Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну саласындағы ынтымақтастығы туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2017 жылғы 11 қазандағы № 4 Өкімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабы 2-тармағының 1-тармақшасын іске асыру мақсатында:

      1. Мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссияның үйлестірушілік рөлімен "Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар – жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің өнімдері" Еуразиялық технологиялық платформасы базасында "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі интеграцияланған жүйесі" мемлекетаралық бағдарламасы бойынша ұсыныстар дайындасын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия осы Өкіммен көзделген мемлекетаралық бағдарлама бойынша ұсыныстарды 2018 жылғы 1 қарашаға дейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынсын.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады