Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2017 жылға және 2018-2020 жылдар аралығындағы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын әзірлеу үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалды сандық мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 18 шілдедегі № 87 шешімі

      Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша) 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2017 жылға және 2018-2020 жылдар аралығындағы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын әзірлеу үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалды сандық мәндері бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 шілдедегі "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2016 жылға және 2017-2019 жылдар аралығындағы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын әзірлеу үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалды сандық мәндерін бекіту туралы" № 85 шешімінің 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
К. Минасян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 18 шілдедегі
№ 87 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2017 жылға және 2018-2020
жылдар аралығындағы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми
болжамдарын әзірлеу үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалды
сандық мәндері


Өлшем бірлігі

Болжам

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

1. Әлемдік экономиканың даму қарқыны болжамдарының интервалды сандық мәндері (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша есептеу)

өткен жылға пайызбен

3,1 – 3,5

2,9 – 3,8

2,9 – 3,9

2,8 – 4,0







2. Brent маркалы мұнай бағасы болжамдарының интервалды сандық мәндері

барреліне АҚШ долларымен

47,1– 57,0

42,8 – 61,0

43,6 – 63,0

44,4 – 65,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады