Кеден одағының "Шағын өлшемді кемелердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 026/2012) талаптарына жауап беретін шағын өлшемді кемелерді сыныптау туралы куәліктердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 70 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 9 қосымша) 5-тармағының тоғызыншы абзацына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының "Шағын өлшемді кемелердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 026/2012) талаптарына жауап беретін шағын өлшемді кемелерді сыныптау туралы куәліктердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 90 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 70 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Кеден одағының "Шағын өлшемді кемелердің қауіпсіздігі туралы" техникалық
регламентінің (КО ТР 026/2012) талаптарына жауап беретін шағын өлшемді кемелерді
сыныптау туралы куәліктердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу
ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 9 қосымша) 5-тармағына сәйкес әзірленді және Кеден одағының "Шағын өлшемді кемелердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 026/2012) талаптарына жауап беретін шағын өлшемді кемелерді сыныптау туралы куәліктердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу (бұдан әрі тиісінше – бірыңғай тізілім, куәлік, техникалық регламент), бірыңғай тізілімде қамтылған берілген куәліктер туралы, олардың әрекетін тоқтата тұру, жаңғырту немесе тоқтату туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын белгілейді.

      2. Бірыңғай тізілім қалыптастырылуы мен жүргізілуі Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі тиісінше – уәкілетті органдар, мүше мемлекеттер, Комиссия) ақпараттық өзара іс-қимылы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарын пайдалана отырып электронды түрде жүзеге асырылатын жалпы ақпараттық ресурсты ұсынады.

      3. Бірыңғай тізілімге техникалық регламенттің талаптарына жауап беретін шағын өлшемді кемелерді Одақтың кедендік аумағына айналымға шығару кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 23 шешімімен бекітілген нысан бойынша берілген куәліктер туралы мәліметтер енгізіледі.

      4. Бірыңғай тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді Комиссия осы Тәртіптің 10-тармағында көрсетілген бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлімдерінің және уәкілетті органдардың Комиссияға электронды түрде ұсынған мәліметтері негізінде жүзеге асырады.

      5. Уәкілетті органдардың куәліктер туралы мәліметтерді Комиссияға тапсыруы осы мәліметтер бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлімдеріне енгізілген немесе осы мәліметтер өзгертілген кезде автоматты түрде жүзеге асырылады.

      6. Бірыңғай тізілімді қалыптастыру, жүргізу және пайдалану процесінде уәкілетті органдар арасындағы, сондай-ақ уәкілетті органдар мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл Одақ шеңберінде сәйкес жалпы процесті интеграцияланған жүйенің құралдарымен іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

      7. Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлімдерін қалыптастыруды және жүргізуді уәкілетті органдар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      8. Бірыңғай тізілімді қалыптастыру және жүргізу Комиссияның уәкілетті органдардан куәліктер, куәліктердің әрекет етуін тоқтата тұру, жаңғырту немесе тоқтату, осы мәліметтерді бірыңғай тізілімге енгізу, сондай-ақ олардың Одақтың ақпараттық порталына автоматты режимде жариялау туралы мәліметтерді алуын қамтиды.

      9. Бір мүше мемлекеттің бірыңғай тізілімі ұлттық бөлімінің мәліметтері басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуы бойынша интеграцияланған жүйенің құралдарын пайдалана отырып ұсынылады.

      10. Куәлік туралы мәліметтер бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне мынадай ақпаратты қамтитын электрондық жазба түрінде енгізіледі:

      а) куәліктің тіркеу нөмірі;

      б) куәліктің әрекет ету мерзімі;

      в) куәліктің әрекет ету статусы (әрекет етеді, әрекетін тоқтата тұрды, әрекеті тоқтатылды);

      г) куәліктің әрекет етуін тоқтату тұрған, жаңғыртылған немесе тоқтатылған күні мен себептері (куәліктің әрекет етуі тоқтата тұрған, жаңғыртылған немесе тоқтаған жағдайда);

      д) өтініш берушінің толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) мен қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – заңды тұлға үшін немесе тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері мен қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін, сондай-ақ заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес берілген өтініш иесінің тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы;

      е) әзірлеушінің (құрастырушының) толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді әзірлеу (құрастыру) бойынша қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – заңды тұлға және оның өнімді әзірлейтін филиалдары үшін немесе тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты орны және өнімді әзірлеу (құрастыру) бойынша қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін;

      ж) куәлікті берген уәкілетті органның толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), сондай-ақ қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, уәкілетті орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы;

      з) шағын өлшемді кеме туралы мәліметтер, соның ішінде:

      өнімнің атауы;

      шағын өлшемді кеменің санаты;

      шағын өлшемді кемені сәйкестендіруді қамтамасыз ететін мәліметтер (марка, модель, шағын өлшемді кемені құрастырушыны есепке алу жүйесі бойынша сәйкестендіру нөмірі, кеменің типі, кеменің тағайындалуы, жүзу ауданының күрделілігі санаты, корпустың ең үлкен ұзындығы, корпустың ең үлкен ені, борттың биіктігі, корпус материалы, шөгуі, жиынтықталған кеменің массасы, жалпы сыйымдылығы, негізгі механизмдері: типі, қуаттылығы, мачт саны, желкендер алаңы және т.б.);

      оған сәйкес шағын өлшемді кеме әзірленген (құрастырылған) құжаттың (құжаттардың) атауы мен белгісі (мемлекетаралық және ұлттық стандарттар, ұйымдардың стандарттары, ілеспе құжаттама, жеткізу шарттары, келісімшарттар, маманданымдар, таңбалау кестелерінің жазбалары, техникалық талаптар (бар болған жағдайда), пайдалану құжаттары және өтініш иесі ұсынған басқа да құжаттар);

      и) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес өнімнің коды (кодтары);

      к) техникалық регламенттің атауы;

      л) шағын өлшемді кеменің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестілігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (техникалық құжаттамаға қорытынды, шағын өлшемді кеменің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестілігін тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар және (немесе) өтініш беруші шағын өлшемді кеменің техникалық регламент талаптарына сәйкестілігінің дәлелі ретінде тапсырған өзге де құжаттар);

      м) куәлікке қосымша (қосымшалар) туралы мәліметтер (қосымша бланкасының типографялық нөмірі, қосымшадағы беттер саны), сондай-ақ қосымшада қамтылған ақпарат (қосымшалар бар болған жағдайда).

      11. Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлімдерінде қамтылған мәліметтерді мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша ұсынуды уәкілетті органдар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      12. Бірыңғай тізілімде қамтылған мәліметтер ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады