Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы мүмкін сәйкестікті растау туралы құжаттар туралы мәліметтердің құрамын және осындай мәліметтерді алу тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 168 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 80-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. "Сыртқы және өзара сауданы реттеу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары ресімдейтін, соның ішінде кедендік операциялар жасау кезінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсаттары үшін ұсынылатын құжаттардың деректер базасын пайдалану" жалпы процесінің шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының көрсетілген жалпы процесті қолданысқа енгізу көзделетін өкімі күшіне енгеннен кейін берілген сәйкестік сертификаттары мен Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарына өнімнің сәйкестігі туралы тіркелген декларациялар, бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларация беріле отырып берілген сәйкестік сертификаттары мен сәйкестікті міндетті растауға жататын өнімдердің бірыңғай тізбесіне енгізілген өнімге сәйкестігі туралы тіркелген декларациялар туралы мәліметтерді ала алады деп белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы мүмкін сәйкестікті растау туралы құжаттар туралы мәліметтердің құрамы және осындай мәліметтерді алу тәртібі бекітілсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 5 желтоқсандағы
№168 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы
мүмкін сәйкестікті растау туралы құжаттар туралы мәліметтердің құрамы және
осындай мәліметтерді алу тәртібі

І. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы
мүмкін мәліметтердің құрамы

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарына өнімнің сәйкестігі туралы берілген сертификаттар (бұдан әрі тиісінше – техникалық регламенттер, сәйкестік сертификаты) немесе бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаттары беріле отырып сәйкестікті міндетті растауға жататын өнімдердің бірыңғай тізбесіне (бұдан әрі тиісінше – бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаты, бірыңғай тізбе) енгізілген өнімнің сәйкестік сертификаттары туралы мәліметтер:

      а) сәйкестік сертификатының немесе бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі және тіркелген күні, қолданылу мерзімі (бар болған жағдайда), сәйкестік сертификаты ресімделген бланкінің баспаханалық нөмірі немесе бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаты ресімделген бланкінің есептік (жеке) нөмірі (бар болған жағдайда);

      б) өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін өтініш берушінің тіркеу немесе есептік (жеке, сәйкестендіру) нөмірі, телефон нөмірі және электрондық поштасының мекенжайы (бар болған жағдайда);

      в) дайындаушының атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнім дайындау жөніндегі қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда);

      г) сәйкестік сертификатын немесе бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификатын берген сертификаттау жөніндегі органның атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), телефон нөмірі және электрондық поштасының мекенжайы (бар болған жағдайда), сертификаттау жөніндегі органның аккредиттеу аттестатының (бар болған жағдайда) тіркеу нөмірі және тіркелген күні, аккредиттеу аттестатын берген аккредиттеу жөніндегі органның атауы (бар болған жағдайда);

      д) сертификаттау жөніндегі орган басшысының (уәкілетті адамның) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (аты-жөні және тегі);

      е) сертификаттау жөніндегі орган сарапшысының (аудитор-сарапшының) (сарапшылардың (аудитор-сарапшылардың)) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (аты-жөні және тегі);

      ж) мыналарды:

      өнімнің атауын және таңбалануын (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда) және (немесе) өнімді дайындаушы берген өзге де шартты таңбалануын (бар болған жағдайда);

      өнімнің атауын (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда) (бар болған жағдайда);

      өнімді сәйкестендіруді қамтамасыз ететін ол туралы өзге де мәліметтерді (бар болған жағдайда);

      өнім оған сәйкес дайындалған құжаттың (құжаттардың) таңбалануын және атауын (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарттар және өзге де құжат) (бар болған жағдайда) немесе өнім оларға сәйкес дайындалған нормативтік құқықтық актілердің және (немесе) техникалық нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың (бар болған жағдайда) таңбалануын және атауын;

      сертификаттау объектісінің атауын (сериялық шығарылуы, партия немесе дара бұйым) қоса алғанда, өнім туралы мәліметтер;

      з) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес өнімнің коды (кодтары);

      и) талаптарына сәйкестігіне сертификаттау жүргізілген техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) атауы және таңбалануы немесе талаптарына сәйкестігіне сертификаттау жүргізілген және бірыңғай тізбеде көзделген нормативтік құжаттардың бөлімдері (тармақтары, тармақшалары) көрсетіліп таңбалануы;

      к) техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына өнімнің сәйкестігін растайтын және солардың негізінде сәйкестік сертификаты берілетін құжаттар туралы мәліметтер немесе солардың негізінде бірыңғай нысан бойынша сертификат берілетін құжаттардың таңбалануы (атауы);

      л) сәйкестік сертификатының немесе бірыңғай нысан бойынша сертификаттың қолданылу мәртебесі, сәйкестік сертификатының немесе бірыңғай нысан бойынша сертификаттың қолданысын тоқтата тұрудың, қалпына келтірудің немесе тоқтатудың негізі (сәйкестік сертификатының немесе бірыңғай нысан бойынша сертификаттың қолданысы тоқтатыла тұрған, қалпына келтірілген немесе тоқтатылған жағдайда);

      м) сәйкестік сертификатына немесе бірыңғай нысан бойынша сертификатқа қосымша (қосымшалар) туралы мәліметтер (қосымшаның бланкісінің (бар болған жағдайда) баспаханалық (есептік) нөмірі, қосымшадағы парақтар саны), қосымшада қамтылатын ақпарат (қосымша бар болған жағдайда).

      2. Өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі туралы тіркелген декларациялар (бұдан әрі – сәйкестік туралы декларация) немесе бірыңғай тізбеге енгізілген өнімнің сәйкестігі туралы декларациялар (бұдан әрі – бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларация) туралы мәліметтер:

      а) сәйкестік туралы декларацияның немесе бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның тіркеу нөмірі және тіркелген күні, қолданылу мерзімі (бар болған жағдайда);

      б) өтініш берушінің (декларанттың) атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін өтініш берушінің тіркеу немесе есептік (жеке, сәйкестендіру) нөмірі, телефон нөмірі және электрондық поштасының мекенжайы (бар болған жағдайда);

      г) сәйкестік туралы декларацияны немесе бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияны тіркеген сертификаттау жөніндегі органның атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), телефон нөмірі және электрондық поштасының мекенжайы (бар болған жағдайда), сертификаттау жөніндегі органның аккредиттеу аттестатының (бар болған жағдайда) тіркеу нөмірі және тіркелген күні, аккредиттеу аттестатын берген аккредиттеу жөніндегі органның атауы (бар болған жағдайда), не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) сәйкестік туралы декларацияны тіркеген уәкілетті органының толық атауы, оның орналасқан жері, сондай-ақ телефон нөмірі және электрондық поштасының мекенжайы (бар болған жағдайда);

      д) мыналарды:

      өнімнің атауын және таңбалануын (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда) және (немесе) өнімді дайындаушы берген өзге де шартты таңбалануын (бар болған жағдайда);

      өнімнің атауын (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда) (бар болған жағдайда);

      өнімді сәйкестендіруді қамтамасыз ететін ол туралы өзге де мәліметтерді (бар болған жағдайда);

      өнім оған сәйкес дайындалған құжаттың (құжаттардың) таңбалануын және атауын (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарттар және өзге де құжат) (бар болған жағдайда) немесе өнім оларға сәйкес дайындалған нормативтік құқықтық актілердің және (немесе) техникалық нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың (бар болған жағдайда) таңбалануын және атауын;

      декларациялау объектісінің атауын (сериялық шығарылуы, партия немесе дара бұйым) қоса алғанда, өнім туралы мәліметтер;

      е) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес өнімнің коды (кодтары);

      ж) талаптарына сәйкестігіне декларациялау жүргізілген техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) атауы және таңбалануы немесе талаптарына сәйкестігі бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларациямен расталатын және бірыңғай тізбеде көзделген нормативтік құжаттардың (нормативтік құжаттардың бөлімдері (тармақтары, тармақшалары) көрсетіле отырып) таңбалануы;

      з) техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына өнімнің сәйкестігін растайтын және солардың негізінде сәйкестік туралы декларация қабылданатын құжаттар туралы мәліметтер немесе солардың негізінде бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларация қабылданатын құжаттардың таңбалануы (атауы);

      и) сәйкестік туралы декларацияның немесе бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның қолданылу мәртебесі, сәйкестік туралы декларацияның немесе бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның қолданысын тоқтата тұрудың, қалпына келтірудің немесе тоқтатудың негізі (сәйкестік туралы декларацияның немесе бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның қолданысы тоқтатыла тұрған, қалпына келтірілген немесе тоқтатылған жағдайда);

      к) сәйкестік туралы декларацияға немесе бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияға қосымша (қосымшалар) туралы мәліметтер (қосымшадағы парақтар саны), қосымшада қамтылған ақпарат (қосымша бар болған жағдайда).

ІІ. Мәліметтер алу тәртібі

      1. Мүше мемлекеттердің кеден органдарының осы құжаттың І бөлімінде көрсетілген мәліметтерді алуы "Сыртқы және өзара сауданы реттеу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары ресімдейтін, соның ішінде кедендік операциялар жасау кезінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсаттары үшін ұсынылатын құжаттардың деректер базасын пайдалану" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру шеңберінде сұрау салу бойынша жүзеге асырылады. Сұрау салу мынадай мәліметтерді:

      а) мүше мемлекеттің сұрау салатын кеден органының атауын;

      б) сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация, бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаты немесе бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларация тіркелген мүше мемлекеттің әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес кодын және қысқаша атауын (қажет болған жағдайда);

      в) кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес мәліметтер сұратылатын құжат түрінің кодын;

      г) сәйкестік сертификатының, сәйкестік туралы декларацияның, бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификатының немесе бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның тіркеу нөмірін және тіркелген күнін қамтуға тиіс

      2. Сұрау салуды жіберу және мәліметтер алу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштар, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген анықтамалықтар мен сыныптауыштар қолданылады.

      3. Құжат туралы мәліметтер болмаған жағдайда мүше мемлекеттің кеден органына тиісті мәліметтердің жоқтығы туралы ақпарат ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады