Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімінің және азық-түліктің экспорттық әлеуетін дамыту саласындағы келісілген әрекеттері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 30 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 94 Шешімімен бекітілген Кеден одағына мүше мемлекеттердің және Бірыңғай эконмоикалық кеңістіктің Келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 11-тармағына сәйкес

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 95-бабы 7-тармағының 10-тармақшасының негізінде,

      ауыл шаруашылығы өнімінің және азық-түліктің экспорттық әлеуетін дамыту, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) өндірілген ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлікті үшінші елдердің нарығына жылжыту үшін ынтымақтастықты дамыту жағдайларын жасау мақсатында,

      ауыл шаруашылығы өнімінің және азық-түліктің әлемдік нарығын дамыту болжамдарын ескере отырып,

      мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап ауыл шаруашылығы өнімінің және азық-түліктің экспортын дамытуға бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру кезінде, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті дамыту перспективаларын ақйнвдау кезінде мыналарды:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланатын және тұрақты негізде өзекті болатын:

      мүше мемлекеттерде және жетекші елдерде – ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлікті экспорттаушыларда қолданылатын ауыл шаруашылығы өнімінің және азық-түліктің экспортын қолдау шаралары мен тетіктері туралы жиынтық шолуды;

      ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін, астықты, өсімдіктен алынатын майларды және қантты импорттаушы негізгі елдердің тізбесі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімінің және азық-түліктің әлемдік нарықтарының конъюнктурасын талдау нәтижесінде айқындалған осы елдердегі осындай тауарлардың импортын реттеудің ерекшеліктерін;

      б) қосымшаға сәйкес мүше мемлекеттер үшін ортақ жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлікті өткізу нарықтарының тізбесін ескеруді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 30 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін ортақ жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлікті өткізу нарықтарының тізбесі*

ЕАЭО СЭҚ ТН тобы Өткізу нарықтары

01 Тірі мал

Қытай, Монғолия, Тәжікстан, Өзбекстан

02 Ет және азық-түлік ет қосалқы өнімдері

Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина

03 Балық және шаян тәріздестер, моллюскалар мен өзге де суда жүзетін омыртқасыздар

Грузия, Дания, Германия, Қытай, Литва, Нидерланд, Польша, АҚШ, Өзбекстан, Украина, Франция, Эстония

04 Сүтөнімі; құстың жұмыртқасы; табиғи бал; жануарлардан алынатын тамақ өнімдері, басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген

Грузия, Қытай, Молдова, БАӘ, Тәжікстан, Түрікмения, Украина

05 Жануарлардан алынатын тамақ өнімдері, басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген

Вьетнам, Қытай, Корея Республикасы

07 Көкөністер және кейбір азық болатын тамыр жемістер және түйнек жемістілер

Ауғаныстан, Германия, Грузия, Литва, Индия, Иран, Молдова, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан, Украина

08 Азық болатын жемістер мен жаңғақтар; цитрусты жемістердің қабығы немесе қауынның қабықтары

Германия, Ирак, Қытай, Литва, Монғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Эстония

09 Кофе, шай, мате немесе парагвай шайы және дәмдеуіштер

Германия, Грузия, Қытай, Монғолия, Тәжікстан

10 Астық тұқымдастар

Германия, Грузия, Иран, Италия, Латвия, Литва, Норвегия, БАӘ, Польша, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан

11 Ұнтарту-жарм өнеркәсібінің өнімдері; уыт; крахмалдар; инулин; бидай балауызы

Ауғаныстан, Грузия, Қытай, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан

12 Майлы тұқымдар мен жемістер; өзге де тұқымдар, жемістер мен астық; техникалық мақсаттарға арналған дәрілік өсімдіктер мен өсімдіктер; уыт және жемшөп

Австрия, Ауғаныстан, Бельгия, Германия, Грузия, Иран, Қытай, Латвия, Монғолия, Нидерланд, Польша, Корея Республикасы, Өзбекстан

15 Жануарлардан және өсімдіктерден алынатын тоңмайлар мен майлар және олардың ыдырау өнімдері; дайын тамақ тоңмайлары; жануарлардан жән еөсімдіктерден алынатын балауыздар

Ауғаныстан, Германия, Қытай, Литва, Норвегия, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина

16 Еттен, балықтан немесе шаян тәріздестерден, моллюскілерден немесе өзге де суда жүзетін омыртқасыздардандайындалатын дайын өнімдер

Грузия, Қытай, Молдова, Тәжікстан, Түрікмения, Украина

17 Қант және қанттан жасалған кондитерлік бұйымдар

Германия, Грузия, Қытай, Литва, Монғолия, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан, Украина

18 Какао және одан жасалатын өнімдер

Германия, Грузия, Қытай, Монғолия, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан, Украина

19 Астық дәнінен, ұннан, крахмалдан немесе сүттен жасалған дайын өнімдер; ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар

Германия, Грузия, Қытай, Молдова, Монғолия, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан, Украина

20 Көкөністерді, жемістерді, жаңғақтарды немесе өсімдіктердің өзге де бөліктерін қайта өңдеу өнімдері

Қытай, Монғолия, АҚШ, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан, Украина

21 Әртүрлі тамақ өнімдері

Германия, Грузия, Қытай, Латвия, Молдова, Монғолия, БАӘ, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан

22 Алкогольдік және алкогольсіз сусындар мен сірке суы

Германия, Грузия, Қытай, Латвия, Литва, Молдова, Монғолия, БАӘ, АҚШ, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия

23 Тамақ өнеркәсібініңқалдықтары мен қоқыстары; жануарларға арналған дайын азық

Германия, Грузия, Дания, Иран, Қытай, Латвия, Монғолия, Норвегия, Польша, Тәжікстан, Өзбекстан, Швеция

24 Темекі және темекінің өнеркәсіптік алмастырғыштары

Грузия, Ирак, Монғолия, Сирия, Түрікмения, Украина

      * Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлардың сыртқы саудасының 2014 – 2015 жылдарға арналған кедендік статистикасының деректері бойынша.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады