Еуразиялық экономикалық одақтың аттракциондар конструкциясында пайдаланылатын шынжырларды, болат арқандарды, тоқыма арқандар мен таспаларды сынау туралы куәлігінің нысанын және оны ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 66 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағының сегізінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың аттракциондар конструкциясында пайдаланылатын шынжырларды, болат арқандарды, тоқыма арқандар мен таспаларды сынау туралы куәлігінің нысаны және оны ресімдеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 24 сәуірдегі
№ 66 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың аттракциондар конструкциясында пайдаланылатын шынжырларды, болат арқандарды, тоқыма арқандар мен таспаларды сынау туралы куәлігінің нысаны және оны ресімдеу қағидалары

I. Еуразиялық экономикалық одақтың аттракциондар конструкциясында пайдаланылатын шынжырларды, болат арқандарды, тоқыма арқандар мен таспаларды сынау туралы куәлігінің нысаны

      ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ (1)

      Аттракциондар конструкциясында пайдаланылатын шынжырларды, болат арқандарды, тоқыма арқандар мен таспаларды сынау туралы

      КУӘЛІК

ӨНІМ _____________________________________________________________
ДАЙЫНДАУШЫ ___________________________________________________
СЫНАУ ӘДІСТЕРІ __________________________________________________
ҮЗІЛЕТІН (НЕМЕСЕ ҚИРАЙТЫН)
ЕҢ АЗ ЖҮКТЕМЕ ___________________________________________________
КУӘЛІКТІ РЕСІМДЕУГЕ НЕГІЗ _______________________________________
 

(2)
(3)
(4)
 
(5)
(6)


М.О.


(7)

(қолы)

(өтініш иесінің Т. А. Ә.)

      20 ж. " " ____________ (8)

II. Еуразиялық экономикалық одақтың аттракциондар конструкциясында пайдаланылатын шынжырларды, болат арқандарды, тоқыма арқандар мен таспаларды сынау туралы куәлігін ресімдеу қағидалары

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың аттракциондар конструкциясында пайдаланылатын шынжырларды, болат арқандарды, тоқыма арқандар мен таспаларды сынау туралы куәлігін (бұдан әрі тиісінше – өнім, куәлік) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасына сәйкес оның аумағында тіркелген, дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға не аттракциондарды және (немесе) өнімді сатушы болып табылатын дара кәсіпкер ретіндегі заңды тұлға немесе жеке тұлға ретінде әрекет ететін өтініш берушілер (бұдан әрі – өтініш берушілер) ресімдейді.

      2. Куәліктің мазмұнына қойылатын талаптар Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 114 шешімімен қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) VI бөлімінің 70-тармағында белгіленген.

      3. Куәлік A4 (210 x 297 мм) форматтағы ақ қағаз парақтарында ресімделеді.

      4. Куәлік электрондық баспа құрылымдары пайдаланыла отырып, орыс тілінде жасалады және мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар болған жағдайда, куәлік ресімдеу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде (мемлекеттік тілдерінде) жасалады.

      Куәлік орыс тілінде және мүше мемлекеттердің бірінің мемлекеттік тілінде (мемлекеттік тілдерінде) жасалған жағдайда, ол осы бөлімнің 7-тармағына сәйкес куәліктің әртүрлі беттерінде толтырылады.

      5. Қажет болған кезде дайындаушының атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), сондай-ақ өнімді дайындау жөніндегі қызмет жүзеге асырылатын орынның мекенжайы (мекенжайлары) (мемлекет атауларынан басқа) және өнім туралы ақпарат (номиналдық өлшемі, конструкциясын қоса алғанда, маркасы және материал туралы деректер) латын әліпбиінің әріптері пайдаланыла отырып көрсетілуі мүмкін.

      6. Куәліктің барлық жолдары толтырылуға тиіс (куәліктің түпнұсқасында жолдары нөмірленбеген).

      7. Куәлікте мыналар көрсетіледі:

      а) 1-жолда – мынадай реттілікпен 4 жолға жазылған жазулар:

      1-жол – "ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ";

      2-жол – "аттракциондар конструкциясында пайдаланылатын шынжырларды,";

      3-жол – "болат арқандарды, тоқыма арқандар мен таспаларды сынау туралы";

      4-жол – "КУӘЛІК";

      б) 2-жолда – куәлік ресімделген өнім туралы мәліметтер:

      өнімнің атауы және (немесе) өнімді дайындаушы берген өзге де шартты белгілеме (болған кезде);

      өнімді сәйкестендіруді қамтамасыз ететін ақпарат, (номиналдық өлшемі, конструкциясын қоса алғанда, маркасы және материал туралы деректер);

      өнімді дайындауға негіз болған құжаттың (құжаттардың) (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарттары немесе өзге де құжат) (болған кезде) атауы және белгіленуі;

      оны сәйкестендіруді қамтамасыз ететін өзге де өнім туралы мәліметтер (болған кезде);

      в) 3-жолда – өнімді дайындайтын заңды тұлға және оның филиалдары (өндірістер) үшін – өнімді дайындаушының толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді дайындау жөніндегі қызмет жүзеге асырылатын орынның мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары өзгеше болған жағдайда) немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін – тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), тұрғылықты жері және өнімді дайындау жөніндегі қызмет жүзеге асырылатын орынның мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары өзгеше болған жағдайда);

      г) 4-жолда – сынақтар жүргізуге негіз болған құжаттың (құжаттардың) (стандарт, сынау әдісі (әдістемесі) және т.с.с.) атауы және белгіленуі;

      д) 5-жолда – үзілетін (немесе қирайтын) ең аз жүктеме туралы мәліметтер;

      е) 6-жолда – куәлікті ресімдеуге негіз болған құжаттар туралы мәліметтер (сынақ зертханаларының (орталығының) нөмірі, күні, атаулары, аккредиттеу аттестатының (болған кезде) тіркеу нөмірлері көрсетілген зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер хаттамалары);

      ж) 7-жолда – өтініш берушінің мөрі қойыла отырып (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе), дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның, өтініш беруші ұйым басшысының немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өтініш беруші ұйымның уәкілетті тұлғасының қолтаңбасы, тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде). Қолтаңба орнына факсимиле пайдалануға жол берілмейді;

      з) 8-жолда – куәлік ресімделген күн. Куәлік ресімделген күнінен бастап өнімнің жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін жарамды.

      8. Куәлікке осы бөлімде көзделмеген мәліметтерді енгізуге, сондай-ақ сөздерді қысқартуға (жалпыға бірдей қабылданған белгілемелер мен қысқарған сөздерден басқа) және мәтінді кез келген түзетулерге жол берілмейді.

      9. Ресімделген куәліктердің көшірмелерін өтініш беруші A4 (210 x 297 мм) форматындағы ақ қағаз парақтарында дайындайды, ол мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өтініш берушінің немесе өтініш беруші ұйымның уәкілетті тұлғасының мөрімен (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе) және қолтаңбасымен (уәкілеттік беретін құжаттың атаулары мен деректемелері көрсетіле отырып) куәландырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады