Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі 2017 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 6 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 27-тармағына сәйкес:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі 2017 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерін құру, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту үшін қажетті іс-шараларды қаржыландыруды, сондай-ақ осы Өкіммен бекітілген жоспарға № 1 қосымшаға сәйкес бағыттар бойынша ортақ процестерді белгіленген мерзімге сай ұлттық сегменттерде көрсетілген жүйенің құралдарымен іске асыруды көздестірсін.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:


Армения Республикасынан
В. Габриелян

Беларусь Республикасынан
В. Матюшевский

Қазақстан Республикасынан
А. Мамин

Қырғыз Республикасынан
О. Панкратов

Ресей
Федерациясынан
И. Шувалов

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Кеңесінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы
№ 6 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН


Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі 2017 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Іс-шара

Күтілетін нәтиже
 

Орындау мерзімі

Орындаушы

2017 жыл

2018 жыл

1

2

3

4

5

1. Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі тиісінше – Одақ, интеграцияланған жүйе) жалпыжүйелік жобалау, соның ішінде:










а) Одақ шеңберіндегі ортақ процестер (бұдан әрі – ортақ процестер) тізбесін өзекті ету

ортақ процестер тізбесі

I – IV тоқсандар

I – IV тоқсандар

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия), Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, уәкілетті органдар)
 

б) шаруашылық жүргізуші субъектілер және жеке тұлғалар уәкілетті органдарға электрондық түрде мәліметтер беру (бұдан әрі – B2G өзара іс-қимыл рәсімдері) кезінде пайдаланылатын құжаттардың электрондық түріне қойылатын талаптарды әзірлеу

құжаттардың электрондық түріне қойылатын талаптар

IІ – IV тоқсандар

IІ – IV тоқсандар

Комиссия*, уәкілетті органдар






в) электрондық түрдегі B2G өзара іс-қимыл рәсімдерін іске асыруға қойылатын біріздендірілген талаптарды әзірлеу

B2G өзара іс-қимыл рәсімдеріне қойылатын талаптар

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*






г) іске асыруға арналған басым мемлекетаралық (трансшекаралық) электрондық қызметтердің тізбесін әзірлеу және өзекті ету

мемлекетаралық (трансшекаралық) электрондық қызметтердің тізбесі

IІІ – IV тоқсандар

IІ – IV тоқсандар

Комиссия, уәкілетті органдар






д) Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесін қалыптастыру және жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және өзекті ету

іс-шаралар жоспары

I – IІ тоқсандар

І – IІ тоқсандар

Комиссия, уәкілетті органдар






е) № 1 қосымшаға сәйкес ортақ процестерді іске асыру үшін басым бағыттар бойынша Одақ деректерінің моделін дамыту

Одақ деректерінің формальданған моделі, Одақ деректері моделінің сипаттамасы
 

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*, уәкілетті органдар

ж) Комиссия бекітетін ортақ процестер тізбесіне сәйкес ортақ процестердің (функционалдық архитектуралардың) функционалдық сипаттамаларының жобаларын әзірлеу

ортақ процестердің (функционалдық архитектуралардың) функционалдық сипаттамаларының жобалары

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия






з) ортақ процестердің (функционалдық архитектуралардың) функционалдық сипаттамаларының жобаларын уәкілетті органдармен келісу

ортақ процестердің (функционалдық архитектуралардың) функционалдық сипаттамалары

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

уәкілетті органдар






и) Комиссия бекітетін ортақ процестер тізбесіне сәйкес ортақ процестерді іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттардың (бұдан әрі – технологиялық құжаттар) жобаларын әзірлеу

технологиялық құжаттардың жобалары, бағдарламалық құралдардың прототиптері

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*






к) технологиялық құжаттардың жобаларын уәкілетті органдармен келісу

технологиялық құжаттар

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

уәкілетті органдар






д) интеграцияланған жүйені дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті стандарттар мен ұсынымдардың жобаларын және тізбесін әзірлеу
 

стандарттар және ұсынымдар

IІ – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*, уәкілетті органдар

м) Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесін жүргізу және қолдану жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеу

нұсқаулық-әдістемелік құжаттар

I – IІ тоқсандар

Комиссия, уәкілетті органдар






н) Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесінің анықтамалықтары мен сыныптауыштарын әзірлеу және өзекті ету

анықтамалықтар және сыныптауыштар

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*, уәкілетті органдар, анықтамалықтар мен сыныптауыштар жүргізу жөніндегі операторлар






о) № 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша интеграцияланған жүйедегі Комиссияның интеграциялық сегментінің (бұдан әрі – Комиссияның интеграциялық сегменті) кіші жүйелерін жаңғыртуға арналған жеке техникалық тапсырмаларды әзірлеу

жеке техникалық тапсырмалар

I – IV тоқсандар

I – IІ тоқсандар

Комиссия*, уәкілетті органдар






п) Комиссия бекітетін технологиялық құжаттардың құрамына кіретін қосылу тәртібіне сәйкес ортақ процестерге қатысушылардың ақпараттық жүйелерінің арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылға тестілеу жүргізу

тестілеу актілері

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*, уәкілетті органдар






р) "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін іске асырумен өзара байланыстағы интеграцияланған жүйенің және тауарлардың қадағалануының архитектурасын әзірлеу

архитектураның сипаттамасы

IІ – IІІ тоқсандар

Комиссия, уәкілетті органдар






с) техникалық сараптама

есептер

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*






т) интеграцияланған жүйені дамыту стратегиясын әзірлеу

стратегия

I – IІ тоқсандар

Комиссия, уәкілетті органдар






2. Комиссияның интеграциялық сегментін жаңғырту және дамыту, соның ішінде:










а) № 3 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Комиссияның интеграциялық сегментінің құрамында кіші жүйелер құру

технологиялық жұмыс жобалары, орындалған жұмыстардың актілері

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*






б) осы жоспарға № 2 қосымшаға сәйкес Комиссияның интеграциялық сегментінің құрамындағы кіші жүйелерді жаңғырту

технологиялық жұмыс жобалары, орындалған жұмыстардың актілері

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*






в) осы жоспарға № 1 қосымшаға сәйкес ортақ процестерді іске асыруға арналған басым бағыттардың тізбесіне сай Комиссияның интеграциялық сегментінің құрамындағы ортақ процестердің сервистерін бағдарламалық қамтамасыз етуді құру (жаңғырту және дамыту)

технологиялық жұмыс жобалары, орындалған жұмыстардың актілері

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*






г) осы жоспарға № 1 қосымшаға сәйкес ортақ процестерді іске асыруға арналған басым бағыттардың тізбесіне сай интеграцияланған жүйеге мемлекетаралық сынақтар жүргізу кезінде және интеграцияланған жүйенің мүдделі мүше мемлекеттерінің ұлттық сегменттерінде (бұдан әрі – ұлттық сегменттер) оны пайдалану үшін ортақ процестердің сервистерін бағдарламалық қамтамасыз етуінің базалық құрауыштарын жасау (жаңғырту және дамыту)

технологиялық жұмыс жобалары, орындалған жұмыстардың актілері

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*






д) техникалық сараптама

есептер

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*






3. Ұлттық сегменттерді жаңғырту және дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, соның ішінде:










а) ұлттық сегменттерді жаңғырту және дамыту жоспарларын әзірлеу

ұлттық сегменттерді жаңғырту және дамыту жоспарлары

І тоқсан

І тоқсан

уәкілетті органдар, Комиссия






б) осы тармақтың "а" тармақшасына сай жоспарларға сәйкес ұлттық сегменттерді жаңғырту және дамыту

аралық есептер

ІІI – IV тоқсандар

ІІІ – IV тоқсандар

уәкілетті органдар**, Комиссия






в) ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзі мен мүше мемлекетте қолданылатын электрондық түрдегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүйесінің (үлгі шлюзі негізінде іске асырылған ұлттық сегменттердің интеграциялық шлюздері үшін) арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін бағдарламалық құралдарды (адаптерлерді) әзірлеу және жаңғырту

технологиялық жұмыс жобалары, орындалған жұмыстардың актісі (актілері)

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*, уәкілетті органдар






г) осы жоспарға № 1 қосымшаға сәйкес ортақ процестерді іске асыруға арналған басым бағыттардың тізбесіне сай ұлттық сегменттердегі ортақ процестерді іске асыруды қамтамасыз ету***

есептер

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

уәкілетті органдар**, Комиссия






д) ұлттық сегменттерді жаңғырту және дамыту бойынша жұмыстардың барысы туралы есептер дайындау

есептер

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

уәкілетті органдар, Комиссия






4. Трансшекаралық сенім кеңістігінің инфрақұрылымын құру және дамыту, соның ішінде:
 





а) трансшекаралық сенім кеңістігінің архитектурасын әзірлеу

архитектураның сипаттамасы

I – IV тоқсандар

Комиссия, уәкілетті органдар






б) трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды іске асыруға арналған нормативтік құқықтық және ұйымдастыру құжаттарының жобаларын әзірлеу

құжаттардың жобалары

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*, уәкілетті органдар






в) трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды іске асыруға арналған стандарттардың тізбесін және жобаларын әзірлеу (халықаралық стандарттарды жергіліктендіру негізінде) және мүше мемлекеттердің ұлттық стандарттарының өзекті нұсқаларын мемлекетаралық стандарттар ретінде қабылдау мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің келісілген ұстанымын әзірлеу

стандарттардың жобалары

I – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*, уәкілетті органдар






г) ақпаратты электрондық түрде құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының интеграциялық компонентіне қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу (ақпаратты электрондық түрде құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының компонентін анықтау мен белгілеуді қоса алғанда)

техникалық талаптар

І тоқсан

Комиссия*






д) техникалық талаптар әзірленетін электрондық түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының мемлекеттік компоненттерінің тізбесін дайындау

тізбе

І тоқсан

Комиссия*, уәкілетті органдар






е) осы тармақтың "г" және "д" тармақшаларын ескере отырып, электрондық түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының мемлекеттік құрауыштарына қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу (жеке немесе ұлттық сегментке техникалық тапсырма шеңберінде)

техникалық талаптар

I – IІ тоқсандар

уәкілетті органдар**






ж) осы тармақтың "г" тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес электрондық түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының интеграциялық құрауышын құру (жаңғырту)

технологиялық жұмыс жобалары, орындалған жұмыстардың актісі (актілері)

IІІ – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*






з) осы тармақтың "е" тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес электрондық түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының мемлекеттік компоненттерін құру (жаңғырту)

технологиялық жұмыс жобалары, орындалған жұмыстардың актісі (актілері)

І – IV тоқсандар

уәкілетті органдар**






и) электрондық түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының мемлекеттік және интеграциялық компоненттерінің трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу

тексерулер актісі (актілері)

IІІ – IV тоқсандар

І – IV тоқсандар

Комиссия*, уәкілетті органдар**






к) Комиссияның куәландыру орталығын құру

технологиялық жұмыс жобалары, орындалған жұмыстардың актісі (актілері)

IІ – IV тоқсандар

Комиссия*






л) интеграциялық жүйенің сенім білдірілген үшінші тарапы қызметінің куәландыру орталығын құру

технологиялық жұмыс жобалары, орындалған жұмыстардың актісі (актілері)

IІ – IV тоқсандар

Комиссия*






м) техникалық сараптама

есептер

I – IV тоқсандар

I – IV тоқсандар

Комиссия*






5. Одақ ақпаратын криптографиялық қорғаудың мамандандырылған құралдарын әзірлеу****










а) Одақ ақпаратын криптографиялық қорғаудың мамандандырылған құралдарын бірлесіп әзірлеу бойынша жобаны іске асыру үшін нормативтік құқықтық және ұйымдастыру-техникалық құжаттар әзірлеу

нормативтік құқықтық және ұйымдастыру-техникалық құжаттар

I – IV тоқсандар

Комиссия, уәкілетті органдар






б) Одақ ақпаратын криптографиялық қорғаудың мамандандырылған құралдарына қойылатын техникалық талаптар әзірлеу

техникалық талаптар

IІІ – IV тоқсандар

І – IІ тоқсандар

Комиссия*, уәкілетті органдар






в) Одақ ақпаратын криптографиялық қорғаудың мамандандырылған құралдарының конструкторлық құжаттамасы мен тәжірибелік үлгілерін әзірлеу

конструкторлық құжаттама, тәжірибелік үлгілер

I – IV тоқсандар

Комиссия*, уәкілетті органдар






г) техникалық сараптама

есептер

I – IV тоқсандар

I – IV тоқсандар

Комиссия*






6. Интеграцияланған жүйенің ақпараттық-телекоммуникациялық есептеу инфрақұрылымының жұмыс істеуін қолдау, соның ішінде:










а) Комиссияның интеграциялық сегменті мен ұлттық сегменттің арасындағы өзара іс-қимыл үшін деректер беру арналарын жалдау

есептер, орындалған жұмыстардың актісі (актілері)

I – IV тоқсандар

I – IV тоқсандар

Комиссия*






б) Комиссияның интеграциялық сегментінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін деректер өңдеу орталығының қызмет көрсетулерін сатып алу

есептер, орындалған жұмыстардың актісі (актілері)

I – IV тоқсандар

I – IV тоқсандар

Комиссия*






в) Комиссияның интеграциялық сегментінің жұмыс істеуі үшін қажетті жалпыжүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге лицензияларды сатып алу (жалдау)

есептер, орындалған жұмыстардың актісі (актілері)

I – IV тоқсандар

I – IV тоқсандар

Комиссия*






г) интеграциялық жүйенің 2015 – 2016 жылдары әзірленген және пайдалануға қабылданған кіші жүйелері мен компоненттерін сүйемелдеу

есептер, орындалған жұмыстардың актісі (актілері)

I – IV тоқсандар

I – IV тоқсандар

Комиссия*






д) ұлттық сегменттердің интеграциялық шлюздерінің жұмыс істеуін сүйемелдеу және қамтамасыз ету

есептер, орындалған жұмыстардың актісі (актілері)

I – IV тоқсандар

I – IV тоқсандар

Комиссия*, уәкілетті органдар**






е) ұлттық сегменттердің сенім білдірілген үшінші тараптарының жұмыс істеуін сүйемелдеу және қамтамасыз ету

есептер, орындалған жұмыстардың актісі (актілері)

I – IV тоқсандар

I – IV тоқсандар

Комиссия*, уәкілетті органдар**






ж) техникалық сараптама

есептер

I – IV тоқсандар

I – IV тоқсандар

Комиссия*






7. Пайдаланушыларды ақпараттандыру құралдарымен жұмыс істеуге оқыту, соның ішінде:










а) Комиссия құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларын Комиссияның интеграциялық сегменті құрамындағы интеграциялық жүйенің кіші жүйелерімен жұмыс істеуге оқыту

есеп

IІ және IV тоқсандар

IІ және IV тоқсандар

Комиссия*






б) уәкілетті органдардың өкілдерін оқыту

есеп

IІ тоқсан

IV тоқсан

Комиссия*, уәкілетті органдар






в) "Еуразия аптасы" көрме форумының шеңберінде "Еуразиялық цифрлы платформалар" инновациялық жобаларының конкурстарын ұйымдастыру және өткізу

есеп

IІІ – IV тоқсандар

ІІI – IV тоқсандар

Комиссия*, уәкілетті органдар

      *Іс-шараларды қаржыландыру № 4 қосымшаға сәйкес Одақ бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      ** Іс-шараларды қаржыландыру мүше мемлекеттер бюджеттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      ***Іс-шаралардың құрамы және оларды орындау мерзімдері Комиссия бекітетін технологиялық құжаттардың құрамына кіретін тиісті қосылу тәртіптеріне сәйкес анықталады.

      ****Іс-шаралар Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің тиісті шешімі болған кезде жүргізіледі.

  Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған
ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуін
қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі
2017 – 2018 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспарына
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестерді іске асыруға арналған басым бағыттардың
ТІЗБЕСІ


      1. Кедендік тарифтік және тарифтік емес реттеу.

      2. Кедендік реттеу.

      3. Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану.

      4. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерінің ақпараттық өзара іс-қимылы.

      5. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың қадағалануы.

      6. Кедендік әкелу баждарын есептеу және бөлу.

      7. Арнайы, демпингке қарсы және өтеу баждарын есептеу және бөлу.

      8. Бәсекелік (монополияға қарсы) саясат.

      9. Энергетика саясаты.

      10. Валюта саясаты.

      11. Зияткерлік меншік.

      12. Қаржы нарықтары (банк саласы, сақтандыру саласы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы).

      13. Еуразиялық экономикалық одақ органдарының қызметін қамтамасыз ету.

      14. Өнеркәсіп саясаты.

      15. Агроөнеркәсіптік саясат.

      16. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы.

      17. Еңбек көші-қоны.

      18. Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу.

      19. Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі.

      20. Макроэкономикалық саясат.


  Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған
ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуін
қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі
2017 – 2018 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспарына
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграциялық сегментінің жаңғыртылатын кіші жүйелерінің ТІЗБЕСІ


Жеке техникалық тапсырманы әзірлеу мерзімі

Кіші жүйені жаңғырту мерзімі

І кезең

ІІ кезең

І кезең

ІІ кезең

1. Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталы

2017 жылғы ІІ тоқсан

2018 жылғы ІІ тоқсан

2017 жылғы ІV тоқсан

2018 жылғы ІV тоқсан






2. Ақпараттық-талдау кіші жүйесі

2017 жылғы ІІІ тоқсан

2018 жылғы ІІ тоқсан






3. Статистика

2017 жылғы ІІІ тоқсан

2018 жылғы ІІ тоқсан






4. Жобаларды және бағдарламаларды басқару

2017 жылғы ІІІ тоқсан

2018 жылғы ІІ тоқсан






5. Тәуекел салаларын талдау

2017 жылғы ІV тоқсан

2018 жылғы ІІІ тоқсан






6. Мамандандырылған құжат айналымы

2017 жылғы ІV тоқсан

2018 жылғы ІІІ тоқсан






7. Кедендік тарифтік және тарифтік емес реттеу

2017 жылғы ІІІ тоқсан

2018 жылғы ІІ тоқсан

2018 жылғы ІІІ тоқсан






8. Техникалық реттеу

2017 жылғы ІІІ тоқсан

2018 жылғы ІІІ тоқсан






9. Ортақ процестерді басқару

2017 жылғы ІІ тоқсан

2018 жылғы ІІ тоқсан

2017 жылғы ІV тоқсан

2018 жылғы ІV тоқсан






10. Интеграциялық платформа

2017 жылғы ІІІ тоқсан

2018 жылғы ІІ тоқсан






11. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу

2017 жылғы ІІІ тоқсан

2018 жылғы ІІ тоқсан






12. Ақпараттық қауіпсіздік

2017 жылғы ІV тоқсан

2018 жылғы ІІІ тоқсан






13. Мониторинг және басқару

2017 жылғы ІV тоқсан

2018 жылғы ІІІ тоқсан






14. Еуразиялық экономикалық комиссияның сенім білдірілген үшінші тарапы

2017 жылғы ІІІ тоқсан

2018 жылғы ІІ тоқсан

  Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған
ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуін
қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі
2017 – 2018 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспарына
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграциялық сегментінің құрамында құрылатын кіші жүйелердің ТІЗБЕСІ


Жобалау және іске асыру мерзімі

1. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін идентификациялау

2017 жылғы ІV тоқсан



2. Сот ісін жүргізу

2018 жылғы ІV тоқсан

  Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған
ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуін
қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі
2017 – 2018 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспарына
№ 4 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі 2017 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінің қаражаты есебінен іске асыруды қаржыландыру КӨЛЕМІ

Іс-шараның атауы

Қаржыландыру көлемі (мың рубль)

2017 жыл

2018 жыл

1. Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі тиісінше – Одақ, интеграцияланған жүйе) жалпыжүйелік жобалау
 

172 500,0

176 900,0

2. Интеграцияланған жүйенің Еуразиялық экономикалық комиссиядағы интеграциялық сегментін жаңғырту және дамыту
 

289 200,0

291 800,0

3. Интеграцияланған жүйенің мүше мемлекеттердегі ұлттық сегменттерін жаңғырту және дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру
 

27 000,0

33 600,0

4. Трансшекаралық сенім кеңістігінің инфрақұрылымын құру және дамыту
 

51 000,0

78 300,0

5. Одақ ақпаратын криптографиялық қорғаудың мамандандырылған құралдарын әзірлеу
 

30 000,0

80 000,0

6. Интеграцияланған жүйенің ақпараттық-телекоммуникациялық және есептеу инфрақұрылымының жұмыс істеуін қолдау
 

201 600,0

225 700,0

7. Пайдаланушыларды ақпараттандыру құралдарымен жұмыс істеуге оқыту

10 500,0

11 400,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады