Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесін тағайындау туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 5 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 41-тармағының үшінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 55-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жаңа мүшесін тағайындау туралы ұсынысы негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Нұрлан Шәдібекұлы Алдабергеновті тағайындау кезінде айқындалған өкілеттіктердің қалған мерзіміне Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі болып Марат Әпсеметұлы Құсайынов тағайындалсын.

      2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және оның мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы" 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 37 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамына Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Марат Әпсеметұлы Құсайынов енгізіліп, дербес құрамнан Нұрлан Шәдібекұлы Алдабергенов шығарылсын.


      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
      Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады