Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 008/2011) өзгерістерді күшіне енгізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 16 мамырдағы № 55 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабы 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналар:

      а) оған қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 12 шешімімен өзгерістер енгізілген өнімнің Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 798 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентімен (КО ТР 008/2011) белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 12 шешімі күшіне енген күнге дейін берілген құжаттар олардың әрекет ету мерзімдері аяқталғанға дейін қолданылады;

      б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіруге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналымға шығаруға мұндай құжаттардың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін рұқсат беріледі;

      в) техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын, осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың әрекет ету кезеңінде айналымға шығарылған өнімнің айналымына осы өнімнің қызмет етуі мерзімі немесе жарамдылық мерзімі ішінде рұқсат беріледі деп белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 12 шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады