2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес актілерді және халықаралық шарттарды әзірлеудің жұмыс жоспарының және 2015 жылғы 1 қаңтардағы Беларусь Республикасының Президенті А.Г. Лукашенконың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларына үндеуінде жазылған Беларусь төрағалығының басымдықтарын іске асыру жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның іс-қимылдар жоспарының орындалу барысы туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 2 Өкімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес актілерді және халықаралық шарттарды әзірлеудің жұмыс жоспарының және 2015 жылғы 1 қаңтардағы Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенконың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларына үндеуінде жазылған Беларусь төрағалығының басымдықтарын іске асыру жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның іс-қимылдар жоспарының орындалу барысы туралы ақпараты назарға алына отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия:

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес актілерді және халықаралық шарттарды әзірлеудің жұмыс жоспарының және 2015 жылғы 1 қаңтардағы Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенконың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларына үндеуінде жазылған Беларусь төрағалығының басымдықтарын іске асыру жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның іс-қимылдар жоспары шеңберінде құжаттар әзірлеу жұмысын жалғастырсын;

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында көрсетілген жұмыс жоспары мен іс-қимылдар жоспарының орындалу барысы туралы баяндасын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады