Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде шығарылған ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарға сұранысты ынталандыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 1 ұсынымы

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 27 қосымша) 2-тармағы 2-тармақшасының екінші абзацына сәйкес

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды шығаруды дамыту үшін жағдай жасау туралы" № 4 шешімінің 2-тармағының негізінде

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) шығарылған ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарға сұранысты ынталандыру мақсатында

      осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап мүше мемлекеттерге:

      ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды лизингке берудің ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге қаржылай жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін жағдайларын (лизингтің мерзімі, жылдық сыйақы, қосымша жеңілдіктер) оңтайландыру;

      мүше мемлекеттерде шығарылмайтын ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды шығарушылар шығаратын өнімнің, соның ішінде қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономикалық тиімділік критерийлеріне сәйкестігіне қарай, оларға мемлекеттік қолдау беру механизмдерін әзірлеу;

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы машиналарын жасау нарығына мониторинг жүргізу мақсатында 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге сәйкес ауыл шаруашылығына арналған көлік құралдары мен өздігінен жүретін машиналарды электрондық есепке алуды қамтамасыз ету мүмкіндігіне талдау жасауды ұсынады.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
В. Габриелян

Беларусь
Республикасынан
В. Матюшевский

Қазақстан
Республикасынан
А. Мамин

Қырғыз
Республикасынан
О. Панкратов

Ресей
Федерациясынан
И. Шувалов

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2017 жылғы 13 қаңтардағы
№ 1 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды шығару мен қолданудың экономикалық тиімділігі критерийлерінің
ТІЗБЕСІ

      1. Түрлі типтегі ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды шығару мен қолдану кезінде орындалатын технологиялық операциялардың өзіндік құнын азайту.

      2. Түрлі типтегі ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды шығару мен қолдану кезінде технологиялық операцияларды орындау кезінде еңбек өнімділігін өсіру.

      3. Ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды жұмыс істейтін күйде ұстауға шығындарды азайту.

      4. Ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар үшін мотор отынына қажеттілікті азайту.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады