Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 53 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 144 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою тәртібінің 50-тармағының бірінші абзацын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы "Кеден одағының "Темекі өніміне арналған техникалық регламент" техникалық регламентінің (КО ТР 035/2014) өтпелі ережелері туралы" № 53 шешімінің 1-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) "а" тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған, Армения Республикасының заңнамасымен белгіленген өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар Армения Республикасының аумағында айналымға шығарылатын өнімдер үшін олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2018 жылғы 15 шілдеден кешіктірілмегенше жарамды болады.";

      б) "б" тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған, өнімнің көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар бар болған кезде өнімді Армения Республикасының заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкес 2018 жылғы 15 шілдеге дейін Армения Республикасының аумағында өндіруге және айналымға шығаруға жол беріледі.".

      2. Армения Республикасының Үкіметі осы Шешім күшіне енген күнінен бастап уәкілетті органдардың Армения Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айналымға шығарылған өнімді бақылауын (қадағалауын) қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2017 жылғы 15 қарашадан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады