Тауар белгісіне, Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне айрықша құқықты сарқа пайдалану қағидатын қолдану мәселелері туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 6 Өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесе отырып, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық үкіметаралық кеңеске тауар белгісіне, Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне айрықша құқықты сарқа пайдалану қағидатын қолдану ерекшеліктерін белгілеу бойынша өкілеттіктер беру туралы ережені көздейтін өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасын әзірлесін.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желідегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады