Өзіне қатысты кеден декларациясын беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 042/2017) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсынумен қоса жүретін өнім тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 91 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген өзіне қатысты Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Өзіне қатысты кеден декларациясын беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 042/2017) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсынумен қоса жүретін өнім тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 29 мамырдағы
№ 91 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Өзіне қатысты кеден декларациясын беру Еуразиялық экономикалық одақтың
"Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдық қауіпсіздігі туралы" техникалық
регламентінің (ЕАЭО ТР 042/2017) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы
құжатты ұсынумен қоса жүретін өнім
ТІЗБЕСІ

Өнімнің атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Сәйкестікті бағалау туралы құжат

Ескертпе

1

2

3

4





1. Балалардың ойын алаңы сырғанағы

9506 99 900 0-ден

сәйкестік сертификаты


2. Балалардың ойын алаңы алтыбақаны

9506 99 900 0-ден

сәйкестік сертификаты


3.Балалардың ойын алаңы әткеншегі

9506 99 900 0-ден

сәйкестік сертификаты


4. Балалардың ойын алаңы каруселі

9506 99 900 0-ден

сәйкестік сертификаты


5. Балалардың ойын алаңы арқан жолы

9506 99 900 0-ден

сәйкестік сертификаты


6. Балалар қалашығы (ойын кешені)

9506 99 900 0-ден

сәйкестік сертификаты


7. Балалардың ойын алаңына арналған ойын жабдығы, соның ішінде құм, ойын үйі, лабиринт

9506 99 900 0-ден

сәйкестігі туралы декларация


8. Соққыны бәсеңдететін резеңке жабын

4016 91 000 0-ден

сәйкестік сертификаты


9. Соққыны бәсеңдететін синтетикалық жабын

3918-ден
3919-ден
3920-ден
3921-ден
5703-ден
5904-ден

сәйкестік сертификаты


      Ескертпелер: 1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет.

      2. Кеден органдарына "Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдық қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 042/2017) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсыну туралы талап мына өнімге қатысты қолданылмайды:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың "Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдық қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 042/2017) күшіне енгенге дейін шығарылған және пайдалануға берілген балалардың ойын алаңына арналған жабдық және (немесе) жабын; 

      б) жаттығуларға және дене шынықтырумен, спортпен және туризммен айналысуға арналған спорт жабдығы мен бұйымдары;

      в) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 114 шешімімен қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 038/2016) қолднылатын аттракциондар;

      г) ойыншықтар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады