Еуразиялық экономикалық одақтың 2018 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 15 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 99 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібінің 5-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың 2018 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары бекітілсін.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2018 жылғы 18 маусымдағы
№15 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың 2018 жылға арналған халықаралық қызметінің НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

І. Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметі туралы негізгі ережелер

      Осы Негізгі бағыттар Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 99 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібінің 5-тармағына сәйкес, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 4-бабында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) мақсаттарын ескере отырып әзірленген және Одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) экономикалық өсуге, экспорттық әлеуетті арттыруға және іске асыруға, Одақтың халықаралық аренада сенімді, болжамды белгілі әріптесі ретінде көрінуіне ықпал етуге арналған.

      Одақтың халықаралық қызметі өкілеттіктер шегінде және көрсетілген Шартпен әрі Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен айқындалған салаларда жүзеге асыралады.

ІІ. 2018 жылға арналған халықаралық қызметтің бағыттары

      Одақ 2017 жылы халықаралық қызметті жүзеге асырған кезде мынадай бағыттар басым болып табылады:

      ынтымақтастықтың жасалып қойған механизмдерін, соның ішінде халықаралық сипатта жасалған актілердің, преференциялық және преференциялық емес сауда келісімдерін жасасу туралы жүргізілетін келіссөз процестерінің шеңберіндегілерін дамыту мақсатында, сондай-ақ Одақтың халықаралық қызметінің өзге де форматтарында үшінші елдердің үкіметтерімен, өңірлік бірлестіктермен, халықаралық ұйымдармен және үшінші елдердің бизнес қоғамдастықтарымен өзара іс-қимыл;

      өзара іс-қимылдың ықтимал нысандарын анықтау, атап айтқанда, меморандумдарға және халықаралық сипаттағы басқа да актілерге қол қою, Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мен мүше мемлекеттер өкілдерінің преференциялық және преференциялық емес сауда келісімдерін жасасу туралы келіссөздер жүргізуі мақсатында (егер келіссөздер келіссөз делегациясымен бірлесіп жүргізілген жағдайда) Одақпен ынтымақтастыққа мүдделілігін білдіретін үшінші елдердің үкіметтерімен, өңірлік бірлестіктермен, халықаралық ұйымдармен және үшінші елдердің бизнес-қоғамдастықтарымен өзара іс-қимыл;

      еуразиялық экономикалық интеграция туралы өзекті ақпаратты ілгерілету және атап айтқанда, әртүрлі халықаралық алаңдарда Одақтың таныстырылымдарын және бірлескен бейіндік іс-шаралар өткізу жолымен өңірлік экономикалық интеграцияның тиімді және бәсекеге қабілетті халықаралық ұйым ретіндегі Одақ туралы оң түсінікті қалыптастыру мақсатында үшінші елдердің үкіметтерімен, өңірлік бірлестіктермен, халықаралық ұйымдармен, үшінші елдердің бизнес қоғамдастықтарымен және сараптамалық топтарымен өзара іс-қимыл.

      Одақтың және оның мүше мемлекеттерінің халықаралық қызметі саласындағы негізгі күш жігері 2018 жылы:

      Одақтың мүшелері болып табылмайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттермен және ТМД кеңістігіндегі өңірлік бірлестіктермен өзара іс-қимылды дамытуға шоғырланатын болады.

      Көрсетілген елдерде (бірінші кезекте Орталық Азия мемлекеттерінде) еуразиялық экономикалық интеграция идеяларын танымал ету бойынша мақсатты бағытталған, соның ішінде осы мемлекеттердің экономикаларына Одақтың бірыңғай нарығына жол ашатын қосымша мүмкіндіктер тұрғысындағы жұмыс жалғасатын болады.

      Молдова Республикасымен өзара іс-қимыл 2017 жылғы 3 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия мен Молдова Республикасының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Молдова Республикасына Кеңес жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесін беру мәселесі бойынша шешім қабылданғаны ескеріле отырып жалғасатын болады.

      Өңірлік бірлестіктердің тұрақты жұмыс істейтін атқарушы органдарымен, соның ішінде ТМД-ның Атқарушы комитетімен және Одақтық мемлекеттің Тұрақты Комитетімен;

      еуропалық мемлекеттермен, Еуропалық одақпен, Еуропадағы басқа да өңірлік интеграциялық бірлестіктермен және еуропалық өңірде жұмыс істейтін ұйымдармен көрсетілген ұйымдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс жалғасады.

      Еуропалық бағытта халықаралық қызметті құру үкіметтер, бизнес қоғамдастықтар, сараптамалық топтар тарапынан Одақпен ынтымақтастыққа қызығушылық, сондай-ақ олардың Одақ пен Еуропалық одақтың өзара іс-қимылына арналған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша бастамалары ескеріле отырып, жүзеге асырылатын болады және мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өзара саудасын дамытуға және сыртқы экономикалық қызметін ырықтандыруға жәрдемдесуге, осындай қызметтің барысында туындайтын мәселелерді реттеуге арналған диалог механизмдерін құруға, сондай-ақ ресми топтардың өкілдерімен байланыстар орнатуға және еуропалық өңір мемлекеттерінің үкіметтерімен ынтымақтастықты институализациялауға бағытталатын болады.

      Грек Республикасымен өзара іс-қимыл 2017 жылғы 24 маусымдағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы Ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияның шеңберінде, Сербия Республикасымен – мүше мемлекеттер мен Сербия Республикасының арасындағы сауда режимін біріздендіру туралы келісімді дайындау жөніндегі келіссөздер процесінің шеңберінде, Венгриямен – 2016 жылғы 26 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссия мен Венгрия Ауыл шаруашылығы министрлігінің арасындағы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумның шеңберінде, Италия Республикасын, Словак Республикасын, Чех Республикасын және т.б. қоса алғанда, өңірдің басқа мемлекеттерімен – өзара іс-қимылдың ықтимал форматтарын анықтау және кейіннен ынтымақтастықты институализациялау мақсатында еуразиялық экономикалық ынтымақтастыққа арналған дәстүрлі іс-шаралар шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

      "Интеграциялардың интеграциясы" бастамасын ілгерілету шеңберінде Комиссияның Еуропалық комиссиямен тікелей байланыстарын орнату, 2015 жылғы 17 қыркүйектегі "Еуразиялық экономикалық одақ – Еуропалық одақ: ынтымақтастық контурлары" атты естелік жазбада баяндалған ұсыныстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Одақ пен Еуропалық одақтың ынтымақтастығы мәселелері бойынша жоғары деңгейде конференция өткізу туралы бастамасын іске асыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жалғасатын болады.

      Құқықтық реттеу мәселелері (стандарттау және техникалық реттеу мәселелері) бойынша сарапшылық деңгейдегі өзара іс-қимылды дамыту Одақ пен Еуропалық одақтың ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі қызметтің перспективалық бағыттарының біріне айналуы мүмкін.

      Комиссия өңірлік экономикалық интеграция процестерін дамытуға жәрдем көрсететін өңірдің халықаралық ұйымдарымен – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (өңірдегі экономикалық қоржын және экономикалық өзара байланыстылық мәселелері бөлігінде), Орталық Еуропалық бастамамен, Еуропалық еркін сауда қауымдастығымен, Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымымен;

      Солтүстік Америка мемлекеттерімен, өңірлік бірлестіктерімен және бизнес қоғамдастықтарымен, бірінші кезекте Америка Құрама Штаттарымен, Канадамен, Мексика Құрама Штаттарымен;

      Азия және Азия-Тынық мұхиты мемлекеттерімен, өңірлік бірлестіктерімен және халықаралық ұйымдарымен және т.б. ынтымақтастықты нығайту бағытын жалғастырады. Комиссияның күш-жігері мынадай негізгі әріптестермен өзара іс-қимылға бағытталатын болады:

      Қытай Халық Республикасымен, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді, Одақ пен ҚХР-дың кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен хһалықаралық тасымал көлік құралдары туралы келісімді жасасу бойынша, сондай-ақ Одақ пен Жібек жолы Экономикалық белдеуін ұштастыру мәселелері бойынша келіссөздер процесі шеңберінде;

      Вьетнам Социалистік Республикасымен, оның ішінде 2015 жылғы 29 мамырдағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімді іске асыру шеңберінде;

      Үндістан Республикасымен, Сингапур Республикасымен еркін сауда туралы келісімдер жасасу жөніндегі келіссөздер шеңберінде;

      Моңғолияның, Сингапур Республикасының, Камбоджа Корольдігінің үкіметтерімен жасалған меморандумдарды іске асыру шеңберінде;

      Корей Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігімен жасалған Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде;

      Индонезия Республикасын, Малайзияны, Тайланд Корольдігін, Жапонияны және басқаларды қоса алғанда, өңірдің басқа да мемлекеттерімен ынтымақтастық орнату немесе оны институализацииялау мақсатында;

      Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен (АСЕАН), Шанхай ынтымақтастық ұйымымен (ШЫҰ) және "Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы" (АТЭЫ) форумымен;

      Латын Америкасы мемлекеттерімен және өңірлік бірлестіктерімен, оның ішінде:

      Чили Республикасымен және Перу Республикасымен өзара түсіністік туралы жасалған меморандумдарды іске асыру шеңберінде;

      Аргентина Республикасын, Бразилия Федеративтік Республикасын, Колумбия Республикасын, Куба Республикасын, Эквадор Республикасын және т.б. қоса алғанда, өңірдің басқа да мемлекеттерімен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қою жолымен ынтымақтастықты нақтылау перспективаларын қарау бойынша;

      Анд қоғамдастығының Бас хатшылығымен тиісті меморандумды іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Оңтүстік америкалық ортақ нарықпен (МЕРКОСУР), Кариб қоғамдастығымен (КАРИКОМ), Кариб мемлекеттері қауымдастығымен, Латын Америкасының интеграция қауымдастығымен (ЛАИ), оның ішінде өзара түсіністік туралы меморандумдар дайындау және оларға қол қою бойынша. Тынық мұхит Альянсымен, Орталық Американың интеграциялық жүйесімен (ОАИЖ), Латын Америкасы және Кариб бассейні елдерінің қоғамдастығымен (СЕЛАК) өзара іс-қимылды жолға қою жұмысы жалғасады.

      Таяу Шығыс және Африка мемлекеттерімен және өңірлік бірлестіктерімен, оның ішінде:

      Мысыр Араб Республикасымен және Израиль мемлекетімен еркін сауда аймақтары туралы келісімдер жасасу бойынша келіссөздер шеңберінде;

      Иран Ислам Республикасымен еркін сауда аймағын құруға әкелетін уақытша келісім дайындау жөніндегі келіссөздер процесі шеңберінде;

      өңірдің Одақпен ынтымақтастыққа қызығушылық білдіретін мемлекеттерімен және интеграциялық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды жолға қою және институализациялау туралы мәселені зерделеу жалғасатын болады.

      Бразилия Федеративтік Республикасымен, Үндістан Республикасымен, Қытай Халық Республикасымен және Оңтүстік Африка Республикасымен қазір бар өзара іс-қимыл деңгейін және ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарларды ескере отырып, Комиссия осы елдердің шақыруы бойынша осы елдердің ресми өкілдерімен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін БРИКС форматы мен алаңын пайдаланатын болады.

      Комиссия үшінші елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумды Одақта Комиссияның құзыретіне берілген мәселелер бөлігінде экономикалық күн тәртібі бойынша диалог қалыптастыруға мүмкіндік беретін оңтайлы формат ретінде қарастырады.

      Ынтымақтастық туралы меморандумдарға сәйкес қалыптастырылатын және жұмыс істейтін жұмыс топтарының қызметі мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының, Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесі өкілдерінің, сондай-ақ мүше мемлекеттердің іскер топтарының белсенді түрде қатысуы жағдайында жүзеге асырылатын болады.

      Мүше мемлекеттер жасалған меморандумдардың шеңберінде өткізілетін форумдарға, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге және т.б. ақпараттық сүйемелдеу арқылы қолдау және іскер топтар мен мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдары өкілдерінің делегацияларын қалыптастыруға жәрдем көрсететін болады.

      Кездесулер мен консультацияларды, оның ішінде үшінші елдердің аумақтарындағыларды қоса алғанда, үшінші елдерге қатысты арнайы, қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша үшінші елдер үкіметтерінің өкілдерімен, сондай-ақ үшінші елдермен, өңірлік интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жалғасатын болады.

      Халықаралық ұйымдармен, оның ішінде:

      Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жүйесінің ұйымдарымен Одақ құзыретінің шеңберінде (оның ішінде БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік кеңесінің өңірлік комиссияларымен (ЭКОСОС) – БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен (БҰҰ ЕЭК), БҰҰ-ның Азияға және Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және Әлеуметтік комиссиясымен (ЭСКАТО) жасалған өзара түсіністік туралы меморандумдардың шеңберінде, БҰҰ-ның Латын Америкасы мен Кариб бассейніне арналған Экономикалық комиссиясымен (ЭКЛАК) ынтымақтастық туралы негіздемелік құжатқа қол қою мәселесі бойынша және ЭКОСОС функционалдық комиссиясымен – Статистикалық комиссиямен), БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерімен (ЮНКТАД бәсекелестік саласындағы заңнама және саясат жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобымен, ЮНКТАД тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнама және саясат жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда рәсімдерін оңайлату және электрондық іскерлік операциялар жөніндегі орталығымен (БҰҰ СЕФАКТ), Өнеркәсіптік даму бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымымен (ЮНИДО), Халықаралық валюта қорымен, Дүниежүзілік банк Тобымен (МЦУИС пен МАГИ-ден басқа), Біріккен Ұлттардың Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ), Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ВОИС), Халықаралық еңбек ұйымымен (ХЕҰ), Дүниежүзілік пошта одағымен), БҰҰ басшыларының Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен (БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ)), БҰҰ жүйесінің негізгі заң органы ретіндегі Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиямен (ЮНСИТРАЛ) (электрондық сауда жөніндегі жұмыс топтарының отырыстарына микро, шағын және орта кәсіпорындардың қатысуын қоса алғанда), сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының органы ретіндегі БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясымен көп жақты ынтымақтастық дамитын болады.

      Мүше мемлекеттердің және Комиссияның күш-жігері Одақтың БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесін алу мәселесін пысықтауға, БҰҰ жүйесі ұйымдарымен ынтымақтастықтың бекітілген бағдарламаларын іске асыруға және жаңаларын әзірлеуге, БҰҰ Жүйесінің алаңдарында ұйымдастырылатын, соның ішінде орнықты даму проблемалары жөніндегі жоғары деңгейдегі іс-шараларға қатысуға жұмылдырылатын болады.

      Одақ құзыреті шеңберіндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдармен (соның ішінде өңірлік), одақтармен және т.б. олардың салалық органдарымен және мекемелерімен:

      Дүниежүзілік кеден ұйымымен, Жануарлардың саулығын қорғау жөніндегі дүниежүзілік ұйыммен, Халықаралық көші-қон ұйымымен, Халықаралық автомобиль көлігі одағымен, Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымымен, Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен, Халықаралық көлік форумымен, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен, Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйыммен, Халықаралық электр байланысы одағымен, Халықаралық электр-техникалық комиссиямен, Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымымен, Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығымен, Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттар жөніндегі комитетімен, Аудит пен ақпараттың дұрыстығын растаудың халықаралық стандарттары жөніндегі комитетпен, Жойылып кету қаупі төніп тұрған жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенциямен, Аккредиттеу жөніндегі халықаралық форуммен, Қолданбалы жүйелік талдаудың халықаралық институтымен, Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйыммен, Заңнамалық метрология халықаралық ұйымымен, Медициналық бұйымдар реттеуіштерінің халықаралық форумымен, Бұқалардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау жөніндегі халықаралық ұйыммен, Жануарлар генетикасының халықаралық қоғамымен, Адамға арналған дәрілік заттарды тіркеуге қойылатын техникалық талаптарды үйлестіру жөніндегі халықаралық конференциямен, Ауыл шаруашылығы жануарларының белгілерін есепке алу және тіркеу жөніндегі халықаралық комитетпен, Астық жөніндегі халықаралық кеңеспен, Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одақпен, Әлемдік энергетикалық кеңеспен, Газ экспорттаушы елдер форумымен, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымымен, Әлемдік газ одағымен және Еуропа мен Азияның энергетикалық биржаларымен, Энергетика саласындағы реттеуіштердің өзара іс-қимылы жөніндегі агенттікпен, Халықаралық бәсекелестік желісімен, Алиментариус Кодексінің Комиссиясымен, Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенциямен, Салықтар және инвестициялар жөніндегі халықаралық орталықпен, Еуропалық даму банкімен, Мемлекетаралық банкпен, ЕуроАзия ынтымақтастығының Қаржы-банк қауымдастығымен, Еуразиялық патент ұйымымен, Еуропалық одақтың зияткерлік меншік жөніндегі ведомствосымен, Банк қадағалау жөніндегі Базель комитетімен, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің банк қауымдастығымен, Еуропалық орталық банкпен, Стандарттау жөніндегі еуропалық комитетпен, Электр-техникадағы стандарттау жөніндегі еуропалық комитетпен, Аккредиттеу жөніндегі еуропалық ынтымақтастықпен, Фармакопея еуропалық комиссиясымен, Дәрілік заттар жөніндегі еуропалық агенттікпен, Бұқалардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау жөніндегі еуропалық агенттікпен, Еуропалық қоғамдастықпен, Электр беру желілері операторларының еуропалық қоғамдастығымен, Газ көлік желілері операторларының еуропалық қоғамдастығымен, Энергетика реттеуіштер еуропалық агенттігімен, Германия энергетика агенттігімен, Австрия энергетика агенттігімен, Испания энергетика агенттігімен, Жүйелі операторлар үйлестірушісімен (CORESO), ТМД Электр-энергетикалық кеңесімен, Орталық Америка ортақ нарығының электр энергетикасы саласындағы өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі комиссиямен, Қоршаған орта және энергетиканы реттеу агенттігімен, Салық әкімшіліктерінің еуропалық ұйымымен, Салық консультанттарының еуропалық конфедерациясымен, Еуростатпен, Өсімдіктер саулығы жөніндегі еуропалық одақтың Тұрақты комитетімен, Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі Еуропа және Жерорта теңізі ұйымымен, Еуро-Азиялық мемлекеттік метрологиялық мекемелер ынтымақтастығымен, Азиялық сапа ұйымымен, Ислам елдері стандарттар және метрология институтымен, Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі Еуропа және Тынық мұхиты комиссиясымен, Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі Азия-Тынық мұхиты ұйымымен, Материалдарды сынау жөніндегі америкалық қоғаммен, Америкалық инженер-механиктер қоғамымен, Америка мұнай институтымен, Байланыс саласындағы өңірлік достастықпен, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер көші-қон органдары басшыларының кеңесімен, Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясы қоғамдық ұйымымен – халықаралық кәсіподақтар бірлестігімен, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен, Зейнетақы және әлеуметтік қорлар халықаралық қауымдастығымен, Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңеспен, Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңеспен, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік кеңеспен, ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетімен, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясымен, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Байланыс саласындағы өңірлік достастығының жанындағы үйлестіру кеңесімен, Мемлекетаралық авиация комитетімен, Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топпен, Энергетиканы реттеу органдарының өңірлік қауымдастығымен және т.б.;

      Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) реттеу комитеттеріндегі де, сонымен бірге мамандандырылған көп жақты сауда шеңберінде құрылатын жұмыс топтарының және ДСҰ реттеу комитеттерінің арнайы сессияларындағы да жұмысты, сондай-ақ Одақтың құзыретіне жататын шаралар бойынша, бірінші кезекте – Одақтың ішкі нарығын қорғау шаралары бойынша ДСҰ дауларын шешу рәсімдері шеңберіндегі жұмысты қоса алғанда, ДСҰ-мен;

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ), оның ішінде ЭЫДҰ департаменттері мен жұмыс органдары жұмысының шеңберінде;

      Кимберлий процесі шеңберіндегі басшылық және жұмыс органдарымен;

      Халықаралық іскерлік және сарапшылар қоғамдастығымен, оның ішінде сауда-өнеркәсіптік палаталармен, іскерлік ынтымақтастық кеңестерімен, өңірлік даму банктерімен және Дүниежүзілік экономикалық форумды, "Дамушы елдердегі экономикалық интеграция: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер" конференциясын, Астық жөніндегі халықаралық кеңес конференциясын, Ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі халықаралық көрмесін, Әлемдік өнім өндірушілер форумын, "Бәсекелестік бойынша дүниежүзілік шолуды", Салық және инвестициялар жөніндегі халықаралық орталықты қоса алғанда, негізгі халықаралық пікірталас алаңдарымен өзара іс-қимыл жалғасады.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта белгіленген құзыреттің шеңберінде Комиссия экономиканың жекелеген секторларын дамытудың озық әлемдік тәжірибесін зерделеу мақсатында өзінің басқа да салалық көрмелерге, форумдарға, конференцияларға, оның ішінде көлік, авиация, металл өңдеу, станок жасау, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, техникалық реттеу, металлургия, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік сатып алу, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу салаларындағыларға қатысуымен байланысты қызметті жалғастырады.

      Жаһандық тұрғыдан алғанда, еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ Одақтың халықаралық қызметінің мәселелері 2018 жылы Петербург халықаралық экономикалық форумның, Астана экономикалық форумының, Шығыс экономикалық форумының, "Еуразия аптасы" көрме форумының, "Антиконтрафакт" халықаралық форумының, мүше мемлекеттердің аумақтарында өткізілетін халықаралық деңгейдегі басқа да осыларға ұқсас іс-шаралардың назарында болады.

      Одақтың халықаралық байланыстарының сәтті дамуына көбіне-көп экономикаларды әртараптандыру, мүше мемлекеттердің сауда және инвестициялар көлімен арттыру және құрылымын жақсарту, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығындағы тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді жою жөніндегі шараларды іске асыру ықпал ететін болады.

      Осы Негізгі бағыттарды іске асыру Одақтың халықаралық қызметін жүйелі негізде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және Еуразия кеңістігіндегі кең интеграциялық контурмен экономикалық әріптестік қалыптастыру үшін алғышарттар жасауға ықпал ететін болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады