Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 47 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін мүше мемлекеттердің азаматтары болып табылатын кәсіби спортшыларды ұлттық еңбек нарығын қорғау жөніндегі шектеулерді ескермей еңбек қызметін жүзеге асыруға тарту бөлігінде орындау мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мүше мемлекеттерге 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 97-бабының 2-тармағын басқа мүше мемлекеттердің азаматтары болып табылатын кәсіби спортшылардың еңбек қызметін жұмысқа орналасу мемлекетінің дене шынықтыру-спорт ұйымдарында (дене тәрбиесі және спорт ұйымдарында) жүзеге асыруына қатысты орындау қажеттігі туралы хабарлансын.

      2. Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны басқа мүше мемлекеттердің азаматтары болып табылатын кәсіби спортшыларға қатысты мүше мемлекеттердің заңнамасы деңгейінде белгіленген, сол сияқты мүше мемлекеттердің дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (дене тәрбиесі және спорт ұйымдарының) актілері деңгейінде белгіленген шектеулерді жоюға бағытталған қабылданған шаралар туралы хабардар етуі сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады