсол" жауапкершілігі шектеулі қоғам (Ереван қаласы, Армения Республикасы).

      2. Мақсаттары:

      экономика саласының, әлеуметтік саланың мүдделерінде және мемлекет мұқтаждықтары үшін фотоника технологияларын дамыту және тиімді пайдалану;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) фотоника бойынша әзірлемелерді ілгерілету бөлігіндегі үйлестірілген қызмет.

      3. Міндеттері:

      ғылыми-өндірістік кооперацияны ынталандыру және қолдау және фотоника саласында жаңа әріптестерді қалыптастыру және оны қолдану;

      жаңа перспективалы фотоника технологияларын жасауға және оларды практикалық тұрғыдан игеруге, өндірісті жаңғыртуға және фотоника базасында бәсекеге қабілетті өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығаруға мүдделі бизнес, азаматтық қоғам және мемлекет өкілдерінің күш-жігерлерін біріктіру;

      фотоникаға арналған технологиялар мен жабдықтарға деген мүше мемлекеттер қажеттіліктерін мониторингтеу;

      фотоникаға арналған технологиялар мен жабдықтарға деген мүше мемлекеттер ұйымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша іс-қимылдар бағдарламасын әзірлеу.

      4. Қызметтің негізгі бағыттары:

      өнеркәсіптік материалдарды лазерлік өңдеу технологиялары;

      "машиналық көру", лазерлік-оптикалық өлшеу және диагностика;

      лазерлік-оптикалық ақпараттық жүйелер;

      қауіпсіздікті қамтамасыз етудің фотонды жүйелері;

      геодезия мен навигациядағы фотоника;

      фотондық нанотехнологиялар;

      фотониканың элементтік базасы.

      _____________

      Еуразиялық экономикалық комиссия

      Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы

      № 32 өкіміне

      № 6 ҚОСЫМША


      "Еуразиялық жарық диодты технологиялық платформа"

      Еуразиялық технологиялық платформасының

      ПАСПОРТЫ


      1. Құрылтайшылар:

      "Центр светодиодных и оптоэлектронных технологий Национальной академии наук Беларуси" республикалық ғылыми-өндірістік унитарлық кәсіпорыны (Минск қаласы, Беларусь Республикасы);

      "Физика-техникалық институт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);

      Жарық диодтар мен олардың негізінде жасалған жүйелерді өндірушілердің коммерциялық емес әріптестігі (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы);

      "Дастан-ЭнЭйч" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы).

      2. Мақсаты – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) экономикаларын жаңғырту процесінің субъектілерін энергия үнемдейтін жарық диодты жарық-техникалық өніммен қамтамасыз ету.

      3. Міндеттері:

      мүше мемлекеттердің нақты экономика секторының жарық диодты технологияларға деген қажеттіліктерін айқындау;

      энергия тиімді жарық диодты жарықтандыру саласындағы басым ғылыми-техникалық жобаларды іздестіру және дамытуға жәрдемдесу;

      жарық диодты техника саласында озық технологияларды тарту және жаңа технологияларды жасау;

      жоғары сапалы ұзаққа шыдайтын жарық диодты өнім жасау;

      мүше мемлекеттердің бірлескен бастамалары мен бірлескен жобаларын қолдау;

      жарық диодты өнімді тұтынушылар мен әзірлеушілердің мүдделерін ескере отырып үйлестірілген технологиялық саясат әзірлеу;

      Одақта жарық диодты технологияларды енгізуге кедергі болатын тосқауылдарды анықтау және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;

      жарық диодты технологияларды нормативтік-құқықтық реттеу саласындағы мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы мәселелері бойынша құжаттарды жетілдіруге жәрдемдесу;

      мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық дамудағы жетістіктерін кеңінен танымал ету;

      Одақтың жарық диодты өнімі, сынақ зертханалары желісінің дамуын мониторингтеу.

      4. Қызметтің негізгі бағыттары:

      денсаулық сақтаудағы, ауыл шаруашылығындағы, байланыс жүйелеріндегі, көлік саласындағы оптикалық-электрондық жүйелер мен технологиялар;

      энергия тиімді жарық құрылғылары;

      элементтік база.


      _____________






































      Еуразиялық экономикалық комиссия

      Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы

      № 32 өкіміне

      № 7 ҚОСЫМША


      "Қатты пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу технологиялары" Еуразиялық технологиялық платформасының

      ПАСПОРТЫ


      1. Құрылтайшылар:

      Ресей ғылым академиясының жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылым мекемесі (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы);

      Ресей ғылым академиясының Орал бөлімшесі Тау-кен ісі институты федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылым мекемесі (Екатеринбург қаласы, Ресей Федерациясы);

      Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);

      Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы);

      "Қазақстан Республикасы Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      "Научный производственный центр по геологии" республикалық унитарлық кәсіпорны "Минск қаласы, Беларусь Республикасы).

      2. Мақсаттары:

      қатты пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу саласында ғылыми-техникалық дамудың озық ұлттық және әлемдік жетістіктерін шоғырландыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу;

      мүше мемлекеттердің жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданбалы міндеттерін бірлесіп шешу үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) ғылыми әлеуетін жұмылдыру;

      инновациялық технологияларды әзірлеу;

      мүше мемлекеттердің ынтымақтастығына тосқауылдарды жою;

      мүше мемлекеттердің тау-кен өнеркәсібі қызметін дамытудың ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы кооперацияны қамтамасыз ету, қатты пайдалы қазбаларды өндіру мен қайта өңдеудің тиімділігін арттыру, болашақтың экономикасын қалыптастыру;

      ұдайы технологиялық жаңару және мүше мемлекеттер экономикасының тау-кен өнеркәсібі секторының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

      3. Міндеттері:

      мүше мемлекеттер экономикасының тау-кен өнеркәсібі секторын дамыту үшін неғұрлым өзекті жалпы проблемаларды анықтау;

      мүше мемлекеттер экономикасының тау-кен өнеркәсібі секторының өзекті проблемаларды шешуге арналған жаңа технологияларға деген қажеттіліктерін айқындау;

      мүше мемлекеттердің қатты пайдалы қазбаларын өндіру және қайта өңдеу технологияларын дамыту деңгейін бағалау, осындай технологияларды шетелдік аналогтармен салыстыру;

      қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутектерді өндіру және қайта өңдеу саласындағы неғұрлым өзекті проблемаларды шешудің барынша тиімді жолдарын ұсыну;

      орындаушылар ұжымдарының ынтымақтастығы шеңберінде консультациялық жұмыстар жүргізу және инновациялық салада кооперациялық әріптестерді қалыптастыру және мүше мемлекеттердің бірлескен жобаларын іске асыру;

      қатты пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорларына бірлескен сараптаманы, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бірлескен жобаларды ұйымдастыру және жүргізу;

      мүше мемлекеттердің бірлескен жобаларын іске асыру үшін бюджеттен және бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен қаражат тарту;

      кадрларды даярлау және қайта даярлау, бірлескен зертханалар, ғылыми-зерттеу орталықтары мен станцияларын құру арқылы мүше мемлекеттердің бірлескен жобаларын іске асыруға жәрдемдесу, сондай-ақ семинарлар мен конференциялар өткізу;

      тау-кен өнеркәсібі қызметінің үздік практикаларын кеңінен танымал етудің және мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық дамудағы жетістіктерінің бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын құру.

      4. Қызметтің негізгі бағыттары:

      отын-энергетикалық ресурстарды өндіру және тереңдетіп қайта өңдеу;

      тау-кен химиясы шикізатын өндіру және тереңдетіп қайта өңдеу;

      темір кендерін өндіру және байыту;

      түсті металдар кенін өндіру және байыту;

      асыл металдар кенін өндіру және байыту;

      жерде сирек кездесетін кендерді өндіру және қайта өңдеу;

      қатты пайдалы қазбалар бөлігінде геологиялық-барлап іздеу;

      тау-кен машинасын жасау, сервис және тау-кен өнеркәсібі қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;

      жер қойнауын пайдалану экономикасы;

      ресурстар мен қорларды, тау-кен өнеркәсібі жобаларын сараптау;

      инновациялық технологиялар трансфері, зияткерлік меншікті қорғау және тиімді пайдалану;

      тау-кен өнеркәсібі саласы үшін мамандарды даярлау, қайта даярлау және аттестаттау.


      _____________










































      Еуразиялық экономикалық комиссия

      Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы

      № 32 өкіміне

      № 8 ҚОСЫМША


      "Экологиялық даму технологиясы"

      Еуразиялық технологиялық платформасының

      ПАСПОРТЫ


      1. Құрылтайшылар:

      "Экологиялық даму технологиясы" технологиялық платформасы" коммерциялық емес әріптестігі;

      В.И. Ленин атындағы Беларусь мемлекеттік университеті (Минск қаласы, Беларусь Республикасы);

      "Қазақ Ұлттық Географиялық Қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігі (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы).

      2. Мақсаттары:

      экологиялық тиімді және энергия үнемдейтін технологияларды енгізу негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекететр (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмдерін қалыптастыру;

      экологиялық проблемаларды шешу;

      экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

      3. Міндеттері:

      ұтымды табиғат пайдалану, экологиялық даму және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кешенді бағдарламалар мен жобаларды іске асыру кезінде мүше мемлекеттердің ғылыми, өндірістік және білм беру мекемелері, мемлекеттік және қоғамдық институттары арасындағы ғылыми-өндірістік кооперация механизмдерін құру;

      зерттеулердің бірлескен стратегиялық бағдарламаларын әзірлеу;

      әртүрлі деңгейдегі нысаналы бағдарламаларды үйлестіруді қоса алғанда, жетекші салалық бейінді ғылыми және инжинирингтік орталықтар мен индустриялық-инновациялық инфрақұрылым объектілерінің күш-жігерлерін үйлестіру;

      мүше мемлекеттерде ең үздік экологиялық тиімді, энергия мен ресурстарды үнемдейтін технологиялар трансферін және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ үшінші елдердің нарықтарына осындай технологияларды, көрсетілетін қызметтер мен өнімдерді ілгерілету;

      қажетті зерттеулер жүргізу және әзірлемелер жасау үшін қосымша қоғамдық, корпоративтік, жеке қаржылық және материалдық ресурстарды тарту;

      экологиялық аспектілерді ескере отырып, нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      "Экологиялық даму" бағыты бойынша мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық дамудағы жетістіктерін кеңінен танымал ету;

      мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық дамуына кедергі келтіретін экологиялық тиімді технологиялар саласындағы тосқауылдарды анықтау және осындай тосқауылдарды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу.

      4. Қызметтің негізгі бағыттары:

      "Экологиялық даму" бағыты бойынша мүше мемлекеттердің бірлескен басым ғылыми-техникалық жобаларын дамытуға жәрдемдесу;

      мүше мемлекеттерде ең үздік экологиялық тиімді, энергия мен ресурс үнемдейтін технологиялар трансферін және өнеркәсіптік ынтымақтастықты қолдаудың мамандандырылған ақпараттық порталын құру және оны дамыту;

      жекешелік-мемлекеттік әріптестіктің неғұрлым тиімді модельдерін әзірлеу және оларды табиғатты ұтымды пайдалану саласында (қалдықтар айналысы мен биоремедиацияны қоспағанда) ауқымды кешенді жобаларда іске асыру, қоршаған ортаның бұзылған жай-күйін қалпына келтіру, соның ішінде қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру, барлық тартылған тараптардың мүдделерін ескере отырып, табиғи орта мен биологиялық саналуандыққа мониторинг жүргізу;

      ұзақ мерзімді кезеңге арналған "Экологиялық даму" бағыты бойынша бірлескен форсайт жасау;

      мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің бағдарламалары мен гранттарында, мүше мемлекеттердің қорлары мен даму институттарының бағдарламаларына қатысу мәселелері жөнінде платформаның бейіні бойынша мүше мемлекеттердің ұйымдарына консультациялық қызметтер көрсету.


      _____________





















      Еуразиялық экономикалық комиссия

      Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы

      № 32 өкіміне

      № 9 ҚОСЫМША


      "ЕуразияБио"

      Еуразиялық технологиялық платформасының

      ПАСПОРТЫ


      1. Құрылтайшылар:

      Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Микробиология институты (Минск қаласы, Беларусь Республикасы);

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ұлттық биотехнология орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы);

      "Общество биотехнологов России имени Ю.А. Овчинникова" жалпыресейлік қоғамдық ұйымы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы).

      2. Мақсаты – биотехнология және биоэкономика саласында қарқынды дамуды қамтамасыз ету үшін зияткерлік, ғылыми-техникалық және өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану және көбейту бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) үйлескен қызметі (әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті инновациялық инфрақұрылым объектілерінің заманауи желілерін құру және биоөнімдердің бірыңғай биотехнологиялық нарығын дамыту арқылы, экономикалық және әлеуметтік маңызы бар биотехнологияларды әзірлеу және оларды ауыл шаруашылығына, өнеркәсіп, энергетика және экология саласына енгізу негізінде).

      3. Міндеттері:

      мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық әлеуеті мен кәсіби қоғамдастығын біріктіру;

      ғылым, білім, экономика, әлеуметтік сала және мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі мүдделерінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика және экология үшін биотехнологиялардың дамуын қолдау мен үйлестіруге арналған халықаралық коммуникациялық алаң түрінде интеграцияланған жүйе құру;

      биотехнологияларды ғылыми-техникалық дамыту стратегияларын әзірлеу және мүше мемлекеттерде биоэкономиканы қалыптастыру;

      еуразиялық биотехнологиялық инфрақұрылым мен әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті биоөнімдердің бірыңғай нарығын құру және дамыту;

      мүше мемлекеттердің биотехнологиялар саласындағы, соның ішінде зияткерлік меншікті қорғау және білім бру стандарттары мен техникалық реттеу саласындағы технологиялар трансфері жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны үндестіру және т.б.;

      жаңашыл биотехнологияларды әзірлеу және енгізу бойынша мүше мемлекеттер ұйымдарының қызметін ынталандыру және қолдау;

      биотехнологиялар мен биоэкономика саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру.

      4. Қызметтің негізгі бағыттары:

      биоиндустрия мен биоэнергетикаға арналған тиімділігі жоғары жаңашыл технологияларды әзірлеу және енгізу;

      ауыл шаруашылығына арналған (өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, ветеринария мен аквадақылдарды қоса алғанда), сондай-ақ орман өнеркәсібі кешеніне арналған биотехнологияларды әзірлеу және енгізу;

      экологияны жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға (биоремедиация мен қалдықтар айналысын қоса алғанда) бағытталған биотехнологияларды әзірлеу және енгізу;

      биоресурстық базаны бағалау және мониторингтеу, оны сақтаудың, қалпына келтірудің және ұтымды пайдаланудың заманауи әдістерін әзірлеу және енгізу.


      _____________





























      Еуразиялық экономикалық комиссия

      Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы

      № 32 өкіміне

      № 10 ҚОСЫМША


      "Агроөнеркәсіптік кешеннің тамақ және өңдеуші өнеркәсіп технологиясы – дұрыс тамақтану өнімдері"

      Еуразиялық технологиялық платформасының

      ПАСПОРТЫ


      1. Құрылтайшылар:

      "Технологическая платформа "Технологии пищевой и перерабатывающей промышленности АПК – продукты здорового питания" қауымдастығы (Воронеж қаласы, Ресей Федерациясы);

      "Алматы технологиялық университеті" акционерлік қоғамы (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);

      "Могилевский государственный университет продовольствия" білім беру мекемесі (Могилев қаласы, Беларусь Республикасы).

      2. Мақсаттары:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) агроөнеркәсіптік кешенінің тамақ және өңдеуші өнеркәсібін дамыту;

      ауыл шаруашылығы және өңдеуші өнеркәсіп саласында перспективалы коммерциялық технологиялар әзірлеу мақсатында аграрлық-тамақ технологияларының, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі, халықтың дұрыс тамақтануы және табиғатты ұтымды пайдалану проблемаларын шешу үшін агроөнеркәсіптік кешеннің жоғары технологиялық, инновациялық және бәсекеге қабілетті өнімінің жиынтығын қамтитын технологиялық базис құру.

      3. Міндеттері:

      мүше мемлекеттердің тамақ және өңдеуші өнеркәсібінің ғылыми-техникалық және инновациялық салаларында басым бағыттарды айқындау;

      платформаның бейіні бойынша мүше мемлекеттердің бірлескен бастамаларын, кооперациялық жобаларын қолдау және ынтымақтастықты ретке келтіру;

      мүше мемлекеттердің нақты экономика секторының жаңа технологияларға деген қажеттіліктерін айқындау;

      ғылыми-техникалық және инновациялық салаларда мүше мемлекеттердің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруге жәрдемдесу;

      агроөнеркәсіптік кешенде мүше мемлекеттер ұйымдарының ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастық жасау нәтижелеріне мониторингті жүзеге асыру;

      тамақ және өңдеуші өнеркәсіптің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін жетілдіру;

      білім беруді жетілдіру және аграрлық-тамақ өндірістерінде кадрлық әлеуетті дамыту.

      4. Қызметтің негізгі бағыттары:

      ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің тиімділігі жоғары технологиялары;

      мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешенінің тамақ және өңдеуші өндірістеріне арналған энергия үнемдейтін жабдық;

      тамақ және өңдеуші өнеркәсіптің дұрыс тамақтану өнімінің сапа менеджменті саласында стандарттау мен сертификаттаудың бірыңғай базасын қалыптастыру;

      платформа қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес конгрестер, форумдар, конференциялар көрмелерін және іскерлік турлар ұйымдастыру және өткізу;

      ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өңдеу үшін заманауи жабдық пен өзекті технологиялар әзірлеу;

      ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеудің және жоғары сапалы әрі қауіпсіз тамақ өнімін, соның ішінде функционалдық, емдеу-профилактикалық мақсаттағы өнімді және дұрыс тамақтануға арналған өнімді өндірудің тиімділігі жоғары технологиялары;

      ауыл шаруашылығы өнімін кешенді қайта өңдеу және сақтау проблемаларын шешу.


      _____________

























      Еуразиялық экономикалық комиссия

      Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы

      № 32 өкіміне

      № 11 ҚОСЫМША


      "Еуразиялық ауылшаруашылық технологиялық платформасы"

      Еуразиялық технологиялық платформасының

      ПАСПОРТЫ


      1. Құрылтайшылар:

      Ауыл шаруашылығы экономикасының бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы);

      "Агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту Қазақ ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);

      "Научно-практический центр Национальной академии наук Беларуси по животноводству" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);

      "Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Мал шаруашылығы жөніндегі ғылыми-практикалық орталығы" республикалық унитарлы кәсіпорын (Жодино қаласы, Беларусь Республикасы);

      "Невское" ашық акционерлік қоғамы (Санкт-Петербург қаласы, Ресей Федерациясы);

      Академик Қалиев Ғани Әлімұлы (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы);

      Академик Драгавцев Виктор Александрович (Санкт-Петербург қаласы, Ресей Федерациясы);

      "БГУ-Биотехнология" малое инновационное предприятие" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Брянск облысы, Ресей Федерациясы).

      2. Мақсаттары:

      агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-техникалық дамудың ұлттық және әлемдік озық жетістіктерін шоғырландыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу;

      Еуразиялық экономикалық одақтың ауыл шаруашылығындағы қолданбалы міндеттерді бірлесіп шешу үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) ғылыми әлеуетін жұмылдыру;

      инновациялық өнімдер әзірлеу және оларды агроөнеркәсіптік кешенде енгізу.

      3. Міндеттері:

      бірінші кезекте шешуді талап ететін, ауыл шаруашылығында неғұрлым өзекті шешуші проблемаларды анықтау;

      мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешенінің өзекті проблемаларды шешуге арналған жаңа технологияларға деген қажеттіліктерін айқындау;

      мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешенінде таңдалған бағыттар бойынша технологиялардың даму деңгейін бағалау, осындай технологияларды шетелдік аналогтармен салыстыру;

      басым технологиялар мен ғылыми-техникалық жобаларды іздеу, мүше мемлекеттердің бірлескен бастамалары мен бірлескен жобаларын қолдау, үздік әріптестер іздеу;

      мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бірлескен жобаларға бірлескен сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;

      мүше мемлекеттердің бірлескен жобаларын іске асыру үшін бюджеттен және бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен қаражат тарту;

      ғылыми мектептер ашу, жас ғалымдарға конкурстар мен конференциялар өткізу арқылы бірлескен жобаларды орындау үшін кадрларды даярлау;

      еуразиялық ауылшаруашылық технологиялық платформасының сайтын жасау;

      орындалған мүше мемлекеттердің бірлескен жобаларының нәтижелерін мониторингтеу және оларды агроөнеркәсіптік кешеннің нақты экономика секторындағы ұйымдарға енгізу;

      мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды анықтау және осындай тосқауылдарды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу.

      4. Қызметтің негізгі бағыттары:

      мал шаруашылығы;

      өсімдік шаруашылығы мен егін шаруашылығы;

      ветеринариялық медицина;

      ауыл шаруашылығы машинасын жасау;

      ауыл шаруашылығы экономикасы;

      инновациялық технологиялар трансфері;

      шағын бизнесті дамыту;

      кадрларды даярлау және оқушылармен кәсіптік бағдарлау жұмысы.


      _____________














      Еуразиялық экономикалық комиссия

      Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы

      № 32 өкіміне

      № 12 ҚОСЫМША


      "Жеңіл өнеркәсіп" өнеркәсіптік технологиясы"

      Еуразиялық технологиялық платформасының

      ПАСПОРТЫ


      1. Құрылтайшылар:

      "Технологическая платформа "Текстильная и легкая промышленность" коммерциялық емес әріптестігі (Қазан қаласы, Ресей Федерациясы);

      Жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіру және өткізу жөніндегі Беларусь мемлекеттік концерні (Минск қаласы, Беларусь Республикасы);

      Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы);

      "Легпром" Қырғыз Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы (Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы).

      2. Мақсаты – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) бірлескен басым зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелеріне негізделетін және жоғары технологиялық өнімдер мен қызметтер көрсетудің жаңа нарықтарының пайда болу мүмкіндігін айқындайтын тоқыма және жеңіл өнеркәсіп үшін, сондай-ақ мүше мемлекеттердің тоқыма және жеңіл өнеркәсібінде озық технологиялардың жылдам таралуы үшін ғылыми-техникалық әзірлемелер жасау.

      3. Міндеттері:

      өндірісті техникалық қайта жарақтандыру әрі жаңғырту және серпінді технологияларды енгізу негізінде мүше мемлекеттердің тоқыма және жеңіл өнеркәсібінің өндірістік әлеуетін арттыру, кәсіпорындардың инновациялық қызметін жандандыруды, импорт алмастыруды, мүше мемлекеттердің өнеркәсіп саласының үшінші елдерге технологиялық және тауарлық тәуелділігін төмендетуді қамтамасыз ететін өнімділігі жоғары жаңа өндірістер құру;

      платформа қызметінің бағыттары бойынша бөлінген инновациялық ғылыми-технологиялық кластерлер жүйесін және халықаралық құзырет орталықтарын құру және дамыту;

      мүше мемлекеттер өнеркәсібінің басым салалары үшін тоқыма саласындағы базалық ғылыми-әдістемелік кешендерді, жаңа материалдарды, бұйымдарды бәсекеге қабілетті деңгейде дамыту және қолдау.

      4. Қызметтің негізгі бағыттары:

      халық, медицина, білім беру саласы үшін, күш құрылымдары мен агроөнеркәсіптік кешен ведомстволары, құрылыс, жиһаз және көлік өнеркәсібі үшін ғылымды қажетсінетін өнім жасау және шығару;

      мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсібінде инновациялық, жоғары сапалы өнім алу бөлігінде "серпілістің" негізін салуға қабілетті технологиялар әзірлеу;

      үшінші елдердің технологиялық бастамалар векторларына сәйкес мүше мемлекеттердің тоқыма және жеңіл өнеркәсібін дамыту параметрлерін үндестіру.


      _____________



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады