Вьетнам Социалистік Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін іш киімнің, балалар киімдерінің және балалар киімдеріне керек-жарақтардың кейбір түрлеріне қатысты триггерлік қорғау шарасын қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 20 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес, Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы 2015 жылғы 29 мамырдағы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 2.10-бабы және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 115 шешімімен бекітілген Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы 2015 жылғы 29 мамырдағы келісім шеңберінде триггерлік қорғау шараларын қолдану тәртібі негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Вьетнам Социалистік Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін мынадай тауарларға қатысты Келісімге сәйкес тарифтік преференцияны қолдана отырып триггерлік қорғау шарасы қолданылсын:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 6107, 6108, 6207, 6208, 6212 кодтарымен сыныпталатын іш киімдер. Триггерлік қорғау шарасының қолданылу мерзімі 9 айға белгіленсін;

      б) ЕАЭО СЭҚ ТН 6111 20, 6111 30, 6111 90, 6209 кодтарымен сыныпталатын балалар киімі және балалар киіміне керек-жарақтар. Триггерлік қорғау шарасының қолданылу мерзімі 6 айға белгіленсін.

      2. Триггерлік қорғау шарасының түрі мен мөлшері осы Шешім күшіне енген күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты қолданылатын кедендік әкелу бажы ставкасының түрі мен мөлшеріне сәйкес келетін кедендік әкелу бажы нысанында қолданылады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады