Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің құрамын бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 109 өкімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 3 қарашадағы № 143 шешімімен бекітілген Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитет туралы ереженің 7-тармағына сәйкес:

      1. Қоса беріліп отырған Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің құрамы бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитет туралы" 2012 жылғы 25 қыркүйектегі №172 шешімінің 2 және 3-тармақтарының;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің құрамын бекіту және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 172 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 12 қарашадағы № 257 шешімінің;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 13 мамырдағы № 58 шешімінің;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 24 ақпандағы № 11 өкімінің;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 20 қазандағы № 119 өкімінің;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян


  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 29 тамыздағы
№ 109 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің ҚҰРАМЫ

Армения Республикасынан




Азизян
Армен Феликсович
 


 
 
 

Армения Республикасы Экономикалық даму және инвестициялар министрлігі Зияткерлік меншік агенттігінің басшысы
 

Мелконян
Гарегин Мкртычевич

Армения Республикасы Экономикалық даму және инвестициялар министрінің бірінші орынбасары
 

Хачикян
Андраник Суренович

Армения Республикасы Экономикалық даму және инвестициялар министрлігінің Зияткерлік меншік агенттігі бастығының кеңесшісі

Беларусь Республикасынан




Балабуев
Валерий Юрьевич

Беларусь Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық милицияның экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бас басқармасының бірінші басқармасы бастығының орынбасары
 

Бровкин
Петр Николаевич

Зияткерлік меншік ұлттық орталығының бас директоры
 

Сильченко
Анатолий Анатольевич

Беларусь Республикасы Ғылым және технологиялар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары
 

Таипов
Альберт Гайнанович


"БелБренд" зияткерлік меншікті қорғау қауымдастығының төрағасы
 

Чеботарь
Юрий Адамович

Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары
 

Шашков
Андрей Борисович

Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын бақылауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы
 

Қазақстан Республикасынан




Әбдірахманов
Ержан Фариденұлы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаменті кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының басшысы
 

Әбдуәлиева
Меруерт Құлмұратқызы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры
 

Азимова
Эльвира Әбілқасымқызы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
 

Бейсенов
Марат Жұмажанұлы
 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаменті директоры

Исабеков
Нұрлыбек Сүлейменұлы
 

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы экономикалық интеграция департаментінің сарапшысы
 

Кабираева
Айнұр Асқарқызы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Экономикалық интеграция департаменті мониторинг және талдау басқармасының басшысы
 

Қазиева
Әсемгүл Амандыққызы
 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты Тауар белгісіне халықаралық өтінімдерді сараптау басқармасының бастығы
 

Кәрімова
Эльвира Шағатайқызы

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кедендік әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары
 

Құразов
Анархан Төретайұлы

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ресей Федерациясындағы Өкілдігінің директоры
 

Мәдиев
Сағат Кентайұлы
 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық полиция департаменті бастығының орынбасары
 

Мамашева
Дина Талғатқызы

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры, кедендік әкімшілендіру департаментінің директоры
 

Пан
Наталья Виссарионовна

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары департаментінің директоры
 

Радостовец
Николай Владимирович

"Республикалық тау-кен өндіретін және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры
 

Тюлебекова
Долорес Борисовна

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы экономикалық интеграция департаменті директорының міндетін атқарушы
 

 
Қырғыз Республикасынан




Абакиров
Эльдар Курманбекович

Қырғыз Республикасы Экономика министрінің орынбасары
 

Акжолтоев
Марат Акжолтоевич

Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы кедендік ресімдеу бөлімінің инспекторы
 

Байзаков
Самат Шейшенбекович

Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік зияткерлік меншік және инновациялар қызметі төрағасының орынбасары
 

Касымали улуу
Каныбек

Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің Еуразиялық экономикалық қоғамды үйлестіру басқармасы Еуразиялық экономикалық қоғаммен жұмыс бөлімінің меңгерушісі
 

Майманов
Талайбек Токтабекович

Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет 3-ші бөлімінің аға жедел уәкілі
 

Сариев
Эрнис Осмонкулович


Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы кедендік ресімдеу бөлімінің бас инспекторы
 

Шин
Александр Витальевич

Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет 3-ші бөлімінің бастығы




Ресей Федерациясынан




Ваничкин
Михаил Георгиевич

Ресей Федерациясы Ішкі істер министрінің орынбасары

Евтухов
Виктор Леонидович

Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары – статс-хатшысы
 

Ивлиев
Григорий Петрович

Зияткерлік меншік жөніндегі федералдық қызметтің басшысы
 

Карташов
Николай Николаевич
 

Федералдық монополияға қарсы қызмет Жарнаманы және жосықсыз бәсекелестікті бақылау басқармасының бастығы
 

Лещенко
Сергей Николаевич

Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Әлеуметтік даму және инновациялар департаменті директорының орынбасары
 

Максимов
Тимур Игоревич

Федералдық кеден қызметі басшысының орынбасары
 

Поповичев
Алексей Валентинович

"РусБренд" фирмалық сауда маркаларын өндірушілер достастығы" коммерциялық емес әріптестіктің атқарушы директоры
 

Ромашова
Наталья Викторовна

Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі Нормативтік құқықтық департаментінің директоры
 

Склярова
Яна Вячеславовна
 

Федералдық монополияға қарсы қызмет Жарнаманы және жосықсыз бәсекелестікті бақылау басқармасы бастығының орынбасары
 

Сысоева
Анна Алексеевна

Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің ТМД елдерімен экономикалық ынтымақтастық және еуразиялық интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады