Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2017-2018 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру бойынша іс-шараларының тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 32 өкімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 63-тармағына сәйкес және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2017-2018 жылдарға арналған негізгі бағдарлары туралы" 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 7 шешімін орындау мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2017-2018 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру бойынша іс-шараларының тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден макроэкономикалық саясатты жүргізу кезінде тізбеде көзделген мүше мемлекеттердің құзыретіне жатқызылған бөлігінде іс-шараларды ескеруі және олардың іске асырылуы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2017-2018 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыруға бағытталған іс-қимылдарға талдау жүргізсін және тізбеде көзделген Еуразиялық экономикалық комиссияның құзыретіне жатқызылған бөлігінде іс-шаралардың орындалуын үйлестірсін.

      4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
В.Габриелян В.Матюшевский А.Мамин Т.Абдыгулов И.Шувалов

  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің
2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 32 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2017-2018 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру бойынша іс-шараларының ТІЗБЕСІ

Негізгі бағдарларды іске асыруға бағытталған іс-қимылдар

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жүзеге асыруы үшін ұсынылатын іс-шаралар

Еуразиялық экономикалық комиссия жүзеге асыратын іс-шаралар

Еуразиялық экономикалық комиссияның жауапты департаменттері

Күтілетін экономикалық нәтиже

1-бағыт. Макроэкономикалық жағдайды жақсарту

1. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 63-бабында белгіленген экономикалық дамудың орнықтылығын анықтайтын көрсеткіштердің сандық мәндерін сақтау

ұлттық деңгейде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі сәйкесінше – мүше мемлекеттер, Одақ) Шарттың 63-бабында белгіленген экономикалық дамудың орнықтылығын анықтайтын көрсеткіштердің сандық мәндерін сақтауын қамтамасыз ететін шараларды қабылдау

мүше мемлекеттер қабылдаған Шарттың 63-бабында белгіленген экономикалық дамудың орнықтылығын анықтайтын көрсеткіштердің сандық мәндерін сақтауды қамтамасыз ететін шараларды талдау

Макроэкономикалық саясат департаменті

мүше мемлекеттердің Шарттың 63-бабында белгіленген экономикалық дамудың орнықтылығын анықтайтын көрсеткіштердің сандық мәндерін сақтауы

2. Экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын көрсеткіштердің сандық мәндерінің сақталуына (олардан асып кеткен жағдайда) бағытталған Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымдарын әзірлеу және оларды есепке алу

мүше мемлекеттер Шартпен белгіленген экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын көрсеткіштердің сандық мәндерінен асып кеткен жағдайда Комиссиямен консультацияларға қатысу

мүше мемлекеттер Шартпен белгіленген экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын көрсеткіштердің сандық мәндерінен асып кеткен жағдайда мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен консультациялар өткізу

Макроэкономикалық саясат департаменті

мүше мемлекеттердің Шартпен белгіленген экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын көрсеткіштердің сандық мәндерінің жетістігін сақтамауына ықпал ететін факторларды анықтау
 
 

қажет болған кезде Комиссияның мүше мемлекеттер Шартпен белгіленген экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын көрсеткіштердің сандық мәндерінен асып кеткен жағдайда әзірлеген ұсынымдарын іске асыру

мүше мемлекеттер Шартпен белгіленген экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын көрсеткіштердің сандық мәндерінен асып кеткен жағдайда Комиссияның ұсынымдарын әзірлеу

3. Мүше мемлекеттердің инфляцияны таргеттеу режиміне көшуі бойынша жұмысты жалғастыру

ұлттық деңгейде белгілі бір мүше мемлекеттердің инфляция бойынша орта мерзімді бағдарларға қол жеткізуін және инфляцияны бағдарлардың деректеріне сәйкес деңгейде ұстап тұруды қамтамасыз ететін шараларды қабылдау

мүше мемлекеттердің ұлттық деңгейді белгіленген инфляция бойынша орта мерзімді бағдарларға қол жеткізу және сақтау үшін қабылдаған шараларын талдау

Макроэкономикалық саясат департаменті

мүше мемлекеттердің инфляция бойынша орта мерзімді бағдарларға қол жеткізуі және сақтауы

мүше мемлекеттерде инфляцияны таргеттеу тәжірибесі мен практикасын зерттеу бойынша семинарға қатысу

мүше мемлекеттерде инфляцияны таргеттеу тәжірибесі мен практикасын зерттеу бойынша семинарға қатысу

4. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің инфляция деңгейі бойынша (тұтыну бағаларының индексі) орта мерзімді бағдарын белгілеу тәртібін келісу

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің инфляция деңгейі бойынша (тұтыну бағаларының индексі) орта мерзімді бағдарын белгілеу тәртібін әзірлеуге қатысу

мүше мемлекеттермен бірлесе отырып Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің инфляция деңгейі бойынша (тұтыну бағаларының индексі) орта мерзімді бағдарын белгілеу тәртібін әзірлеу және оны Одақ органдарының қарауына ұсыну

Макроэкономикалық саясат департаменті

мүше мемлекеттердің инфляция деңгейі бойынша орта мерзімді бағдарларын жақындастыру

5. Мүше мемлекеттердің резиденттерімен өзара есеп айырысуда мүше мемлекеттердің  ұлттық валюталарын кеңінен пайдаланылуын қамтамасыз ету

осындай шаралардың экономикалық тиімділігін бағалауды қамтитын Одақ аумағында трансшекаралық операцияларда мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарын пайдалануды арттыру бойынша шаралар туралы талдамалық баяндаманы қарастыру

осындай шаралардың экономикалық тиімділігін бағалауды қамтитын Одақ аумағында трансшекаралық операцияларда мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарын пайдалануды арттыру бойынша шаралар туралы талдамалық баяндаманы дайындау және оны Қаржы нрықтары жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында талқылау

Қаржы саясаты департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті

Одақ аумағында трансшекаралық операцияларда мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарын пайдалануды арттыру

6. Мүше мемлекеттердің ұлттық деңгейде жүргізілетін ақша-кредиттік және бюджеттік-салық саясаттарын үйлестіру

макроэкономикалық орнықтылыққа қол жеткізу мақсатында ақша-кредиттік және бюджеттік-салық саясаты шараларын ұлттық деңгейде келісілуін қамтамасыз ету

мүше мемлекеттердің ақша-кредиттік және бюджеттік-салық саясатын келісу бойынша іс-қимылдарын талдау

Макроэкономикалық саясат департаменті, Қаржы саясаты департаменті

мүше мемлекеттердің инфляция бойынша мақсатты бағдарларға қол жеткізуі және сақтауы





мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджеті тапшылығын және мемлекеттік басқару секторының қарыз деңгейін төмендету

2-бағыт. Негізгі капиталға инвестициялар көлемін ұлғайтуда мүше мемлекеттер экономикаларының корпоративтік секторын ынталандыру

1. Экономикада құрылымдық қайта құруларды іске асыру бойынша әлемдік озық тәжірибелерді және мүше мемлекеттердің тәжірибелерін пайдалану

экономикада құрылымдық қайта құруларды іске асыру бойынша әлемдік тәжірибелерді зерттеу
 
 

экономикада құрылымдық қайта құруларды іске асыру бойынша әлемдік тәжірибелерді және мүше мемлекеттердің тәжірибелерін зерттеу

Макроэкономикалық саясат департаменті,
Интеграцияны дамыту департаменті

орнықты экономикалық өсуге қол жеткізу

қажет болған жағдайда әлемдік тәжірибені ескере отырып экономикалық өсу қарқынын арттыру мақсатында экономикада құрылымдық қайта құруларды іске асыру бойынша мүше мемлекеттердің актілерін дайындау және қабылдау

экономикалық өсу қарқынын арттыру мақсатында экономикада құрылымдық қайта құруларды іске асыру бойынша мүше мемлекеттердің іс-қимылдары мониторингі

Макроэкономикалық саясат департаменті


2. Инвесторлар үшін фискалдық жүктемені қалыптастырудың болжамдылығын қамтамасыз ету, басым салалар және экономика секторлары мен инвестициялық жобалар үшін қосымша салықтық ынталандыруды құру

фискалдық жүктемені қалыптастырудың болжамдылығын қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің салық заңнамасының өзгерістері туралы шаруашылық жүргізуші субъектілерді жедел және уақытылы ақпараттандыру

мүше мемлекеттердің салық заңнамасының өзгерістері туралы шаруашылық жүргізуші субъектілерді жедел және уақытылы ақпараттандыру бойынша мүше мемлекеттердің іс-қимылдары мониторингі

Макроэкономикалық саясат департаменті,
Қаржы саясаты департаменті
 

мүше мемлекеттерде бизнес-климатты жақсарту

қажет болған жағдайда басым салалар және экономика секторлары мен инвестициялық жобалар үшін қосымша салықтық ынталандыруды құруға бағытталған шараларды қабылдау

мүше мемлекеттердің басым салалар және экономика секторлары мен инвестициялық жобалар үшін қосымша салықтық ынталандыруды құруға бағытталған шараларды қабылдау бойынша іс-қимылдары мониторингі

шаруашылық жүргізуші субъектілерге фискалдық жүктемені азайту

қажет болған жағдайда мүше мемлекеттердің салық заңнамасына шаруашылық жүргізуші субъектілерге, соның ішінде шағын және орта бизнес өкілдері мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға салық жүктемесін төмендету бөлігіне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар дайындау

мүше мемлекеттердің салық заңнамасына шаруашылық жүргізуші субъектілерге салық жүктемесін төмендету бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша мүше мемлекеттердің іс-қимылдары мониторингі

инвестициялар көлемін арттыру

3. Мүше мемлекеттердің халықаралық рейтингтердегі позицияларын жақсарту және инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында инвесторлар үшін әкімшілік рәсімдерді оңайлату және әкімшілік кедергілерді азайту

бизнес үшін әкімшілік рәсімдерді оңайлату және әкімшілік кедергілерді азайту бойынша іс-қимылдарды іске асыру, соның ішінде рұқсат беру рәсімдерін, келісулерді, міндетті талаптарды жандандыру және кедендік бақылауды қоспағанда, бизнес үшін реттеуші ортаның сапасын арттыру

мүше мемлекеттердің Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 24 шешімімен бекітілген Қызметтер көрсету саудасын, құруды және қызметті реттеу қағидаларын іске асыруы мониторингі және сәйкес ақпаратты Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсыну

Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті

бизнес үшін ақталмаған кедергілерді азайту
 
қызметтер көрсету секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру, мүше мемлекеттердің экономикалық дамуын жылдамдату


ұлттық құзыретке жатқызылған салаларда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 24 шешімімен бекітілген Қызметтер көрсету саудасын, құруды және қызметті реттеу қағидаларын іске асыру

ұлтүсті құзыретке жатқызылған салаларда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 24 шешімімен бекітілген Қызметтер көрсету саудасын, құруды және қызметті реттеу қағидаларының ережелерін қолдану

Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті,
олардың құзыреттеріне сәйкес департаменттер



халықаралық ұйымдар рейтингтерінде мүше мемлекеттердің позицияларын жақсартуды қамтамасыз ететін шараларды іске асыру

мүше мемлекеттердің халықаралық ұйымдар рейтингтерінде олардың позицияларын жақсартуды қамтамасыз ететін шараларды іске асыруы мониторингі

Макроэкономикалық саясат департаменті

халықаралық ұйымдар рейтингтерінде мүше мемлекеттердің позицияларын жақсарту


Комиссияның мүше мемлекеттердің іске асырған халықаралық ұйымдар рейтингтерінде позицияларын жақсартуды қамтамасыз ететін шаралары туралы ақпарат алмасу бойынша іс-шараларына қатысу

халықаралық ұйымдардың рейтингтері деректеріне қарай мүше мемлекеттер мен Одақтың даму деңгейі мониторингі және талдау





мүше мемлекеттердің халықаралық ұйымдардың рейтингтерінде позицияларын жақсартуды қамтамасыз ететін шаралары туралы ақпарат алмасу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру




Комиссияның халықаралық ұйымдардың рейтингтерінде мүше мемлекеттердің позицияларын жақсартуға бағытталған, соның ішінде мүше мемлекеттер арасында тәжірибе алмасу бойынша ұсыныстарын қарау

халықаралық ұйымдардың рейтингтерінде мүше мемлекеттердің позицияларын жақсартуға бағытталған, соның ішінде мүше мемлекеттер арасында тәжірибе алмасу бойынша ұсыныстарды дайындау

Макроэкономикалық саясат департаменті,
Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті


4. Мүше мемлекеттерде бәсекелестік орта мен бәсекелестік нарықтарды дамыту

Комиссияға мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзуы белгілерінің болуы туралы өтініштерді (материалдарды) тапсыру және мүше мемлекеттердің басқа мүше мемлекеттің олардың мемлекеттік бағаны реттеуді енгізуі туралы шешімдеріне келіспейтіндігі туралы үндеулерін жіберу

мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзуы белгілерінің болуы туралы өтініштерді (материалдарды) және мүше мемлекеттердің басқа мүше мемлекеттің олардың мемлекеттік бағаны реттеуді енгізуі туралы шешімдеріне келіспейтіндігі туралы үндеулерін қарау

Монополияға қарсы реттеу департаменті

бәсекелестіктің жалпы қағидаларын және мемлекеттік бағаны реттеуді енгізу тәртібін бұзуды жою, мүше мемлекеттерде инфляция деңгейін ұстап тұруға жәрдемдесу


бұзушылықтарды жою мақсатында мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің монополияға қарсы заңнаманы және бәсекелестіктің жалпы қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру және монополияға қарсы реттеудің сәйкес шараларын қабылдау

трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке кері ықпал ететін немесе етуі мүмкін, соның ішінде бағаның негізсіз өсуіне алып келетін бұзушылықтарды жою мақсатында мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бәсекелестіктің жалпы қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру




табиғи монополияларды реттеу саласындағы заңнаманы үндестіру бойынша сәйкес шараларды жүзеге асыру тізбектілігін анықтау бойынша іс-шаралар жоспарын ("жол картасын") әзірлеуге қатысу және келісу

табиғи монополияларды реттеу саласындағы заңнаманы үндестіру бойынша сәйкес шараларды жүзеге асыру тізбектілігін анықтау бойынша іс-шаралар жоспарын ("жол картасын") әзірлеу

Көлік және инфрақұрылым департаменті

мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет көрсетулерін тұтынушылары үшін теңдеу жағдайларды қамтамасыз ету



мүше мемлекеттерде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу жүйесін және тәжірибесін салыстырмалы талдауды жүргізу бойынша жұмысты жалғастыру және оны жүргізу нәтижелерін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсыну



5. Мемлекеттік-жекеше әріптестік механизмдерін қолдануды жандандыру және жеке капиталдың инвестициялық жобаларды іске асыруға қолжетімділігі үшін мүмкіндіктерді кеңейту

мемлекеттік-жекеше әріптестік механизмдерін қолдану саласында мүше мемлекеттердің заңнамасын жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру

мүше мемлекеттердің мемлекеттік-жекеше әріптестік механизмдерін қолдану саласында мүше мемлекеттердің заңнамасын жетілдіруге бағытталған шаралары мониторингі

Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті

Одақта мемлекеттік-жекеше әріптестік жобаларын жүзеге асырудың оңтайлы механизмдерін ендіру үшін қолайлы жағдайлар жасау


Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мемлекеттік-жекеше әріптестік механизмдерін дамыту бойынша сарапшылар тобының отырыстарына және мемлекеттік-жекеше әріптестік механизмдерін жетілдіру мәселелері бойынша консультацияларға қатысу

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мемлекеттік-жекеше әріптестік механизмдерін дамыту бойынша сарапшылар тобының отырыстарын және мүше мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік-жекеше әріптестік механизмдерін жетілдіру мәселелері бойынша
консультацияларды ұйымдастыру




Одақ шеңберінде мемлекеттік-жекеше әріптестік жобаларын (соның ішінде интеграциялық сипаттағы) іске асыру бойынша ұсыныстар дайындау

мүше мемлекеттерге өзара мүддені ұсынатын мемлекеттік-жекеше әріптестік мәселелері бойынша ақпарат алмасуға, соның ішінде талдамалық және анықтамалық материалдар алмасуға жәрдемдесу




мемлекеттік-жекеше әріптестік мәселелері бойынша конференцияларға, форумдарға, консультацияларға, оқу-практикалық семинарларға, дөңгелек үстелдерге және өзеге де іс-шараларға қатысу

мемлекеттік-жекеше әріптестік мәселелері бойынша конференцияларға, форумдарға, консультацияларға, оқу-практикалық семинарларға, дөңгелек үстелдерге және өзеге де іс-шараларға қатысу



6. Инвестордың салынған қаржысының қайтарылуы мен тәуекелдерін жабуға қосымша кепілдік беретін инвестициялық кепілдік механизмдерін пайдалану

инвестицияларға кепілдік берудің ұлттық жүйелерін жетілдіру және инвестициялық тәуекелдерді төмендетуге кепілдік беретін механизмдерді қолдануды кеңейту

мүше мемлекеттердің инвестицияларға кепілдік берудің ұлттық жүйелерін жетілдіру және инвестициялық тәуекелдерді төмендетуге кепілдік беретін механизмдерді қолдануды кеңейту бойынша іс-қимылдары мониторингі

Макроэкономикалық саясат департаменті

тартылатын инвестициялар көлемін ұлғайту

7. Ұзақ мерзімді қаржыландыруды тартуға мүмкіндік беретін қолданылатын құралдар жиынтығын кеңейту

жеке және заңды тұлғалардың ұлттық валюталарда ұзақ мерзімді депозиттер ашуы үшін жағдайлар жасау және қолдау

мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді қаржыландыру үшін жағдайлар жасау бойынша іс-қимылдары мониторингі

Қаржы саясаты департаменті,
Макроэкономикалық саясат департаменті

ұзақ мерзімді несие беру көлемін ұлғайту


тұрғындардың жинақтау және инвестициялық белсенділігін арттыру үшін жағдайлар жасау, соның ішінде қаржылық сауаттылықты және банк секторының қызметтер көрсету танымалдылығын арттыру, сондай-ақ инвестицияландырудың банктік емес нысандары арқылы (мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, жарналық және биржалық инвестициялық қорлар, кредиттік одақтар, сақтандыру компаниялары)





мүше мемлекеттерде корпоративтік облигациялар нарығын дамыту




8. Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры мен Еуразиялық даму банкін қоса алғанда, ұлттық және өңірлік даму институттарының қаржылық мүмкіндіктерін пайдалануды жандандыру
 
 
 

Комиссия мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры арасындағы ынтымақтастықтың бағыттары мен форматы бойынша ұсыныстарды келісу

Комиссия мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры арасындағы ынтымақтастықтың бағыттары мен форматы бойынша ұсыныстар дайындау

Макроэкономикалық саясат департаменті

интеграциялық сипаттағы мемлекетаралық инвестициялық жобаларды қолдау

Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры мен Еуразиялық даму банкінің қаржылық мүмкіндіктерін пайдалану бойынша ұсыныстар дайындау

Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры мен Еуразиялық даму банкімен консультациялар ұйымдастыру



Еуразиялық даму банкінің қаржыландыруы үшін интеграциялық әлеуеті бар кооперациялық жобаларды қарастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысу

Еуразиялық даму банкінің қаржыландыруы үшін интеграциялық әлеуеті бар кооперациялық жобаларды қарастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын өткізу

Өнеркәсіптік саясат департаменті

интеграциялық әлеуеті бар кооперациялық жобаларды іріктеу және қарау

3-бағыт. Одақта құрылатын қосымша құнды ұлғайту

1. Экономиканың интеграциялық әлеуеті бар салаларында мүше мемлекеттердің бірлескен кооперациялық жобаларын дайындау

Одақ шеңберінде өнеркәсіптік өнім нарығы мониторингін жүргізу бойынша жұмысқа қатысу

Одақ шеңберінде өнеркәсіптік өнім нарығы мониторингін жүргізу

Өнеркәсіптік саясат департаменті

Одақтың өнеркәсіптік өнем нарығын бағалау

Комиссияға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпрындары (контракторлар және субконтракторлар) туралы мәліметтерді ұсыну

Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация және субконтрактация желісін құру шеңберінде мүше мемлекеттерде өнеркәсіптік кооперация және субконтрактация желісінің ұлттық сегменттерін қалыптастыруда консультациялық қолдау көрсету

Өнеркәсіптік саясат департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті

мүше мемлекеттерде өнеркәсіптік кооперацияны және субконтрактацияны дамыту

Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация және субконтрактация желісін құру шеңберінде мүше мемлекеттерде өнеркәсіптік кооперация және субконтрактация желісінің ұлттық сегменттерін қалыптастыру

Одақта экономиканың интеграциялық әлеуеті бар салаларын талдау нәтижелерін қарау

Одақта экономиканың интеграциялық әлеуеті бар салаларын талдау бойынша жұмысты ұйымдастыру

Макроэкономикалық саясат департаменті

мүше мемлекеттердің жалпы салалық басымдықтарын анықтау

мүше мемлекеттердің іске асыратын интеграциялық әлеуетті пайдалануға бағытталған шаралары мониторингі


экономиканың нақты салаларын дамыту бойынша бірлескен жоспарларды дайындау сапасын арттыру

елдердің және елдер арасындағы "шығындар-өнім" кестелері негізінде пилоттық салалар бойынша талдамалық шолуларды әзірлеу кезінде Одақтың интеграциялық әлеуетін пайдаланумен қосымша құн тізбектерін құру және дамыту бойынша ұсыныстар дайындау


Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетін қалыптастыру және бағалау үшін елдердің және елдер арасындағы "шығындар-өнім" кестелерін пайдалану жөніндегі сарапшылар тобының жұмысына қатысу

Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетін қалыптастыру және бағалау үшін елдердің және елдер арасындағы "шығындар-өнім" кестелерін пайдалану жөніндегі сарапшылар тобының жұмысын ұйымдастыру

Макроэкономикалық саясат департаменті, Статистика департаменті


2. Мүше мемлекеттердің қатысуымен халықаралық қосымша құн тізбектерін құру және дамыту

халықаралық деректер базасында мүше мемлекеттердің елдердің "шығындар-өнім" кестелері деректерінің ұсынылуын қамтамасыз ету бойынша жұмысқа қатысу

халықаралық деректер базасында мүше мемлекеттердің елдердің "шығындар-өнім" кестелері деректерінің ұсынылуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізу

Макроэкономикалық саясат департаменті

мүше мемлекеттердің халықаралық қосымша құн тізбектеріне қатысуын арттыру

3. Сыртқы және ішкі нарықтарда бәсекелестікке қабілетті өнімдерді өндіру мақсатында мүше мемлекеттердің өнеркәсіп, агроөнеркәсіп және энергетикалық саясат саласындағы ынтымақтастығының тиімді нысандарын дамыту

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру кезінде мүше мемлекеттердің қызметін консультативтік қолдау және үйлестіру

Өнеркәсіптік саясат департаменті

өнеркәсіптік дамудың орнықтылығын, мүше мемлекеттер өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін және инновациялық белсенділігін арттыру

сезімтал ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша шолуларды дайындау бойынша жұмысқа және консультациялар өткізуге қатысу

мүше мемлекеттердің өкілдерінің қатысуымен сезімтал ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша шолуларды дайындау және консультациялар ұйымдастыру

Агроөнеркәсіптік саясат департаменті

саланың орнықты дамуы және өзара сауданы үдету

Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасын келісу

Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу және оны Одақ органдарының қарауына ұсыну

Энергетика департаменті

мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру, мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін арттыру, бағаны белгілеудің айқындылығын қамтамасыз ету, соңғы тұтынушылар үшін электр энергиясы бағасының өсуі қарқынын төмендету

Одақтың ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру бағдарламасын келісу

Одақтың ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу және оны Одақ органдарының қарауына ұсыну


электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтер көрсетуге қолжетімділігінің бірыңғай қағидаларын әзірлеуге қатысу

электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтер көрсетуге қолжетімділігінің бірыңғай қағидаларын әзірлеу



Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 20 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасында көзделген Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін актілерді әзірлеуге қатысу

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 20 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасында көзделген Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін актілерді әзірлеу


электр энергетикасы объектілеріне инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау

4. Тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күштерінің еркін қозғалысы үшін кедергілерді біртіндеп жою және алып тастаулар мен шектеулерді барынша азайту

Комиссияға Одақтың ішкі нарығына өзара қолжетімділік үшін кедергілердің, алып тастаулар мен шектеулердің болуы (болмауы) туралы ақпаратты, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін анықталған кедергілерді, алып тастаулар мен шектеулерді жою мүмкіндігін белгілеу туралы ақпаратты жіберу

Одақтың ішкі нарығына өзара қолжетімділік үшін кедергілердің, алып тастаулар мен шектеулердің болуын (болмауын) анықтау, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін анықталған кедергілерді, алып тастаулар мен шектеулерді жою мүмкіндігін белгілеу

Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті, олардың құзыреттеріне сәйкес өзге де департаменттер

мүше мемлекеттердің өзара саудасының өсуі

өзара сауда әлеуетін іске асыру

тауарлардың, қызметтердің, капиталдың, жұмыс күштерінің еркін қозғалысы үшін жағдайлар жасау және мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің басқа мүше мемлекеттердің нарықтарына қолжетімділігін оңайлату

ішкі нарықтың жұмыс істеуін жоспарлау мақсатында мүше мемлекеттердің басқа мүше мемлекеттермен сауда құқықтық қатынастарын реттейтін заңнамасының өзгерістері туралы Комиссияны уақытылы ақпараттандыру

жаңа кедергілердің де, бұрын жойылған кедергілердің де пайда болуына жол бермеу мақсатында өзара сауданың болжамды және айқын жағдайларын қалыптастыру бойынша мүше мемлекеттердің іс-қимылдары мониторингі

ішкі нарықтың кедергілерсіз, алып қоюлар мен шектеулердің ең аз көлемімен жұмыс істеуін қамтамасыз ету

өзара саудада алып тастаулар мен шектеулерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын ("жол картасын") дайындауға және іске асыруға қатысу

өзара саудада алып тастаулар мен шектеулерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын ("жол картасын") дайындау және іске асыруға қатысу

Одақтың ішкі нарығының ұлттық сегменттерінің қызмет етуі транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтары өкілдеріне мүше мемлекеттердің сауда саласындағы заңнамасының ерекшеліктері мәселелері бойынша ақпараттық қолдау көрсету

өзара сауда шеңберінде мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың "байланыстар биржасын" дайындай отырып, мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтары өкілдерін Одақтың ішкі нарығының ұлттық сегменттерінің қызмет етуі ерекшеліктері мәселелері бойынша ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау инструментарийін әзірлеу

4-бағыт. Шикізаттық емес экспортты дамыту

1. Үшінші тараптармен әлемдік нарықта Одақтың мүдделерін ілгерілетуге бағытталған сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту

Үшінші елдермен өзара саудада техникалық кедергілерді жою тәртібі мен шарттары туралы келісімге қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу

Үшінші елдермен өзара саудада техникалық кедергілерді жою тәртібі мен шарттары туралы келісімнің жобасын Одақ органдарының қол қоюы үшін ұсыну

Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті

үшінші елдермен сауда көлемін арттыру

Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасасу туралы келіссөздерге қатысу

Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасасу туралы келіссөздерді мүше мемлекеттермен бірлесіп ұйымдастыруға және өткізуге қатысу

Сауда саясаты департаменті, Көлік және инфрақұрылым департаменті

Қытай Халық Республикасымен сауда ынтымақтастығын қарқындату

оларды мүше мемлекеттер мен Қытай Халық Республикасының бірлесіп іске асыруы үшін ортақ мүдделер жобаларының "деректер банкін" толықтыру бойынша ұсыныстар ұсыну

оларды мүше мемлекеттер мен Қытай Халық Республикасының бірлесіп іске асыруы үшін ортақ мүдделер жобаларының "деректер банкін" дайындау

Сауда саясаты департаменті

мүше мемлекеттер тауарларының үшінші тараптардың нарықтарына қолжетімділігі талаптарын оңайлату

Комиссияның үшінші тараптармен еркін сауда туралы келісімдер жасасудың орындылығын зерттеуге бағытталған мүше мемлекеттердің сауда әріптестерімен жұмысына қатысу

үшінші тараптармен еркін сауда туралы келісімдер жасасудың орындылығын зерттеуге бағытталған мүше мемлекеттердің сауда әріптестерімен жұмысты ұйымдастыру және жүргізу

Одақ пен сауда әріптестері – мемлекеттермен арадағы тауар айналымын арттыру

Одақ және оған мүше мемлекеттер мен мүше мемлекеттердің сауда әріптестері арасында еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы келіссөздерге қатысу

Одақ және оған мүше мемлекеттер мен мүше мемлекеттердің сауда әріптестері арасында еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы келіссөздерді ұйымдастыру және өткізу

қызығушылық танытқан жағдайда үшінші тараптармен еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы ұсыныстар дайындау

сауда әріптестері – мемлекеттердің немесе мүше мемлекеттердің үшінші тараптармен еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы ұсыныстарын Комиссияның алаңында қарауды қамтамасыз ету

2. Одақтың көпжақты сауда жүйесіне қатысуының тиімділігін арттыру

мүше мемлекеттердің ДСҰ алаңында талқылауға ұсынған ұстанымдарын келісу

ДСҰ алаңдарында келісілген саясатты жүргізу үшін осы мемлекетердің ұстанымдарын қалыптастыру кезінде ескеру мақсатында мүше мемлекеттерге ұсынымдар әзірлеу және ұсыну

Сауда саясаты департаменті

мүше мемлекеттердің сауда режимдерінің болжамдылығын және транспаренттілігін қамтамасыз ету

мүше мемлекеттер заңнамасының ДСҰ нормаларына сәйкестілігін қамтамасыз ету

мүше мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық тартымдылығын арттыру

Одақтың құқығына енетін актілердің ДСҰ нормаларына және мүше мемлекеттердің жеке міндеттемелеріне сәйкестілігін қамтамасыз ету

қажет болған жағдайда халықаралық экономикалық ұйымдардың ұсынымдарын ескере отырып, мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу

Одақ органдарының актілерін әзірлеу кезінде халықаралық экономикалық ұйымдардың тәжірибелері мен практикаларын қолдану

3. Кредиттеуді, сақтандыруды және қайта сақтандыруды қоса алғанда, экспортты қолдау механизмдерін, сондай-ақ ақпараттық-консультациялық қолдауды пайдалану

экспортты қаржылай қолдау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының қызметіне қатысу

экспортты қаржылай қолдау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу

Сауда саясаты департаменті, Қаржы саясаты департаменті, Өнеркәсіптік саясат департаменті, Агроөнеркәсіптік саясат департаменті

мүше мемлекеттер өнімінің экспорты көлемінің өсуі

экспортты қаржылай қолдау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының қызметі шеңберінде дайындалған эспортты қаржылай және сақтандырып қолдау бойынша ұсыныстарды қарау және есепке алу

мүше мемлекеттердің үкіметтері үшін экспортты қаржылай қолдау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының қызметі шеңберінде эспортты қаржылай және сақтандырып қолдау бойынша ұсыныстар дайындау

4. Одақтың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту

Одақтың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шараларды анықтау және Одақтың үйлестірілген көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын ("жол картасын") дайындау шеңберінде оларды одан әрі іске асыру

Одақтың үйлестірілген көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын ("жол картасын") әзірлеу және оны Одақ органдарының қарауына ұсыну

Көлік және инфрақұрылым департаменті

көліктің кез келген түрлерімен тасымалдау кезінде қолданыстағы шектеулерді алып тастау үшін жағдайлар жасау

өзара және сыртқы сауда шеңберінде жүк ағымдарын арттыру

Одақ пен Жібек жолы Экономикалық белдеуінің құрылысы процестерін ұштастыру шеңберінде көлік және инфрақұрылым саласындағы бірлескен жобалар бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу

Одақ пен Жібек жолы Экономикалық белдеуінің құрылысы процестерін ұштастыру шеңберінде көлік және инфрақұрылым саласындағы бірлескен жобалар бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қатысу

5. Жүктерді жылдам жеткізу мен көлік қызметтерінің сапасын жақсарту мақсатында транзиттік және аралас тасымалдауды дамыту

мүше мемлекеттерде аралас тасымалдауды жүзеге асыру үшін жағдайларды талдау, халықаралық қатынаста аралас тасымалдауды дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу

мүше мемлекеттердің сұрауы бойынша транзиттік және аралас тасымалдауды дамыту мәселелері бойынша консультациялар ұйымдастыру

Көлік және инфрақұрылым департаменті

тасымалдау көлемін арттыру

транзиттік контейнерлік тасымалдауды дамыту, соның ішінде контейнерлік тасымалдауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жәрдемдесу арқылы

мүше мемлекеттердің сұрауы бойынша контейнерлік тасымалдауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі бойынша консультациялар ұйымдастыру



6. Мүше мемлекеттердің өзара саудасын жандандыру

мүше мемлекеттердің өзара саудасында шикізаттық емес экспортты жандандыруға бағытталған шараларды қабылдау

Еуразиялық үкіметаралық кеңеске өзара сауда ахуалы туралы жыл сайынғы баяндама шеңберінде мүше мемлекеттердің өзара саудасында шикізаттық емес экспортты дамытуды талдау

Статистика департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті

мүше мемлекеттердің өзара саудасында шикізаттық емес экспортты дамыту ахуалын бағалау

Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарын дайындау жөніндегі жоғары дәрежелі жұмыс тобының жұмысына қатысу

Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарын дайындау жөніндегі жоғары дәрежелі жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу

Ақпараттық технологиялар департаменті

Одақта интеграциялық процестерді нығайту және мүше мемлекеттерде экономикалық белсенділіктің өсуі

Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарын дайындау және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсыну

Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарын дайындау

агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының индиуативтік көрсеткіштерінің болжамды мәндерін, және ауыл шаруашылығы өнімі, азық-түлік, зығыр талшығы, былғары шикізаты, мақта талшығы және жүн бойынша сұраныс пен ұсыныстың болжамды теңгерімін дайындау және Комиссияға ұсыну

мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптіктік кешенін дамытудың, және ауыл шаруашылығы өнімі, азық-түлік, зығыр талшығы, былғары шикізаты, мақта талшығы және жүн бойынша сұраныс пен ұсыныстың бірлескен болжамын қалыптастыру

Агроөнеркәсіптік саясат департаменті

мүше мемлекеттердің аграрлық секторының дамуы ахуалын бағалау және басымдықтарын анықтау, Одақтың агроөнеркәсіптік нарығының сымйымдылығын, өзара тасымалдау әлеуеттерін, экспортты және импортты алмастыруды бағалау

7. Одақта кедендік реттеуді жетілдіру және кедендік операциялардың жасалу тәртібін оңайлату

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің күшіне енуін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдау

мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің күшіне енуін қамтамасыз етуіне жәрдем көрсету

Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті, Кедендік инфрақұрылым департаменті, Қаржы саясаты департаменті

Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық және уақытша шығындарын азайту

мүше мемлекеттердің заңнамасын Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес келтіру

Одақтың құқығына енетін кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін актілерді Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес келтіру

Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімнің жобасын пысықтау және келісу

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне қол қоюға байланысты Одақтың құқығына енетін актілерді әзірлеу және оларды Одақ органдарының қарауына ұсыну

8. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін Одақтың кедендік шекарасында кедендік бақылау мен өзге де бақылау түрлерінің сапасын жоғалтпай кедендік рәсімдерді оңайлату және жеделдету

сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін дамыту

мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін дамыту бойынша іс-қимылдары мониторингі

Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті, Кедендік инфрақұрылым департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті

сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде қажет болатын кедендік операцияларды жасаумен байланысты уақытша және құндық шығындарды азайту

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қатысу

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу

"бірыңғай терезе" ұлттық механизмінің эталондық моделін әзірлеуге қатысу

"бірыңғай терезе" ұлттық механизмінің эталондық моделін әзірлеу




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады