Құрамында кемінде 45 мас.% қорғасын бар кендерге және қорғасын концентраттарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажы ставкасын белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 66 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 1 қосымша) 16 және 18-тармақтарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 2607 00 000 1 кодымен жіктелетін құрамында кемінде 45 мас. % қорғасын бар кендерге және қорғасын концентратына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 2017 жылғы 25 мамыр – 2019 жылғы 24 мамырды қоса алғандағы аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 2607 00 000 1 кодындағы позиция төртінші графада "43С)" ескертуіне сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 43С ескертумен толықтырылсын:

      "43С) Кедендік әкелу бажының кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі ставкасы 25.05.2017 – 24.05.2019 қоса алғандағы аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 2 қыркүйектен кейін күшіне енеді және 2017 жылғы 25 мамырдан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады