Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарларды бақылап отыру тетігін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 8 Өкімі

            Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарларды бақылап отыру тетігін қалыптастыру мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекеттердің кедендік аумағында кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, тауарларды транзиттік алып өту кезінде олардың қозғалысын бақылап отыруды қамтамасыз ету туралы ақпарат назарға алынсын.

      2. Одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері және Еуразиялық экономикалық комиссия 2016 жылғы 1 қазанға дейін Одаққа мүше мемлекеттердің Одақта тауарларды бақылап отыруды қамтамасыз ету тетігін орнату туралы халықаралық шартының жобасын дайындасын.

      Жобаны дайындау кезінде тауарларды бақылап отыру тетігі Одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында сауда айналымындағы тауарлар туралы мәліметтермен ақпараттық алмасуды қамтамасыз ететін тауарларды бақылап отыруды қамтамасыз етудің ұлттық жүйелеріне негізделу тиістілігін негізге алсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2016 жылғы 1 шілдеге дейін аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып, Одаққа мүше мемлекеттерде іске асыру кезеңдерін, ұғымдар аппаратын, жұмыс істеу ерекшелігін қоса алғанда, тауарларды бақылап отыруды қамтамасыз ету тетігін құруға негізгі тәсілдерді, тауарларды бақылап отыру мен ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаттарын, бақылап отыруға жататын тауарлардың санаттарын айқындасын.

      4. Осы Өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады