Тауарлардың сыртқы және өзара саудасы статистикасының интеграцияланған деректерін қалыптастыру туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 18 тамыздағы № 15 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 12-тармағына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап, тауарлардың экспорты мен импортының бөлінісін сипаттайтын тауарлардың сыртқы және өзара саудасы статистикасының деректерін статистиканың басқа да салаларының деректерімен және тізілімнің деректерімен (мемлекеттік, статистикалық, бизнес-тізілімдер және басқа) байланыстыру негізінде интеграцияланған деректерді қалыптастыру бөлігінде "Халықаралық тауарлар саудасының статистикасы: тұжырымдамалар және айқындаулар, 2010 жыл" халықаралық стандартын:

      сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың экономикалық қызметі түрлері бойынша;

      сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың көлемі (қызметкерлердің саны) бойынша;

      сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың меншік нысандары бойынша;

      сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың әкімшілік-аумақтық тиесілігі бойынша қолдануды қамтамасыз етуді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады