Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және магнетрондардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының және Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 21 қарашадағы № 158 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасынан қосалқы позиция алып тасталсын;

      б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар енгізілсін;

      в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 50С ескертпемен толықтырылсын:

      "50С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 21 қарашадағы № 158 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.12.2019 дейінгі аралықта қолданылады".

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 36 шешімімен бекітілген 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын жекелеген тауарлардың және осындай ставкалар мөлшерінің тізбесіндегі ЕАЭО СЭҚ ТН 8540 71 000 0 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"8540 71 000 1

---

2,44 ГГц кем емес, бірақ 2,47 ГГц аспайтын жұмыс жиілігімен және 600 Вт кем емес, бірақ 1 кВт аспайтын шығыс қуатымен


6,7 5,0 3,3 1,7 0 0 0 0 0 0

8540 71 000 9

---

өзгелері


6,7 5,0 3,3 1,7 0 0 0 0 0 0"

      3. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 815 шешімімен бекітілген Уақытша әкету кедендік рәсіміне орналастыру кезінде Кеден одағы Кеден кодексінің 196-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің ережелері қолданылатын тауарлардың тізбесіндегі ЕАЭО СЭҚ ТН "8540 71 000 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8540 71 000 1; 8540 71 000 9" кодтарымен ауыстырылсын.

      4. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде тарифтік преференциялар ұсынылатын, дамушы елдерден немесе неғұрлым аз дамыған елдерден шығарылатын тауарлар тізбесінің ІІ бөліміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 21 қарашадағы
№158 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын
ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ

СЭҚ ТН
коды

Позицияның атауы

Қос. өлшем бірлігі




8540 71 000 0

-- магнетрондар

дана

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 21 қарашадағы
№158 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін
ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН
коды

Позицияның атауы

Қос. өлшем бірлігі

8540 71 000

---

магнетрондар






8540 71 000 1

---

2,44 ГГц кем емес, бірақ 2,47 ГГц аспайтын жұмыс жиілігімен және 600 Вт кем емес, бірақ 1 кВт аспайтын шығыс қуатымен

дана





8540 71 000 9

---

өзгелері

дана

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 21 қарашадағы
№158 шешіміне
  № 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу баждарының
СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТН
коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы
(кедендік құннан пайызбен не евромен, не АҚШ долларымен)

8540 71 000 1
 

-------

2,44 ГГц кем емес, бірақ 2,47 ГГц аспайтын жұмыс жиілігімен және 600 Вт кем емес, бірақ 1 кВт аспайтын шығыс қуатымен

850С)





8540 71 000 9

-------

өзгелері

8

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады