Кедендік рәсімдерді қолданудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 203 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 155-бабының 5-тармағына, 163-бабының 4-тармағына, 236-бабының 3-тармағына, сондай-ақ 243-бабының 8-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Кеден қоймасының кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлардың тізбесі;

      Кедендік аумақта кедендік өңдеу рәсімі қолданылмайтын тауарлар тізбесі;

      Бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген, осындай тауарлардың кедендік кері импортына орналастырылған мерзімдері көрсетіле отырып, кедендік экспорт рәсімі қолданылған тауарлар санаттарының тізбесі;

      Бажсыз сауда кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлар тізбесі бекітілсін.

      2. Қосымшаға сәйкес тізім бойынша Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 203 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Кеден қоймасының кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлардың ТІЗБЕСІ

      1. Қосылыстардың және бұйымдардың барлық түріндегі радиоактивті изотоптар, басқа редиоактивті заттар, сондай-ақ ашық түрдегі кеден қоймаларында сақтауға арналған приборлар мен жабдықтардың құрамына кіретін радиоизотопты бұйымдар.

      2. Жарылғыш заттар мен оқ-дәрілер.

      3. Ашық түрдегі кеден қоймаларында сақтауға арналған қару-жарақ, әскери жабдықтар, әскери техника, оларды жасауға арналған арнайы жиынтықтаушы бұйымдар.

      4. Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың 4-тармағында (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) көзделген, үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне сәйкес кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастыруға жол берілмейтін өзге де тауарлар.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 203 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Кедендік аумақта кедендік өңдеу рәсімі қолданылмайтын тауарлардың ТІЗБЕСІ

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың коды

1. Ұйытылмаған этил спирті, 80 айн. % немесе одан астам
спирт қоспасымен; ұйытылмаған этил спирті, 80 айн. %
қоспасымен
 

2207-ден, 2208-ден

2. Фармацевтикалық субстанциялар ретінде пайдаланылатын,
оларға қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне
сәйкес берілетін қорытынды алынған метанолды және органикалық химиялық қосылыстарын қоспағанда, галогенделген, сульфирленген, нитроленген
спирттер немесе олардың нитратталған туындылары
 

2905-ден

3. Биодизель және оның битуминоз жыныстарынан алынған, құрамында 70 сал.% кем болатын мұнай өнімдері немесе мұнай бар немесе жоқ қоспалары
 

3826 00

      Ескерту:       1. Тауардың номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН сыныптауыш кодымен де тауардың атауымен де айқындалады.

      2. Осы тізбеге енгізілмеген өзге тауарлар бөлігінде Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағында көзделген тауарлардың бірыңғай тізбесін қолдану керек, оларға үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне сәйкес Кедендік аумақта оларды кедендік өңдеу рәсімімен орналастыруға жол берілмейді.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 203 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген, осындай тауарлардың кедендік кері импортына орналастырылған мерзімдері көрсетіле отырып, кедендік экспорт рәсімі қолданылған тауарлар санаттарының тізбесі

Тауар санаттары

Тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру мерзімі



1. Бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген, құрылысқа, өнеркәсіп өндірісіне, пайдалы қазбаларды өндіруге және осындай басқа да мақсаттарға арналған, оларға қатысты кедендік экспорт рәсімі қолданылған тауарлар (бұдан әрі тиісінше тауарлар, Одақ)

тауарларды Одақтың кедендік аумағынан нақты әкеткен күннің келесі күнінен бастап 10 жыл өткенге дейін

2. Одақтың кедендік аумағынан тыс жерлердегі дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) өзге де ресми өкілдіктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған тауарлар

тауарларды Одақтың кедендік аумағынан нақты әкеткен күннің келесі күнінен бастап 5 жыл өткенге дейін

3.Мүше мемлекеттердің авиақұрылысы кәсіпорнының өнімдері болып табылатын тауарлар (самолеттер, вертолеттер, оларға авиациялық қозғалтқыштар, осындай самолеттерді, вертолеттерді, авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін қажетті басалқы бөлшектер мен жабдықтар)

тауарларды Одақтың кедендік аумағынан нақты әкеткен күннің келесі күнінен бастап 15 жыл өткенге дейін

4. Бұрын Одақтың кедендік аумағынан әкетілген, оларға қатысты кедендік экспорт рәсімі қолданылған, мүше мемлекеттердің автомобиль өнеркәсібінің өнімдері болып табылатын, жолсыз жерлермен жүруге арналған, 40 тонна жүк алып жүре алатын автомобиль-самосвалдар

тауарларды Одақтың кедендік аумағынан нақты әкеткен күннің келесі күнінен бастап 10 жыл өткенге дейін

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 203 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Бажсыз сауда кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлар ТІЗБЕСІ

      1. Әскери мақсатқа арналған өнімдер, оқ-дәрілер, әскери жабдықтар.

      2. Өндірістік және әскери техникалық мақсаттағы тауарлар.

      3. Ауыр салмақты тауарлар (салмағы 20 кг асатын) және көлемі үлкен тауарлар (ұзыны мен биіктігін қосқанда 200 см асатын).

      4. Ұйытылмаған этил спирті, 80 айн. % немесе одан астам спирт қоспасымен; ұйытылмаған этил спирті, 80 айн. % қоспасымен.

      5. Бөлшек саудаға арналған, тұтыну ыдысына салынбаған тауарлар.

      6. Мыналарды:

      балық және шаян тәріздес балықтан, моллюскалардан және басқа да суда жүзетін омыртқасыз балықтан жасалған, бөлшек саудаға арналып оралған және тұтынуға дайын, салмағы 0,5 кг аспайтын өнімдерді, олардан алынатын уылдырықтарды (бекіренің уылдырығынан басқа);

      орамадағы салмағы 0,25 кг аспайтын, 1973 жылғы 3 наурыздағы Жойылып кету қаупі бар жабайы фауна және флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға сәйкес аранайы маркаланған бекіре балық түрлерінің уылдырығын;

      сувенирлерді немесе қағаздан, ағаштан және (немесе) металлдан жасалған халықтық кәсіпшілік бұйымдарын қоспағанда, кедендік әкету баждары салынатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары.

      7. Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағында көзделген тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген, оларға үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне сәйкес Кедендік аумақта оларды кедендік өңдеу рәсімімен орналастыруға жол берілмейтін өзге де тауарлар.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 203 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Кеден одағының Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының күші жойылды деп танылған шешімдерінің ТІЗБЕСІ

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік рәсімдерді қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешімінің 1-тармағының 1, 2, 7, 8 және 9-тармақшалары.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы" 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешіміне № 3 қосымшаның 4-тармағы.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 15 қазандағы № 224 шешімі.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 21 қазандағы № 190 шешімі.

      5. Кеден одағының Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешіміне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының "а" тармақшасының төртінші абзацы, "б", "в", "з" - "к" тармақшалары ("Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 14 қарашадағы № 147 шешіміне қосымша және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады