Мүше мемлекеттердің заңнамасында жасағаны үшін жауаптылыққа тарту уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты көздейтін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкімшілік және қылмыстық заңнамасы баптарының жалпы тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 181 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 433-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Мүше мемлекеттердің заңнамасында жасағаны үшін жауаптылыққа тарту уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты көздейтін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкімшілік және қылмыстық заңнамасы баптарының жалпы тізбесін қалыптастыру және жүргізу тәртібі бекітілсін.

      2. Мүше мемлекеттердің заңнамасында жасағаны үшін жауаптылыққа тарту уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты көздейтін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкімшілік және қылмыстық заңнамасы баптарының жалпы тізбесінен алынған ақпарат уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енуге үміткер заңды тұлғаның көрсетілген тізілімге ену шарттарын сақтауын тексеру кезінде пайдаланылады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 19 желтоқсандағы
№181 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Мүше мемлекеттердің заңнамасында жасағаны үшін жауаптылыққа тарту уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты көздейтін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкімшілік және қылмыстық заңнамасы баптарының жалпы тізбесін қалыптастыру және жүргізу ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) Кеден кодексінің 433-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасында жасағаны үшін жауаптылыққа тарту уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты көздейтін мүше мемлекеттердің әкімшілік және қылмыстық заңнамасы баптарының жалпы тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастыру және жүргізу қағидаларын айқындайды.

      2. Тізбені қалыптастыру және жүргізу мүше мемлекеттердің кеден органдары Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) ұсынатын әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты көздейтін мүше мемлекеттердің әкімшілік және қылмыстық заңнамасының баптары туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) алуды, сақтауды, жүйелеуді және өзекті етуді қамтиды және оны Комиссия жүзеге асырады.

      3. Тізбе қосымшаға сәйкес нысанда жасалады және Одақтың ресми сайтына орналастырылады.

      4. Ақпаратты мүше мемлекеттердің кеден органдары мүше мемлекеттердің тиісті актілеріне енгізілетін өзгерістер, егер бұл өзгерістер тізбеге енгізілген ақпаратты қозғаса, ресми жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның электрондық поштасының cis@eecommission.org мекенжайына *.xlsx форматында Комиссияға жібереді.

      5. Комиссия келіп түскен ақпараттың негізінде осындай ақпарат алынған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей Одақтың ресми сайтындағы тізбені жаңартуды қамтамасыз етеді.

  Мүше мемлекеттердің
заңнамасында жасағаны үшін
жауаптылыққа тарту уәкілетті
экономикалық операторлардың
тізіліміне енгізуден бас тарту
үшін негіз ретінде айқындалған
әкімшілік құқық бұзушылықтар
мен қылмыстар немесе
қылмыстық құқық
бұзушылықтар үшін әкімшілік
және қылмыстық жауаптылықты
көздейтін Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің әкімшілік және
қылмыстық заңнамасы
баптарының жалпы тізбесін
қалыптастыру және жүргізу
тәртібіне
ҚОСЫМША (нысан)

Мүше мемлекеттердің заңнамасында жасағаны үшін жауаптылыққа тарту уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты көздейтін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкімшілік және қылмыстық заңнамасы баптарының ЖАЛПЫ ТІЗБЕСІ

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің атауы

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актісі

атауы, қабылданған күні және нөмірі (бар болған жағдайда) (өзгерістер енгізілген соңғы күнгі жағдай бойынша өзгерістерімен)

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында жасағаны үшін жауаптылыққа тарту уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыс немесе қылмыстық құқық бұзушылық

баптың нөмірі және атауы (бар болған жағдайда)

баптың құрамдары және санкциялары

субъект (жеке және (немесе) заңды тұлға)

1

2

3

4

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады