Аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шараларының тиімділігін бағалау әдіснамасы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 11 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 95-бабының 7-тармағының 4 және 8-тармақшаларына сәйкес, сондай-ақ:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалауға бірыңғай тәсілдемелер әзірлеу,

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аграрлық азық-түлік нарығын орнықты дамытуды қамтамасыз ету,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік реттеу мониторингін жүргізу, соның ішінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау мақсатында,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап агроөнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және оны іске асыру бойынша мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеу кезінде қосымшаға сәйкес Аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шараларының тиімділігін бағалау әдіснамасын ескеруді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 24 сәуірдегі
№ 11 ұсынымына
ҚОСЫМША

Аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шараларының тиімділігін бағалау ӘДІСНАМАСЫ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Әдіснама ауыл шаруашылығы өндірісінің орнықты дамуының және аграрлық азық-түлік нарығы тұрақтылығының жүйе түзуші факторы ретінде аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеудің және агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың тиімділігін арттыру мақсатында әзірленді және аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған жүйелік талдауды жүргізу және шешімдер қабылдау кезінде қолданылады.

      2. Осы Әдіснама мемлекеттік бағдарламалар, жобалар және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары (бұдан әрі сәйкесінше – мүше мемлекеттер, Одақ) қабылдайтын реттеуші шешімдердің жиынтығы нысанында көрініс табатын аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың жүйелік-мақсатты механизмін кешенді талдауға негізделген және әрбір мүше мемлекет, жалпы Одақ бойынша агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсаттарын іске асыруға қатысты да, кез келген талдап тексеру дәрежесі кезінде өнімнің жекелеген топтарына қатысты да реттеудің тиімділігін қарастыруға мүмкіндік береді.

      3. Осы Әдіснама барынша нысандандырылған, статистикалық көрсеткіштердің бірыңғай тізбесіне, қарапайым математикалық аппаратқа және мүше мемлекеттердің жыл сайынғы мемлекеттік статистикалық бағдарламаларының деректеріне негізделген, сондай-ақ барлық мүше мемлекеттерде бірнеше рет пайдалануға сәйкестендірілген.

      4. Осы Әдіснама мүше мемлекеттер үшін аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдауды жүйелік талдауға қойылатын жалпы тәсілдемелерге сүйенеді және осындай реттеудің шаруашылық қызметіне ықпал етуінің тиімділігін сапалық және сандық бағалау критерийін ескереді, соның ішінде:

      1) мүше мемлекеттердің мемлекеттік бағдарламаларына немесе мемлекеттік органдарының шешімдеріне сәйкес бөлінетін ассигнациялау жиынтығы және нарықтық бағаларды қолдау механизмін пайдалану бойынша мемлекеттік қолдау деңгейін анықтау;

      2) үшінші мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдері нарығына қолжетімділікті реттеу бойынша шаралардың тиімділігі (импортты реттеудің теңдестірілген жүйесімен үйлесімде қолдау шараларының тиімділін есепке алу);

      3) агроөнеркәсіптік кешенді қолдау механизмдері тиімділігінің макроэкономикалық жағдаймен, тұрғындардың табыс ахуалымен, бюджеттік және инфляцияға қарсы саясатпен өзара байланысы.

      5. Аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау тиімділігі қаржылық және қаржылық емес құралдардың (механизмдердің) шаруашылық қызметіне, өнімге және қызметтер көрсетуге, тұтынушыларға, нарық жағдайына, сондай-ақ институционалдық ортаға ықпал етуінің нәтижелілігіне қарай анықталады.

      6. Аграрлық азық-түлік нарығын тиімді мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау критерийлерін әзірлеу агроөнеркәсіптік кешеннің көп факторлығын және ауыл шаруашылығы саласында қабылданған халықаралық міндеттерге және мүше мемлекеттердің өзара сауда нарықтық механизмдерінің жұмыс істеуі қағидаттарына сәйкес ұлттық мемлекеттік реттеу жүйелерінің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

II. Қолданылу саласы

      7. Осы Әдіснама аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау саласында қолданылады және экономиканың осы секторының даму ерекшеліктерін, соның ішінде ауыл шаруашылығының маусымдық сипатын, мүше мемлекеттердің аумағында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру тиімділігіне әсер ететін географиялық және климаттық жағдайларды және оның қарқынды дамитын интеграциялық процестер жағдайында ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік ортаға бейімделу қабілетін ескереді.

      8. Аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау саласы агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың (ресурстық қамтамасыз ету) қаржылық әдістеріне сүйенетін құралдарды (механизмдерді) да, әсіресе тікелей қаржылық қолдау көрсету мүмкін болмаған жағдайда кем емес тиімді әрекет ететін агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың әкімшілік әдістеріне сүйенетін құралдарды (механизмдерді) да қамтиды.

      9. Аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау құралдары (механизмдері) ауыл шаруашылығы саоасында қызметті жүзеге асырудың аумақтық ерекшелігін ескере отырып жалпымемлекеттік деңгейде және (немесе) жекелеген өңірлер (жергілікті жерлер) деңгейінде пайдаланылады, бұл жалпы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен міндеттерін қоюды және оларды жүзеге асыру үшін құралдарды (механизмдерді) конфигурациялауды (үйлестіруді) шарттастырады. Аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау құралдары (механизмдері) төмендегі суретте берілген.



      10. Аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау маңызды проблема болып табылады, себебі елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту әлеуметтік проблемасын шешу ауыл шаруашылығы өндірісі мен аграрлық азық-түлік нарығының ахуалына тәуелді болады.

III. Мемлекеттік реттеудің тиімділігін бағалауды жүргізу кезеңдері

1. Мемлекеттік реттеудің тиімділігін бағалауды жүргізудің бірінші кезеңі

      11. Осы Әдіснаманың мақсаттары үшін агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсаттарын анықтау және жүйелендіру үшін мүше мемлекеттердің олармен белгілі бір қолдау шаралары енгізілетін белгілі бір кезеңде қабылданған нормативтік құқықтық актілеріне талдау жүргізіледі. Нақты мүше мемлекетте қолданылатын аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттей және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау әдістеріне (бағдарламалық-мақсатты, жобалық және т.б.) қарай сәйкес мемлекеттік органдардың шешімдері талданады, қандай да бір реттеу және (немесе) қолдау шарасы енгізілуіне байланысты осы актілерде көрсетілген балама (типтік), комплементарлық және (немесе) дербес мақсаттар анықталады және мынадай топтар бойынша жүйеленеді:

      балама – агроөнеркәсіптік кешен саласында ұлттық мемлекеттік даму бағдарламаларымен бірдей мағынаға ие немесе ұқсас (бұл мақсаттар кейін жалпы типтік мақсаттарға жатқызылады);

      комплементарлық – Одақта бірлескен жобаларды іске асыру кезінде сәйкес мақсаттар шеңберінде өзара толықтыратын міндеттерді шешуді тұспалдайтын;

      дербес (арнаулы) – мүше мемлекеттердің дамудың берілген кезеңінде қажетті деп белгіленген.

      Егер мақсат тікелей көрсетілмеген жағдайда, мүше мемлекеттер қосылған халықаралық келісімдердің нормалары және өзге де халықаралық құқық нормалары (мысалы, егер мемлекет қосылу процесінде болатын болса) ескеріле отырып агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шараларын іске асыру үшін пайдаланылатын құралдардың және (немесе) механизмдердің экономикалық сипаты зерттеледі.

      Аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шараларының тиімділігі реттеу (шараларды қабылдау мақсаттары) және қолдау мақсаттарына жетуді немесе жетпеуді белгілеумен өзара қатынаста болады. Сәйкесінше, бағалау объектілері мақсаттар, ал мәні – мемлекеттік реттеу және қолдау шаралары болып табылады.

      12. Талдау аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешен саясатын жалпы олардың дамуының барлық мақсаттарын, яғни реттеу және (немесе) қолдаудың барлық қолданылатын шараларының жиынтығын ескере отырып, неғұрлым тиімді жүргізуге ықпал ететін шаралар бойынша да, аграрлық азық-түлік нарығын және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жекелеген мақсаттарына жетуге бағытталған шаралар бойынша да (бұл ретте бір шара бір мезгілде бірнеше мақсатты іске асыруды қамтамасыз етуі мүмкін) жүргізілуі мүмкін.

      Үлгі. "Азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету" мақсаттарын тек жеке мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар тамақтануды жақсарту және әлемде аштық пен кедейшілікті жою проблемаларымен айналысатын халықаралық ұйымдар да белгілейді. Алайда мақсаттың өзінің мәнін де, осы мақсатқа қандай шаралар жиынтығымен қол жеткізілетіндігін де ұғынуда айырмашылық бар. Айталық, мемлекет көрсетілген мақсатқа қол жеткізуді ұлттық тәуелсіздікті сақтай отырып, ұлттық өндірушілерді қолдау шараларын іске асыру есебінен ішкі сұранысты қанағаттандыру ретінде белгілейді. Сонымен бірге тәуелсіздік "қауіпсіздік" ұғымынан толығымен алып тасталады, себебі Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) азық-түлік қауіпсіздігі – бұл өзін-өзі қамсыздандыру емес, тұлғындарға қауіпсіз азық-түліктің қолжетімділігін (дизикалық және экономикалық) қамтамасыз ету екендігін тұжырымдық бекітті. ФАО белгілеуі бойынша, кез келген мемлекеттің ұлттық өндірісі салыстырмалы басымдықтарды және еңбекті халықаралы бөлуді ескере отырып тұтынушылықты толығымен қанағаттандыру басым дәрежеде импорт есебінен қамтамасыз етілетін деңгейде дамыған болуы тиіс.

      13. Аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың комплементарлық мақсаттарға жету үшін қолданылатын шараларының жиынтығын талдау олар бекітілген мүше мемлекеттердің бірлескен бағдарламаларын іске асыруға қатысты жүргізіледі.

      14. Аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың дербес (атаулы) мақсаттарға жету үшін қолданылатын шараларының жиынтығын талдау жеке мүше мемлекетте белгілі бір кезеңде қабылданған сәйкес шешімдерге қатысты жүргізіледі.

2. Мемлекеттік реттеудің тиімділігін бағалауды жүргізудің екінші кезеңі

      15. Мақсаттарды баламаға (типтік) жатқызу аграрлық азық-түлік нарығының және агроөнеркәсіптік кешенінің дамуының негізгі бағыттарына қатысты олардың әмбебап сипатымен негізделген:

      аграрлық азық-түлік нарығын қамтамасыз етумен байланысты стратегиялық міндеттерді шешу;

      агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік базасын дамыту;

      қаржылық және материалдық ресурстарды оңтайлы пайдалану;

      агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорнының орнықты коммерциялық қызметі және қаржылық орнықтылығы үшін жағдай жасау.

      Осылайша, типтік мақсаттарды іске асыру нәтижелері мемлекеттік реттеу және қолдау шараларын қабылдау нәтижесінде аграрлық азық-түлік нарығының және агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының жалпы қаржылық-экономикалық, материалдық-техникалық және стратегиялық қорытындысын көрсетеді.

      16. Мүше мемлекеттерде аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шараларының тиімділігін бағалауды жүргізу үшін балама мақсаттардың қалыптастырылған тобынан орташа мерзімді кезеңде мынадай жалпы (типтік) мақсаттар бөлініп шығады:

      1) азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету;

      2) қаржылық орнықтылықты арттыру;

      3) ауыл аумақтарын орнықты дамыту;

      4) ұдайы өндіріс және ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру;

      5) ауыл шаруашылығы өнімін өткізуді қамтамасыз ету, оның тауарлығын арттыру;

      6) аграрлық азық-түлік нарығының инфрақұрылымын дамытуды қолдау.

      17. Типтік мақсаттар талдаудың бірінші кезеңінің және балама мақсаттар топтарын қалыптастыру нәтижесінде нақтылануы мүмкін. Типтік мақсаттарды өзгерту нарықтардағы жаһандық ілгерілеуді және мүше мемлекеттердің мемлекеттік бағдарламаларда, мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары қабылдайтын реттеуші шешімдердің жобаларында және (немесе) жиынтығында көрінетін мемлекеттік реттеу және (немесе) агроһнеркәсіптік кешенді қолдаудың сәйкес шараларын қабылдау бойынша жауаптық шешімдерін көрсетеді.

      18. Агроһнеркәсіптік кешенді қолдау мақсаттарына қол жеткізу мынадай критерийлерге сәйкес анықталады:

      нәтижелілік: мақсаттарға қаншалықты қол жеткізілді және міндеттер орындалды, қандай негізгі факторлар мақсатқа қол жеткізуге немесе қол жеткізбеуге ықпал етеді;

      оңтайлылық: нәтижелерге қол жеткізу үшін ресурстар қаншалықты оңтаулы пайдаланылды, нәтижелерге уақытылы қол жеткізілді ме;

      ықпал ету: оң және теріс өзгерістер бағаланады (шараларды іске асыру нәтижелері, мұндай нәтижелерге ықпал ететін ықтимал себептер);

      орнықтылық: қаржыландыруды іске асыру аяқталғаннан немесе тоқтатылғаннан кейін оң әсердің жалғасуы;

      шығындылық: шығындарды өтеуге ара-қатынасы.

      Әрбір критерий динамикада өлшенетін 1-ден 3-ке дейін статистикалық көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін.

3. Мемлекеттік реттеудің тиімділігін бағалауды жүргізудің үшінші кезеңі

      19. Аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шараларының тиімділігін талдау үшін бағалау объектісінің критерийлері мен жай-күйінің көрсеткіштерінің ара қатынасын белгілеу, есептеу және деректерді өңдеу жүргізіледі.

      Осы Әдіснамада бағалау үшін сомалық 31 көрсеткішті қамтитын көрсеткіштердің 7 типі пайдаланылады. Көрсетілген көрсеткіштер мемлекеттік реттеудің әрбір мақсаты үшін нәтижелілік, оңтайлылық, ықпал ету, орнықтылық және шығындылық критерийлеріне сәйкес бөлінеді (1 және 2-кестелер).

  1-кесте

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігін бағалауға арналған көрсеткіштер тізбесі

Көрсеткіштер типі

Көрсеткіштің атауы

1. Қаржылық жағдай көрсеткіштері

активтер көлемінің өзгеруі;
ағымдағы өтімділік коэффициенті;
активтерге борышкерлікке қарым-қатынас;
сатылған тауарлардың, өнімнің, жұмыстардың, қызметтер көрсетудің рентабельдігі (залалдылығы);
активтердің рентабельдігі

2. Өндіріс көрсеткіштері

импорттық шикізатқа шығындар үлесі;
өндіріс индексі

3. Инвестициялар көрсеткіштері

табыстағы ҒЗТКЖ шығындарының үлесі
 

4. Еңбек көрсеткіштері

ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың орташа жылдық саны;
1 жұмысшыға есептелген орташа айлық шынайы жалақы

5. Баға көрсеткіштері

өндірушілер бағасының тұтынушылық бағаға ара-қатынасының динамикасы;
ауыл шаруашылығы ұйымдары үшін өнеркәсіптік тауарлар бағасының индексі;
өндірушілер бағасының индексі

6. Сыртқы сауда көрсеткіштері

әкелу баждары;
әкету баждары;
экспорттың физикалық көлемінің динамикасы;
импорттың физикалық көлемінің индексі;
қосымша тарифтік емес шаралар саны

7. Қосымша көрсеткіштер

шығасы динамикасы;
ресурстардағы импорттың үлесі;
қор көлемінің өзгеруі;
қолдау көлемінің тұтынуға ара-қатынасының индексі;
егіс алаңдарының және қара мал басының индексі;
өндірістік тұтыну индексі;
қолдаудың өндіріске қарым-қатынасы;
қоймалар алаңы;
негізгі тағам өнімдерін тұтыну;
ауыл шаруашылығы ұйымдарында химиялық мелиорациялау бойынша жұмыстарды жүргізу;
тауарлық;
азық-түлік тәуелсіздігінің деңгейі

      Қосымша көрсеткіштер кейбір коэффициенттер бір мезгілде көрсетіштердің бірнеше типіне жатқызылуы мүмкін екендігіне байланысты (мысалы, ресурстардағы импорттың үлесі бір мезгілде өндіріс көрсеткіштеріне де, сыртқы сауда көрсеткіштеріне де жатқызылуы мүмкін) жеке типке бөліп көрсетілген.

  2-кесте

Статистикалық көрсеткіштер мен мақсаттар (критерийлер) арасындағы ара-қатынас

Мақсат

Критерийлер

нәтижелілік

оңтайлылық

ықпал ету

орнықтылық

шығындылық

1

2

3

4

5

6

1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

негізгі тағам өнімдерін тұтыну;
азық-түлік тәуелсіздігінің деңгейі

сатылған тауарлардың, өнімнің, жұмыстардың, қызметтер көрсетудің рентабельдігі (залалдылығы) (айырмашылық);
импорттық шикізатқа шығындар үлесі (айырмашылық)

өндіріс индексі;
өндірушілер бағасының индексі;
импорттың физикалық көлемінің индексі

активтерге борышкерлікке қарым-қатынас;
импорттық шикізатқа шығындар үлесі (айырмашылық)
 

қолдаудың өндіріске қарым-қатынасы
 

2. Қаржылық орнықтылықты арттыру

сатылған тауарлардың, өнімнің, жұмыстардың, қызметтер көрсетудің рентабельдігі (залалдылығы) (айырмашылық);
активтерге борышкерлікке қарым-қатынас
 

ағымдағы өтімділік коэффициенті
 

өндірушілер бағасының индексі;
ауыл шаруашылығы ұйымдары үшін өнеркәсіптік тауарлар бағасының индексі

активтердің рентабельдігі (айырмашылық);
табыстағы ҒЗТКЖ шығындарының үлесі

қолдаудың өндіріске қарым-қатынасы

3. Ауыл аумақтарын орнықты дамыту

ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың орташа жылдық саны;
егіс алаңдарының және қара мал басының индексі

өндіріс индексі

1 жұмысшыға есептелген орташа айлық шынайы жалақы;
өндірушілер бағасының индексі;
ауыл шаруашылығы ұйымдары үшін өнеркәсіптік тауарлар бағасының индексі

активтер көлемінің өзгеруі
 

қолдаудың өндіріске қарым-қатынасы

4. Ұдайы өндіріс және ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру

экспорттың физикалық көлемінің динамикасы;
егіс алаңдарының және қара мал басының индексі

активтердің рентабельдігі (айырмашылық)
 

1 жұмысшыға есептелген орташа айлық шынайы жалақы;
ауыл шаруашылығы ұйымдары үшін өнеркәсіптік тауарлар бағасының индексі
 

өндіріс индексі;
өндірістік тұтыну индексі

активтерге борышкерлікке қарым-қатынас
 

5. Ауыл шаруашылығы өнімін өткізуді қамтамасыз ету, оның тауарлығын арттыру

экспорттың физикалық көлемінің динамикасы;
ресурстардағы импорттың үлесі (айырмашылық);
тауарлық (айырмашылық)

қор көлемінің өзгеруі

әкелу баждары (айырмашылық);
әкету баждары (айырмашылық);
қосымша тарифтік емес шаралар саны;
өндірушілер бағасының индексі

сатылған тауарлардың, өнімнің, жұмыстардың, қызметтер көрсетудің рентабельдігі (залалдылығы) (айырмашылық) 

өндірушілер бағасының тұтынушылық бағаға ара-қатынасының динамикасы 

6. Аграрлық азық-түлік нарығының инфрақұрылымын дамытуды қолдау

ауыл шаруашылығы ұйымдарында химиялық мелиорациялау бойынша жұмыстарды жүргізу;
қоймалар алаңы (осы көрсеткіш үшін статистикалық деректер ашық қолжетімділікте жоқ)

шығасы динамикасы

табыстағы ҒЗТКЖ шығындарының үлесі 

сатылған тауарлардың, өнімнің, жұмыстардың, қызметтер көрсетудің рентабельдігі (залалдылығы) (айырмашылық) 

қолдау көлемінің тұтынуға ара-қатынасының индексі
 

IV. Аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шараларының тиімділігін талдау әдістемесі

      20. Аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шараларының тиімділігін талдау мақсатында есептеуді және деректерді өңдеуді жүргізу үшін статистикалық деректер ретінде мүше мемлекеттердің жыл сайынғы статистикалық бағдарламаларының деректері пайдаланылады.

      Қажет болған жағдайда халықаралық ұйымдардың статистикалық деректері пайдаланылуы мүмкін.

      21. Әрбір көрсеткіш мынадай формула бойынша динамикада есептеледі (яғни өткен жылға қатысы брйынша) (пайызбен):




      мұндағы:


– динамикадағы көрсеткіштің мәні (индекс);

– t жылдағы көрсеткіштің мәні;

– t-1 жылдағы көрсеткіштің мәні.

      Динамикадағы статистикалық көрсеткіштерді талдау олар реттеудің мемлекеттік шаралары алып келген өзгерістерді қадағалап отыруға мүмкіндік беруімен шарттастырылған. Динамикалық индекстерді қолданудың арқасында оларды неғұрлым жоғары деңгейге дейін агрегациялау мүмкін болады (бір мақсатқа қол жеткізу үшін ғана емес, сонымен бірге жалпы ауыл шаруашылығы, аграрлық азық-түлік нарығы және (немесе) агроөнеркәсіптік кешен үшін).

      22. Динамикаға қарай (жақсару, нашарлау немесе өзгерістердің болмауы) әрбір статистикалық көрсеткішке 1 балл "динамикалық баға" қойылады. Балл қою есептеулерді біріздендіру және әртүрлі көрсеткіштерді түсіндіру қажеттілігімен шарттастырылған.

      "Динамикалық бағалау" баллы 3 мәнді қабылдай алады: "– 1"
(көрсеткіш динамикасы нашарлаған жағдайда), "0" (көрсеткіш динамикасында өзгерістер болмаған жағдайда), "1" (көрсеткіш динамикасы жақсарған жағдайда).

      Нәтижесінде әрбір мақсат үшін әрбір критерий үшін алынған балл соммасы қосылады.

      Бұдан әрі мақсатты бағалау индексі есептеледі (сонымен бірге динамикада талданатын): "динамикалық бағалау" баллының алынған сомасы мынадай формулаға сәйкес осы мақсатқа арналған ең жоғары ықтимал балл сомасына бөлінеді:



      мұндағы:


– t жылдағы (i) мақсатты бағалау индексі;

– t жылдағы i мақсаттың k критерийі шеңберіндегі n көрсеткіш баллының мәні ("динамикалық бағалау" баллы);

– мақсатты бағалау индексінің динамикасы;

      a – мақсатты бағалау индексі динамикасын есептеуге арналған уақытша параметр (өткен кезең (t-a = t-1), базалық кезең ("t-a" орнына – "2006"), кезеңдегі орташа мән (бұл жағдайда "t-a" индексті мақсатты бағалау индексі кезеңдердің санына бөлінген t барлық кезеңі үшін мақсатты бағалау индекстерінің сомасы ретінде белгіленетін болады)).

      Үлгі. "Азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету" мақсаты шеңберінде соммалық 10 көрсеткіш ұсынылған (барлық критерийлер бойынша көрсеткіштер сомасы). Осылайша, осы мақсат үшін алуға болатын ең жоғары ықтимал мән 10 баллды құрайды. Бұл ретте, егер есептеудің мәні бар болса, мысалы, "азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету" мақсаты үшін 5 балл, осы мақсатты бағалау индексі 0,5 немесе 50 % құрайды. Осы мән мақсатқа 50 % қол жеткізілгенін білдіреді. Алайда тек сандық мән (яғни ағымдағы жылдың мәні) мемлекеттік реттеу шарасының тиімділігін көрнекі бағалауға мүмкіндік бермейді. Айталық, мысалы, өткен жылы бағалау 25 % құрауы мүмкін, бұл ағымдағы жылы шаралардың тиімділігі өскенін куәландырады. Осылайша, осы бағалау динамикада қарастырылады.

      23. Мақсатты бағалау индексінің динамикасын талдау мемлекеттік шараларды іске асыру арқылы қойылған мақсатқа қол жеткізу дәредесін сипаттайды, себебі мақсатты бағалау индексі реттеудің мемлекеттік шараларының тиімділігін бағалау құралы болып табылады және мемлекеттік реттеу шараларын қолдануға байланысты саладағы көрсеткіштердің оң динамикасының үлесі туралы куәландырады.

      Мақсатты бағалау индексінің динамикасын талдау жеке кезеңдер бойынша да (мысалы, өткен жылға қатысы бойынша), бірнеше кезеңдер бойынша да (мысалы, өткен жылға, базалық кезеңге және кезеңдегі орташа мәнге қатысы бойынша динамиканы ескеруі тиіс) жүргізілуі мүмкін.

      24. Осы Әдіснама қандай критерий (көрсеткіш, мақсат) мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігін бағалаудың өзгеруіне алып келгенін анықтауға мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады