Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ыстықтай жатықталған болат бұрыштарға қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 3 қазандағы № 133 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 107-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті баяндамасының негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Украинада шығарылатын, Еуразиялық экономикалық одақ аумағына әкелінетін ЕАЭО СЭҚ ТН 7216 21 000 0, 7216 40 100 0, 7216 50 100 0, 7216 50 990 0, 7228 70 100 0 кодтарымен сыныпталатын көміртекті, аз қоспаланған және қоспаланған (коррозияға берігін қоспағанда) болаттан жасалған, сөресінің ені 20-дан қоса алғанда 200 мм дейінгі ыстықтай жатықталған теңсөрелі болат бұрыштарға қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін 4 жыл 8 ай деп белгілей отырып, қосымшаға сәйкес мөлшерлерде демпингке қарсы шара қолданылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік органдары:

      ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын да, тауардың атауын да басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 53 шешімімен белгіленген алдын ала демпингке қарсы баждың төленген (алынған) сомасын демпингке қарсы бажға есепке жатқызуды жүзеге асыруды және Еуразиялық экономикалық одақтың олар төленген (алынған) мүше мемлекетінің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 қазаннан кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 3 қазандағы
№133 шешіміне
ҚОСЫМША

Демпингке қарсы баж СТАВКАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРЛЕРІ

Тауардың атауы

Өндіруші

Демпингке қарсы
баж ставкасының (кедендік құннан пайыздық) мөлшері




Көміртекті, аз қоспаланған және қоспаланған (коррозияға берігін қоспағанда) болаттан жасалған, сөресінің ені 20-дан қоса алғанда 200 мм дейінгі ыстықтай жатықталған теңсөрелі болат бұрыштар

"Енакиев металлургия зауыты" жеке меншік акционерлік қоғамы (Украина, 87504, Донецк облысы, Мариуполь қ., Ильич даңғылы., 54, 4-блок)

"Азовсталь" металлургия комбинаты" жеке меншік акционерлік қоғамы (Украина, 87500, Донецк облысы, Мариуполь қ., Лепорский көшесі., 1)

37,89
 
 
 
37,89
 

 
өзгелері

37,89

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады