2015 жылы кедендік әкелу баждарының сомаларын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында есепке жатқызу және бөлу туралы есеп туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 10 Өкімі

            Кедендік әкелу баждарының (өзге баждардың, балама әрекеті бар салықтар мен алымдардың) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) 54-тармағының, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағы 4) тармақшасының негізінде, Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылы кедендік әкелу баждарының сомаларын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында есепке жатқызу және бөлу туралы ақпаратын назарға ала отырып:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кедендік әкелу баждарының (өзге баждардың, балама әрекеті бар салықтар мен алымдардың) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) іске асырылу мониторингін жүзеге асырсын.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады