Үндістанда шығатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданысын ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 183 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы "Үндістанда шығатын және Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шаралар қолдану туралы" № 288 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шара қоса алғанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі аралықта алдын ала демпингке қарсы баж алу үшін белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 288 шешімімен белгіленген ставкалар бойынша демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2018 жылғы 26 қаңтардан кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады