Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелінетін шайқалма мойынтіректерге (инелілерінен басқа) қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданылуын ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 21 тамыздағы № 139 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 197 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шаралардың қолданылуы мерзімінің аяқталуына байланысты жүргізілген қайта тексерудің нәтижесі бойынша дайындалған Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қытай Халық Республикасында шығарылатын, ЕАЭО СЭҚ ТН 8482 10 100 1, 8482 10 100 2, 8482 10 100 9, 8482 10 900 1, 8482 10 900 2, 8482 10 900 3, 8482 10 900 8, 8482 20 000 1, 8482 20 000 2, 8482 20 000 9, 8482 30 000 1, 8482 30 000 9, 8482 50 000 1, 8482 50 000 2, 8482 50 000 9, 8482 80 000 1, 8482 80 000 2, 8482 80 000 9, 8482 91 100 0, 8482 91 900 0, 8482 99 000 0 кодтарымен сыныпталатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелінетін тауарларға қатысты демпингке қарсы шара қосымшаға сәйкес мөлшерлерде демпингке қарсы баж енгізу арқылы қоса алғанда 2023 жылғы 20 тамызға дейін қолданылсын.

      Аталған демпингке қарсы шараны қолдану мақсатында тауар ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен айқындалады.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мүше мемлекеттердің кеден істері саласындағы мемлекеттік органдары:

      осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баждардың алынуын қамтамасыз етсін;

      Қытай Халық Республикасында шығарылған, 2018 жылғы 21 қаңтардан бастап қоса алғанда 2018 жылғы 17 қыркүйекке дейінгі аралықтағы кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкелінген тауарларға қатысты Еразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 150 шешіміне сәйкес төленген (өндіріп алынған) демпингке қарсы баждар сомаларын демпингке қарсы баждарды алдын ала алу үшін белгіленген тәртіппен демпингке қарсы баждардың есебіне жатқызуды және олар төленген (өндіріп алынған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше сол мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 21 тамыздағы
№ 139 шешіміне
ҚОСЫМША

Демпингке қарсы баж ставкаларының МӨЛШЕРІ

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Өндіруші

Демпингке қарсы баж ставкасының мөлшері (кедендік құннан пайыздармен)




8485 10 100 1, 8482 10 100 2,
8485 10 100 9, 8482 10 900 1,
8485 10 900 2, 8482 10 900 3,
8485 10 900 8, 8482 20 000 1,
8485 20 100 2, 8482 20 000 9,
8485 30 000 1, 8482 30 000 9,
8485 50 100 1, 8482 50 000 2,
8485 50 100 9, 8482 80 000 1,
8485 80 100 2, 8482 80 000 9,
8485 91 100 0, 8482 91 900 0,
8485 99 000 0,

"Подшипники качения Уси" (Қытай Халық Республикасы, ауданы, 8-ші Чженьф көшесі,3

31,3

8485 10 100 1, 8482 10 100 2,
8485 10 100 9, 8482 10 900 1,
8485 10 900 2, 8482 10 900 3,
8485 10 900 8, 8482 20 000 1,
8485 20 000 2, 8482 20 000 9,
8485 30 000 1, 8482 30 000 9,
8485 50 000 1, 8482 50 000 2,
8485 50 000 9, 8482 80 000 1,
8485 80 000 2, 8482 80 000 9,
8485 91 100 0, 8482 91 900 0,
8485 99 000 0

өзгелері

41,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады