Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық комиссияға ресми статистикалық ақпарат беруі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 3 желтоқсандағы № 197 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 6-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Еуразиялық экономикалық комиссияға беретін ресми статистикалық ақпараттың статистикалық көрсеткіштерінің тізбесі;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық комиссияға ресми статистикалық ақпарат беруінің форматтары бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссияға ресми статистикалық ақпаратты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық статистикалық жұмыстар бағдарламаларына сәйкес кезеңділікпен және бөліністерде осы Шешіммен бекітілген форматтарда ұсынады деп белгіленсін.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық комиссияға ресми статистикалық ақпарат беруі туралы" 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 167 шешімінің 1 және 2-тармақтары;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 167 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 179 шешімі.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады