Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 3 шілдедегі № 73 өкімі.

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 42 өкімімен бекітілген Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) Консультативтік комитеттің құрамына мына адамдар енгізілсін:

 
Беларусь Республикасынан

Зюзенков
Юрий Михайлович

Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжау бас басқармасының бастығы

Қазақстан Республикасынан

Асаутаев
Бақтияр Берікұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары

Жүнісова
Дана Бейсенқызы

Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі

Қыстаубаев
Руслан Серікбайұлы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің талдау және статистика басқармасының басшысы

Оспанова
Диана Дулатқызы

Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Экономикалық интеграция департаментінің сарапшысы

Ресей Федерациясынан

Камушкина
Лилия Ивановна
 

Ресей Федерациясы
Қаржы министрлігі Бюджеттік әдіснама және мемлекеттік сектордағы қаржылық есептілік департаменті директорының орынбасары
 

      б) Консультативтік комитеттің мына мүшелерінің жаңа лауазымдары көрсетілсін:

 
Сабельникова
Марина Анатольевна

 

 
Федералдық мемлекеттік статистика қызметі басшысының орынбасары
 
 

Сивец
Светлана Викторовна

Ресей Федерациясы
Қаржы министрлігі Бюджеттік әдіснама және мемлекеттік сектордағы қаржылық есептілік департаменті директорының орынбасары;

      в) Консультативтік комитет құрамынан Р.П.Бродов, А.М.Кәрімов, Э.М.Мамлин, А.А.Сейфулина  және А.Л.Кевеш шығарылсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы Т.Саркисян




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады