Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен өзара саудасының статистикасын жүргізу әдіснамасын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен сыртқы саудасының кедендік статистикасын жүргізу әдіснамасын бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 210 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 4-тармағын және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 360-бабы 3-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен өзара саудасының статистикасын жүргізу әдіснамасы;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен сыртқы саудасының кедендік статистикасын жүргізу әдіснамасы бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағына мүше мемлекеттердің сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізудің бірыңғай әдіснамасы туралы" 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 525 шешімінің;

      Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағына мүше мемлекеттердің сыртқы сауда кедендік статистикасының және өзара сауда статистикасының деректерін қалыптастыру тәртібі туралы нұсқаулық туралы" 2011 жылғы 18 қазандағы № 837 шешімінің;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағына мүше мемлекеттердің сыртқы сауда кедендік статистикасының және өзара сауда статистикасының деректерін қалыптастыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 257 шешімінің;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағына мүше мемлекеттердің сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізудің бірыңғай әдіснамасына өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 19 наурыздағы № 50 шешімінің;

      Кеден одағы Комиссиясының шешіміне (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 11 маусымдағы № 127 шешіміне қосымша) енгізілген өзгерістердің 2-тармағының;

      Кеден одағы Комиссиясының шешіміне (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштарға және оларды пайдалануға қатысты Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 237 шешіміне қосымша) енгізілетін өзгерістердің 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 210 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен өзара саудасының статистикасын жүргізу ӘДІСНАМАСЫ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Әдіснама Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) № 4 қосымша) 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен өзара саудасының статистикасын (бұдан әрі тиісінше – тауарлармен өзара сауда статистикасы, мүше мемлекеттер) жүргізуге "Тауарлармен халықаралық сауда статистикасы: тұжырымдамалар және анықтамалар, 2010 жыл" халықаралық стандартына сәйкес келетін және мүше мемлекеттер арасында өзара саудада өткізілетін тауарлар туралы мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын салыстыруды қамтамасыз ететін бірыңғай әдіснамалық тәсілдемелерді белгілеу мақсатында әзірленді.

      2. Осы Әдіснама уәкілетті мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – уәкілетті органдар) қолдануына арналған.

II. Негізгі ұғымдар

      3. Осы Әдіснамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

      "тауарлармен өзара сауда" – мүше мемлекеттер арасындағы тауарлардың импорты және экспорты;

      "импортер" – мүше мемлекеттің мәміле тарапынан әрекет ететін және соған сәйкес екінші тұлғадан басқа мүше мемлекеттің аумағынан мүше мемлекеттің аумағына әкелінген (өткізілген) тауарды иемденген (тауарды иемдену деп оны сатып алу, айырбастау, кері қайтару, сондай-ақ тауарды қаржылық жалға алу (лизинг) не сақтау шарты бойынша 1 жылдан астам мерзімге қабылдау, тауарды консигнациялық келісім бойынша қайта өңдеуге, қайта өңдеуден кейін өтеусіз, гуманитарлық не техникалық көмек, сый, жарғылық қорға салым ретінде қабылдау түсіндіріледі) тұлғасы;

      "тауарлар импорты" – мүше мемлекеттің материалдық ресурстар қорына қосылатын тауарларды басқа мүше мемлекеттің аумағынан мүше мемлекеттің аумағына әкелу;

      "тауардың жеткізілетін елі" – аумағында тауар тұтынылатын, пайдаланылатын, қайта өңдеуге ұшырайтын мүше мемлекет немесе ол туралы мәліметтер тауардың бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына өткізілетінін растайтын көліктік (тауарға ілеспе) немесе өзге де құжаттарда көрсетілген аумағынан тауар өткізілетін мүше мемлекет;

      "тауар жөнелтілген ел" – аумағынан ол туралы мәліметтер тауардың бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына өткізілетінін растайтын көліктік (тауарға ілеспе) немесе өзге де құжаттарда көрсетілген тауар жөнелтілген мүше мемлекет;

      "тауар шығарылған ел" – Шартқа сәйкес белгіленген әкелінетін (әкетілетін) тауарлардың шыққан жерін анықтау қағидаларына сәйкес белгіленген мемлекет;

      "тауар" – оған сәйкес бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына өткізілетін мәміленің объектісі болып табылатын кез келген жылжымалы мүлік;

      "сатушы ел" – аумағында оған сәйкес тауар бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына өткізілетін мәміленің тарапы ретінде әрекет ететін тұлға тіркелген мемлекет;

      "сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысы" – импортер және (немесе) экспортер;

      "экспортер" – мәміленің тарапы ретінде әрекет ететін және оған сәйкес бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына әкетілген (өткізілген) тауарды басқа тұлғаға өткізетін (тауарды өткізу деп оны сату, айырбастау, кері қайтару, сондай-ақ тауарды қаржылық жалға алу (лизинг) не сақтау шарты бойынша 1 жылдан астам мерзімге тапсыру, тауарды консигнациялық келісім бойынша қайта өңдеуге, қайта өңдеуден кейін өтеусіз, гуманитарлық не техникалық көмек, сый, жарғылық қорға салым ретінде тапсыру түсіндіріледі) мүше мемлекеттің тұлғасы;

      "тауарлар экспорты" – мүше мемлекеттің материалдық ресурстар қорын азайтатын тауарларды бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына әкету.

      Осы Әдіснамада пайдаланылатын өзге де ұғымдар Шартта және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын өзге де халықаралық шарттарда және актілерде белгіленген мағыналарында қолданылады.

III. Ақпарат дереккөздері

      4. Тауарлармен өзара сауда статистикасын жүргізу үшін негізгі ақпарат дереккөзі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тауарлармен өзара сауда кезінде уәкілетті органдарға ұсынатын құжаттарда (бұдан әрі – статистикалық құжаттар) қамтылған мәліметтер болып табылады. Уәкілетті органдар тауарлармен өзара сауда статистикасын қалыптастыру мақсатында өзге де ақпарат дереккөздерін пайдалануы мүмкін.

      5. Мүше мемлекеттердің заңнамасымен тауарларды есепке алудың статистикалық шектер белгіленуі мүмкін. Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары, егер әкелінген (әкетілген) тауар құнының мәні осындай шектерден төмен болған жағдайда уәкілетті органдарға ұсынатын статистикалық құжаттарда тауар туралы мәліметтерді көрсетпеуі мүмкін.

IV. Қамту саласы

      6. Тауарлармен өзара сауда статистикасында тауарларды есепке алу көбіне бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына оларды әкелу нәтижесінде мүше мемлекеттердің материалдық ресурстары қорына қосылатын не бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына оларды әкету нәтижесінде мүше мемлекеттердің материалдық ресурстар қорын азайтатын тауарлардың мүше мемлекеттер арасында барлық өткізілуін есепке алуды көздейтін сауданың жалпы жүйесі негізінде жүзеге асырылады.

      Есепке алу қажеттілігінің болуын немесе болмауын анықтау қиындық тудыруы мүмкін тауарлардың жекелеген санаттары осы Әдіснаманың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген.

      7. Тауарлардың мынадай санаттары есепке алуға жатады:

      а) ерекше сипаттамаларды иеленетін тауарлар:

      монетарлық емес алтын;

      айналымда болмайтын банкноттар, бағалы қағаздар және монеталар;

      әскери және қосарланған мақсаттағы тауарлар;

      жеке тапсырыс бойынша әзірленген контентті тасымалдағыштарды қоспағанда, жазылған және жазылмаған ақпарат тасымалдағыштар;

      қолданыста болған тауарлар;

      қалдықтар және сынықтар;

      б) айрықша тәсілмен өткізілетін тауарлар:

      электр энергиясы, табиғи газ, мұнай (мұнай өнімдері), су және басқа да стационарлық көлік арқылы (құбыр желісі көлігімен, электр өткізу желілері бойынша және т.б.) өткізілетін тауарлар;

      соның ішінде жеке тұлғалардың тікелей жазылуы бойынша алынған мерзімді басылымдарды (газет, журналдарды) қоспағанда, электрондық құралдарды (электрондық сауда) пайдаланып жасалған мәмілелер негізінде халықаралық пошта жөнелтілімімен немесе курьерлік қызмет арқылы жөнелтілген (алынған) тауарлар;

      в) айрықша мәмілелер негізінде өткізілген тауарлар:

      бартерлік келісім бойынша;

      өтеусіз, гуманитарлық және техникалық көмек ретінде;

      сыйлықтар және қайырымдылық ретінде;

      консигнациялық келісімдер бойынша;

      1 жылдан астам мерзімге сақтау шарты бойынша;

      1 жылдан астам қаржылық жалға алу (лизинг) шарты бойынша;

      меншік құқығын ауыстырумен немесе меншік құқығын ауыстырмай қайта өңдеу шарты бойынша (қайта өңдеуге арналған тауарлар, қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарлар (өтемақылық өнім);

      қайтарылған тауарлар (бұрын әкетілген және тауарлар экспортында ескерілген, содан кейін қайтарылған тауарлар тауарлар импортында есепке алынады, бұрын әкелінген және тауарлар импортында ескерілген, содан кейін қайтарылған тауарлар тауарлар экспортында есепке алынады);

      г) ерекше қатысушымен мәміле негізінде өткізілген тауарлар:

      мүше мемлекеттің мүддесінде өткізілетін тауарлар;

      сыртқы көмек мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеткізілген тауарлар;

      әскери репарациялар мен реституциялар;

      жеке тұлғалардың тұрақты орналастыру мақсатында әкелген (әкеткен) көлік құралдары, сондай-ақ, егер осындай тауарлар импортының (экспортының) көлемі мүше мемлекет үшін экономикалық маңызды деп танылған болса, жеке тұлғалар әкелген (әкеткен) басқа да тауарлар;

      өзара байланысты тұлғалар (басты ұйымдар және (немесе) олардың тікелей инвестициялау кәсіпорындары) арасындағы мәмілелер нәтижесінде әкелінген (әкетілген) тауарлар;

      жарғы қорына салым ретінде әкелінген (әкетілген) тауарлар;

      бір мүше мемлекеттің аумағында басқа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан халықаралық ұйымнан алынған, сондай-ақ бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан халықаралық ұйым жөнелткен тауарлар;

      мүше мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалар өндірген және әкеткен тауарлар;

      мигранттар өткізген тауарлар, егер мұндай тауарлар импортының (экспортының) көлемі мүше мемлекет үшін экономикалық маңызды деп танылатын болса;

      д) әдетте меншік құқығы ауысқан кезде есепке алынған тауарлар:

      су және әуе кемелері;

      бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген не бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына меншік құқығының ауысуымен әкетілген Жер серіктері және олардың тасымалдағыштары. Бұл ретте бір мүше мемлекеттің аумағында басқа мүше мемлекеттің атынан және тапсыруы бойынша өндірілген және ұшырылған Жер серігі бір мүше мемлекеттің тауарлар экспортында және басқа мүше мемлекеттің тауарлар импортында есепке алынады;

      ауланған балық және теңіз өнімдері, өндірілген балық өнімдері, теңіз түбінен қазылған минералдар:

      ашық теңізде бір мүше мемлекеттің су кемесінен басқа мүше мемлекеттің су кемесіне түсірілген;

      бір мүше мемлекеттің су кемесінен басқа мүше мемлекеттің портына түсірілген құтқарылған жүк;

      бункерлік отын, балласт, бекіткіш әбзел, керек-жарақ ретінде өткізілген тауарлар және:

      бір мүше мемлекеттің су немесе әуе кемесі үшін басқа мүше мемлекеттің аумағында сатып алынған;

      бір мүше мемлекеттің су немесе әуе кемесінен басқа мүше мемлекеттің портына түсірілген өзге де материалдар.

      8. Тауарлардың мынадай санаттары есепке алуға жатпайды:

      а) транзиттік тауарлар (мүше мемлекеттің аумағына әкелінетін және басқа мүше мемлекеттің не үшінші елдің аумағына жеткізу мақсатында оның аумағынан тыс әкетілетін тауарлар);

      б) 1 жылға дейінгі мерзімде уақытша әкелінген (әкетілген), соның ішінде таныстырылымға және (немесе) көрме-жәрмеңке, мәдени, спорт, ойын-сауық және басқа да іс-шараларға арналған тауарлар (тауарлардың сынамалары мен үлгілерін қоса алғанда);

      в) операциялық жалға алу шарты бойынша әкелінген (әкетілген) тауарлар;

      г) монетарлық алтын;

      д) банкноттар, бағалы қағаздар және айналымға шығарылған монеталар (нумизматикалық мақсаттар үшін пайдаланылатындарды қоспағанда);

      е) жеке тұлғалардың тікелей жазылуы бойынша алатын мерзімді басылымдар (газеттер, журналдар);

      ж) жұмыс істеуді қамтамасыз ету және ресми пайдалану үшін дипломатиялық өкілеттіктер, консулдық мекемелер, мүше мемлекеттегі шет мемлекеттердің өзге де ресми өкілдіктері әкелген және кері әкеткен тауарлар;

      з) жұмыс істеуді қамтамасыз ету және ресми пайдалану үшін мүше мемлекеттің басқа мүше мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, өзге де ресми өкілдері әкелген және кері әкеткен тауарлар;

      и) мүше мемлекеттің аумағында орналасқан халықаралық ұйымдар әкелген (әкеткен) тауарлар;

      к) мүше мемлекеттердің және оның аумақтық анклавтары, жасанды аралдары, қондырғылары, құрылыстары, оның аумағынан тыс орналасқан өзге де объектілері арасында өткізілетін, оларға қатысты мүше мемлекеттер айрықша заңды құзыретті иеленетін тауарлар;

      л) жөндеу немесе техникалық (соның ішінде өтеусіз (кепілді)) қызмет көрсету мақсатында әкелінген (әкетілген), сондай-ақ жөндеуден немесе техникалық (соның ішінде өтеусіз (кепілді)) қызмет көрсетуден кейін қайтарылатын тауарлар;

      м) оларды өтеусіз (кепілді) жөндеуге және (немесе) техникалық қызмет көрсетуге пайдалану мақсатында әкелінген (әкетілген), сондай-ақ кері қайтарылатын тауралар;

      н) көшіру (тасымалдау) құралы, көп айналымды (қайтарымды) ыдыс ретінде әкеліген (әкетілген) тауарлар;

      о) оның іске қосу мен жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құбыр жолы көлігімен өткізілетін тауарлар;

      п) керек-жарақтар ретінде өткізілетін тауарлар, осы Әдіснаманың 7-тармағының "д" тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда;

      р) кепіл есебінде жеткізілетін тауарлар;

      с) жарнамалау бойынша әкелінген (әкетілген) тауарлар;

      т) бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан меншік құқығын ауыстырмай әкелінген және мүше мемлекеттің аумағынан ұшырылған Жер серіктері және олардың тасымалдағыштары;

      у) бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына меншік құқығын ауыстырмай әкетілген және осы басқа мүше мемлекеттің аумағынан ұшырылған Жер серіктері және олардың тасымалдағыштары;

      ф) бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан оларды жою үшін әкелінген тауарлар.

V. Тауарларды есепке алу сәті

      9. Жалпы қағида бойынша тауарлар:

      тауарлар импорты кезінде – тауардың жеткізілген күні бойынша;

      тауарлар экспорты кезінде – тауардың тиелген күні бойынша есепке алынады.

      Тауардың жеткізілген (тиелген) күні деп мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте бухгалтерлік есепте тауардың кіріске алынған (есептен шығарылған) күні есептеледі.

      Басқа мүше мемлекеттермен ортақ шекарасы жоқ мүше мемлекетте тауарлар оның шекарасынан өткен күні бойынша есепке алынады.

      Жалпы қағида бойынша емес есепке алынатын тауарлар санаты осы Әдіснаманың 10-тармағында көрсетілген.

      10. Стационарлық көлік (құбыр жолы көлігімен, электр өткізу желілері бойынша және т.б.) арқылы өткізілетін тауарлар тауарды жеткізу жүзеге асырылған айда есепке алынады.

      Осы Әдіснаманың 7-тармағының "д" тармақшасында көрсетілген тауарлар, әдетте, меншік құқығы ауысқан күні бойынша есепке алынады.

      Жинақы емес немесе бөлшектелген түрдегі, соның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі, белгілі уақыт кезеңі ішінде жеке құрамдас бөліктер түрінде өткізілетін тауарларды есепке алу сәті мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді.

VI. Тауарларды сыныптау

      11. Тауарларды сыныптауыш ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) қолданылады.

      ЕАЭО СЭҚ ТН Бүкіләлемдік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ТМД СЭҚ ТН) негізделген.

      Үлгі ретінде кестеде олардың халықаралық негізге сәйкестігін көрсете отырып тауарлармен өзара сауда статистикасын жүргізу мақсатында қолданылатын ЕАЭО СЭҚ ТН сыныптауыш топтары берілген.

Сыныптауыш топтың атауы

Кіші қосалқы позиция

Қосалқы позиция


Тауар позициясы


Топ


ЕАЭО СЭҚ ТН кодының разряды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Халықаралық негіз

Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесі




ТМД СЭҚ ТН

      12. Уәкілетті органдар тауарлармен өзара сауда статистикасын қалыптастыру кезінде ЕАЭО СЭҚ ТН кодын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда шартты код қолданылуы мүмкін.

VII. Тауарларды құндық бағалау

      13. Тауардың статистикалық құны деп "Инкотермс 2010" ұлттық және халықаралық сауда терминдерін пайдалану бойынша Халықаралық сауда палатасының қағидаларында сипатталған терминдерге сәйкес бірыңғай бағалау базисіне келтірілген тауардың мәміле шарттарымен белгіленген құны түсіндіріледі.

      Жалпы қағида бойынша статистикалық құн:

      импортталатын тауарлар үшін – CIF бағалары типі бойынша;

      экспортталатын тауарлар үшін – FOB бағалары типі бойынша есептеледі.

      Импортталатын және экспортталатын тауарлардың статистикалық құнын есептеу ерекшеліктері осы Әдіснаманың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген.

      14. Су көлігі арқылы импортталатын тауарлардың статистикалық құны аумағында тауар импортталатын мүше мемлекеттің әкелу портында CIF бағаларымен есептеледі.

      Көліктің басқа түрімен тауарлар импорты жағдайында және егер CIF бағалары қолданылмайтын жағдайда мұндай тауарлардың статистикалық құны аумағында тауар импортталатын мүше мемлекеттің шекарасындағы әкелу пунктінде CIР бағалармен есептеледі.

      15. Су көлігі арқылы экспортталатын тауарлардың статистикалық құны аумағында тауар экспортталатын мүше мемлекеттің әкету портында FOB бағалармен есептеледі.

      Көліктің басқа түрі арқылы тауарлар экспорты жағдайында және егер FOB бағалары қолданылмайтын жағдайда мұндай тауарлардың статистикалық құны аумағынан тауар экспортталатын мүше мемлекеттің шекарасында FCA бағалармен, ал егер FOB және FCA бағалары қолданылмайтын жағдайда – DAP бағалармен есептеледі.

      16. Тауарлардың жекелеген санаттарының статистикалық құны мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып белгіленген тауар құнына қарай есептеледі:

      а) монетарлық емес алтынға, сондай-ақ төлем құралы ретінде қолданылмайтын бағалы металдардан жасалған коллекциялық монеталарға қатысты олардың коммерциялық құны пайдаланылады;

      б) айналымда болмайтын банкноттарға, бағалы қағаздар мен монеталарға қатысты олардың атаулы құны емес, оларды басып шығаруға және қалыптауға кететін қағаздың, металдың және шығынның құны пайдаланылады;

      в) жазылған ақпарат тасымалдағыштарға қатысты ақпарат тасымалдағыштың және онда қамтылған ақпараттың сомалық құны пайдаланылады;

      г) қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарларға (өтемдік өнімге) қатысты олардың толық құны (қайта өңдеуге жататын тауарлардың құны және қайта өңдеу нәтижесінде қосылған құн, соның ішінде қайта өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтің құны) пайдаланылады.

      17. Тауардың статистикалық құны АҚШ долларымен және мүше мемлекеттердің ұлттық валюталары бірліктерімен көрсетіледі. АҚШ долларына және мүше мемлекеттің ұлттық валюта бірлігіне қайта есептеу мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі тауарды есепке алу күні белгілеген бағамы бойынша жүзеге асырылады.

VIII. Тауарларды сандық есепке алу

      18. Тауарларды сандық есепке алу (электр энергиясын қоспағанда) негізгі өлшем бірлігінде – килограммда (нетто салмағы) жүзеге асырылады.

      Тауарлардың жекелеген санаттары үшін олардың санын есепке алу да ЕАЭО СЭҚ ТН-да көрсетілген қосымша өлшем бірліктерінде (данамен, литрмен, шаршы метрмен, куб метрмен және т.б.) жүзеге асырылады.

IX. Географиялық үлестіру

      19. Серіктес елдер тауарлар импортын және экспортын географиялық үйлестіру мақсатында:

      тауарлар импорты кезінде – тауар жөнелтілген ел;

      тауарлар экспорты кезінде – тауар жеткізілетін ел танылады.

      20. Әлем елдерінің сыныптауышы ретінде мүше мемлекеттердің әлем елдерінің сыныптауыштары қолданылады.

X. Тауарлармен өзара сауда статистикасының көрсеткіштері

      21. Тауарлармен өзара сауда статистикасын жүргізу мақсаты үшін бақылау мынадай негізгі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:

      а) есептік кезең (ай);

      б) тауарды өткізу бағыты (импорт немесе экспорт);

      в) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың коды;

      г) тауар жеткізілетін ел;

      д) тауар шығарылған ел;

      е) тауар жөнелтілетін ел;

      ж) сатушы ел;

      з) нетто салмағы (килограмм);

      и) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес қосымша өлшем бірлігінің коды;

      к) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес қосымша өлшем бірлігіндегі тауардың саны;

      л) тауардың статистикалық құны (АҚШ долларымен);

      м) тауардың статистикалық құны (мүше мемлекеттің ұлттық валюта бірліктерінде);

      н) мүше мемлекеттің шекарасындағы көлік түрі (көрсеткіш уәкілетті органның қалауы бойынша пайдаланылады);

      о) мүше мемлекетте пайдаланылатын сыныптауышқа сәйкес мәміленің сипаттамасы (көрсеткіш уәкілетті органның қалауы бойынша пайдаланылады).

      22. Тауарлармен өзара сауда статистикасының деректерін статистиканың басқа салаларының деректерімен және тізілім деректерімен (мемлекеттік, статистикалық, бизнес-тізілімдер және т.б.) байланыстыру негізінде уәкілетті органның қалауы бойынша сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының мынадай сипаттамалары туралы деректер (интеграцияланған деректер) қалыптастырылады:

      а) экономикалық қызметтің түрі;

      б) мөлшері (жұмысшылардың саны);

      в) меншік нысаны;

      г) әкімшілік-аумақтық тиесілігі.

XI. Деректерді тарату

      23. Тауарлармен өзара сауда статистикасының деректері оларды уәкілетті органдардың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайттарында (порталдарында) тұрақты негізде орналастыру, сондай-ақ статистикалық басылымдарда жариялау арқылы таратылады.

      Тауарлармен өзара сауда статистикасының деректері мүше мемлекеттердің құпия ақпаратты қорғау туралы заңнамасы талаптарын сақтай отырып, агрегатталған түрде таратылады.

      24. Тауарлармен өзара сауда статистикасының таратылатын деректеріне сенімді арттыру мақсатында және оларды дұрыс түсіндіру үшін ақпарат дереккөздері, статистикалық жете есептеу әдістері (олар жүргізілген жағдайда), деректерді қалыптастыруға әдіснамалық тәсілдемелер туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді қамтитын метадеректер жария түрде орналастырылады.

      Тауарлармен өзара сауда статистикасы деректерінің сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында оларды тұрақты негізде жаңғырту жүзеге асырылады.

      Пайдаланушылардың мүдделері үшін тауарлармен өзара сауда статистикасының деректерін орналастыру (жариялау) және оларды жаңғырту күні туралы алдын ала жария хабарланады.

XII. Ақпараттың құпиялылығы

      25. Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары уәкілетті органдарға ұсынған статистикалық құжаттарда қамтылған мәліметтер мүше мемлекеттердің тауарлармен өзара саудасы туралы ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мақсатында ғана пайдаланылады.

      Сыртқы экономикалық қызметтің жекелеген қатысушысының тауарлар импорты (экспорты) туралы мәліметтері құпия болып табылады. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құпия ақпаратқа тауарлармен өзара сауда туралы басқа да мәліметтер жатқызылуы мүмкін.

      Уәкілетті органдар құпия ақпаратты қорғау үшін тауарлармен өзара сауданың статистикасы деректерінің толықтығын сақтауды қамтамасыз ететін арнайы техникалық тәсілдер қолданылады.

      26. Уәкілетті органдар сыртқы экономикалық қызметтің жекелеген қатысушысының тауарлар импорты (экспорты) туралы мәліметтерді мүше мемлекеттердің заңнамасында, Шартта және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын өзге де халықаралық шарттар мен актілерде көзделген жағдайларда ғана ұсынады.

      27. Уәкілетті органдар құпия ақпаратты қорғауға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кепілдік береді және пассивті және (немесе) белсенді құпиялылық қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

      Пассивті құпиялылық қағидаты сыртқы экономикалық қызметке қатысушының негізделген өтініші бойынша тауарлармен өзара сауда статистикасы деректерін тарату кезінде уәкілетті органдардың құпия ақпаратты қорғаудың қосымша шараларын қабылдауды көздейді.

      Белсенді құпиялылық қағидаты мүше мемлекеттің заңнамасы талаптарына сәйкес тауарлармен өзара сауда статистикасы деректерін тарату кезінде не сыртқы экономикалық қызметтің жекелеген қатысушы туралы мәліметтерді сәйкестендіруді болдырмау мақсатында уәкілетті органдардың құпия ақпаратты қорғаудың қосымша шараларын қабылдауды көздейді.

XIII. Деректерді салыстыруды қамтамасыз ету

      28. Мүше мемлекеттердің тауарлармен өзара сауда туралы статистикалық деректерінің қайшылығы әртүрлі себептерден, соның ішінде:

      а) тауарлар импорты мен экспортын құндық бағалау ерекшеліктерінен;

      б) тауарлар импорты мен экспортын есепке алу сәттерінің айырмашылықтарынан;

      в) тауарларды сыныптау тәсілдемелерінің ерекшеленуінен;

      г) тауарларды есепке алудың статистикалық шектерінің болуынан;

      д) тауарлардың жекелеген санаттарын есепке алу ерекшеліктерінен;

      е) ақпарат дереккөздерінде қамтылған мәліметтердің нақты болмауынан;

      ж) ақпараттың құпиялылығынан туындауы мүмкін.

      29. Тауарлармен өзара сауда статистикасы деректерінің сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдар ықтимал қайшылықтардың себептерін анықтау және оларды төмендету үшін тауарлармен өзара сауда статистикасы деректерін салыстыру бойынша сарапшылардың екіжақты кездесуін өткізеді.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 210 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен сыртқы саудасының статистикасын жүргізу ӘДІСНАМАСЫ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Әдіснама Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кеден кодексі) 360-бабы 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен сыртқы саудасының статистикасын (бұдан әрі тиісінше – тауарлармен сыртқы сауда статистикасы, мүше мемлекеттер) жүргізуге "Тауарлармен халықаралық сауда статистикасы: тұжырымдамалар және анықтамалар, 2010 жыл" халықаралық стандартына сәйкес келетін және мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен (бұдан әрі – үшінші елдер) тауарлармен сыртқы саудасы туралы ресми статистикалық ақпаратын салыстыруды қамтамасыз ететін бірыңғай әдіснамалық тәсілдемелерді белгілеу мақсатында әзірленді.

      2. Осы Әдіснама уәкілетті мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – уәкілетті органдар) қолдануына арналған.

II. Негізгі ұғымдар

      3. Осы Әдіснамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

      "тауарлармен сыртқы сауда" – мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасындағы тауарлар импорты және экспорты;

      "импортер" – мүше мемлекеттің мәміле тарапынан әрекет ететін және соған сәйкес екінші тұлғадан үшінші елдің аумағынан мүше мемлекеттің аумағына әкелінген (өткізілген) тауарды иемденген (тауарды иемдену деп оны сатып алу, айырбастау, кері қайтару, сондай-ақ тауарды қаржылық жалға алу (лизинг) не сақтау шарты бойынша 1 жылдан астам мерзімге қабылдау, тауарды консигнациялық келісім бойынша қайта өңдеуге, қайта өңдеуден кейін өтеусіз, гуманитарлық не техникалық көмек, сый, жарғылық қорға салым ретінде қабылдау түсіндіріледі) тұлғасы;

      "тауарлар импорты" – мүше мемлекеттің материалдық ресурстар қорына қосылатын тауарларды үшінші елдің аумағынан мүше мемлекеттің аумағына әкелу;

      "тауардың жеткізілетін елі" – аумағында тауар тұтынылатын, пайдаланылатын, қайта өңдеуге ұшырайтын мемлекет немесе ол туралы мәліметтер тауардың үшінші елдің аумағынан мүше мемлекеттің аумағына немесе кері өткізілетінін растайтын көліктік (тасымалдау) немесе өзге де құжаттарда көрсетілген аумағына тауар өткізілетін мемлекет;

      "тауар жөнелтілген ел" – аумағынан ол туралы мәліметтер тауардың үшінші елдің аумағынан мүше мемлекеттің аумағына немесе кері өткізілетінін растайтын көліктік (тасымалдау) немесе өзге де құжаттарда көрсетілген тауар жөнелтілген мемлекет;

      "тауар шығарылған ел" – 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес белгіленген әкелінетін (әкетілетін) тауарлардың шыққан жерін анықтау қағидаларына сәйкес белгіленген мемлекет;

      "тауар" – оған сәйкес үшінші елдің аумағынан мүше мемлекеттің аумағына немесе кері өткізілетін, мәміленің объектісі болып табылатын кез келген жылжымалы мүлік;

      "сатушы ел" – аумағында оған сәйкес тауар үшінші елдің аумағынан мүше мемлекеттің аумағына немесе кері өткізілетін, мәміленің тарапы ретінде әрекет ететін тұлға тіркелген мемлекет;

      "сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысы" – импортер және (немесе) экспортер;

      "экспортер" – мәміленің тарапы ретінде әрекет ететін және оған сәйкес мүше мемлекеттің аумағынан үшінші елдің аумағына әкетілген (өткізілген) тауарды басқа тұлғаға өткізетін (тауарды өткізу деп оны сату, айырбастау, кері қайтару, сондай-ақ тауарды қаржылық жалға алу (лизинг) не сақтау шарты бойынша 1 жылдан астам мерзімге тапсыру, тауарды консигнациялық келісім бойынша қайта өңдеуге, қайта өңдеуден кейін өтеусіз, гуманитарлық не техникалық көмек, сый, жарғылық қорға салым ретінде тапсыру түсіндіріледі) мүше мемлекеттің тұлғасы;

      "тауарлар экспорты" – мүше мемлекеттің материалдық ресурстар қорын азайтатын тауарларды мүше мемлекеттің аумағынан үшінші елдің аумағына әкету.

      Осы Әдіснамада пайдаланылатын өзге де ұғымдар Шартта, Кеден кодексінде және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын өзге де халықаралық шарттарда және актілерде белгіленген мағыналарында қолданылады.

III. Ақпарат дереккөздері

      4. Тауарлармен сыртқы сауда статистикасын жүргізу үшін негізгі ақпарат дереккөзі мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ұсынылатын тауарларға декларацияларда және өзге де құжаттарда (бұдан әрі – кеден құжаттары) қамтылған мәліметтер болып табылады. Уәкілетті органдар тауарлармен өзара сауда статистикасын қалыптастыру мақсатында өзге де ақпарат дереккөздерін пайдалануы мүмкін.

      5. Тауарлармен сыртқы сауда статистикасын жүргізу мақсатында кеден құжаттарында қамтылған мәліметтер осы Әдіснаманың 25-тармағында көрсетілген тауарлармен сыртқы сауда статистикасының негізгі көрсеткіштері бойынша бақылауды жүргізу үшін қажетті көлемде пайдаланылады.

IV. Қамту саласы

      6. Тауарлармен сыртқы сауда статистикасында тауарларды есепке алу үшінші елдің аумағынан мүше мемлекеттің аумағына оларды әкелу нәтижесінде мүше мемлекеттің материалдық ресурстары қорына қосылатын не мүше мемлекеттің аумағынан үшінші елдің аумағына оларды әкету нәтижесінде мүше мемлекеттің материалдық ресурстар қорын азайтатын тауарлардың мүше мемлекет пен үшінші елдің арасында барлық өткізілуін есепке алуды көздейтін сауданың жалпы жүйесі негізінде жүзеге асырылады.

      Есепке алу қажеттілігінің болуын немесе болмауын анықтау қиындық тудыруы мүмкін тауарлардың жекелеген санаттары осы Әдіснаманың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген.

      Тауарларды орналастыру кезінде іс-қимылдар аяқталғаннан кейін не тауарлар импортына, тауарлар экспортына есепке алынатын не тауарлармен сыртқы сауда статистикасында есепке алуға жатпайтын кедендік рәсімдер осы Әдіснаманың 9 – 11-тармақтарында көрсетілген.

      7. Тауарлардың мынадай санаттары есепке алуға жатады:

      а) ерекше сипаттамаларды иеленетін тауарлар:

      монетарлық емес алтын;

      айналымда болмайтын банкноттар, бағалы қағаздар және монеталар;

      әскери және қосарланған мақсаттағы тауарлар;

      жеке тапсырыс бойынша әзірленген контентті тасымалдағыштарды қоспағанда, жазылған және жазылмаған ақпарат тасымалдағыштар;

      қолданыста болған тауарлар;

      қалдықтар және сынықтар;

      б) айрықша тәсілмен өткізілетін тауарлар:

      электр энергиясы, табиғи газ, мұнай (мұнай өнімдері), су және басқа да стационарлық көлік арқылы (құбыр желісі көлігімен, электр өткізу желілері бойынша және т.б.) өткізілетін тауарлар;

      соның ішінде жеке тұлғалардың тікелей жазылуы бойынша алынған мерзімді басылымдарды (газет, журналдарды) қоспағанда, электрондық құралдарды (электрондық сауда) пайдаланып жасалған мәмілелер негізінде халықаралық пошта жөнелтілімімен немесе курьерлік қызмет арқылы алынған (жөнелтілген) тауарлар;

      в) айрықша мәмілелер негізінде өткізілген тауарлар:

      бартерлік келісім бойынша;

      өтеусіз, гуманитарлық және техникалық көмек ретінде;

      сыйлықтар және қайырымдылық ретінде;

      консигнациялық келісімдер бойынша;

      1 жылдан астам мерзімге сақтау шарты бойынша;

      1 жылдан астам қаржылық жалға алу (лизинг) шарты бойынша;

      меншік құқығын ауыстырумен немесе меншік құқығын ауыстырмай қайта өңдеу шарты бойынша (қайта өңдеуге арналған тауарлар, қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарлар (өтемақылық өнім));

      қайтарылған тауарлар (бұрын әкетілген және тауарлар экспортында ескерілген, содан кейін қайтарылған тауарлар тауарлар импортында есепке алынады, бұрын әкелінген және тауарлар импортында ескерілген, содан кейін қайтарылған тауарлар тауарлар экспортында есепке алынады);

      г) ерекше қатысушымен мәміле негізінде өткізілген тауарлар:

      мүше мемлекеттің мүддесінде өткізілетін тауарлар;

      сыртқы көмек мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеткізілген тауарлар;

      әскери репарациялар мен реституциялар;

      жеке тұлғалардың тұрақты орналастыру мақсатында әкелген (әкеткен) көлік құралдары, сондай-ақ, егер осындай тауарлар импортының (экспортының) көлемі мүше мемлекет үшін экономикалық маңызды деп танылған болса, жеке тұлғалар әкелген (әкеткен) басқа да тауарлар;

      өзара байланысты тұлғалар (басты ұйымдар және (немесе) олардың тікелей инвестициялау кәсіпорындары) арасындағы мәмілелер нәтижесінде әкелінген (әкетілген) тауарлар;

      жарғы қорына салым ретінде әкелінген (әкетілген) тауарлар;

      мүше мемлекеттің аумағында үшінші елдердің аумағында орналасқан халықаралық ұйымнан алынған, сондай-ақ мүше мемлекеттің аумағынан үшінші елдердің аумағында орналасқан халықаралық ұйым жөнелткен тауарлар;

      мүше мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалар өндірген және әкеткен тауарлар;

      мигранттар өткізген тауарлар, егер мұндай тауарлар импортының (экспортының) көлемі мүше мемлекет үшін экономикалық маңызды деп танылатын болса;

      д) әдетте меншік құқығы ауысқан кезде есепке алынған тауарлар:

      су және әуе кемелері;

      мүше мемлекеттің аумағына үшінші елдің аумағынан әкелінген не мүше мемлекеттің аумағынан үшінші елдің аумағына меншік құқығының ауысуымен әкетілген Жер серіктері және олардың тасымалдағыштары. Бұл ретте мүше мемлекеттің аумағында үшінші елдің атынан және тапсыруы бойынша өндірілген және ұшырылған Жер серігі мүше мемлекеттің тауарлар экспортында есепке алынады, ал үшінші елдің аумағында мүше мемлекеттің атынан және тапсыруы бойынша өндірілген және ұшырылған Жер серігі мүше мемлекеттің тауарлар импортында есепке алынады;

      ауланған балық және теңіз өнімдері, өндірілген балық өнімдері, теңіз түбінен қазылған минералдар:

      ашық теңізде үшінші елдің су кемесінен мүше мемлекеттің су кемесіне түсірілген (тауарлар импортында есепке алынады);

      ашық теңізде мүше мемлекеттің су кемесінен үшінші елдің су кемесіне түсірілген (тауарлар экспортында есепке алынады);

      үшінші елдің су кемесінен мүше мемлекеттің портына түсірілген (тауарлар импортында есепке алынады);

      мүше мемлекеттің су кемесінен үшінші елдің портына түсірілген (тауарлар экспортында есепке алынады);

      бункерлік отын, балласт, бекіткіш әбзел, керек-жарақ ретінде өткізілген тауарлар және:

      мүше мемлекеттің су немесе әуе кемесі үшін үшінші елдің аумағында сатып алынған (тауарлар импортында есепке алынады);

      мүше мемлекеттің аумағында үшінші елдің су немесе әуе кемесі үшін өткізілген (тауарлар экспортында есепке алынады);

      үшінші елдің су немесе әуе кемесінен мүше мемлекеттің портына түсірілген (тауарлар импортында есепке алынады);

      мүше мемлекеттің су немесе әуе кемесінен үшінші елдің портына түсірілген (тауарлар экспортында есепке алынады) өзге де материалдар.

      8. Тауарлардың мынадай санаттары есепке алуға жатпайды:

      а) транзиттік тауарлар (мүше мемлекеттің аумағына әкелінетін және басқа мүше мемлекеттің не үшінші елдің аумағына жеткізу мақсатында оның аумағынан тыс әкетілетін тауарлар);

      б) 1 жылға дейінгі мерзімде уақытша әкелінген (әкетілген), соның ішінде таныстырылымға және (немесе) көрме-жәрмеңке, мәдени, спорт, ойын-сауық және басқа да іс-шараларға арналған тауарлар (тауарлардың сынамалары мен үлгілерін қоса алғанда);

      в) операциялық жалға алу шарты бойынша әкелінген (әкетілген) тауарлар;

      г) монетарлық алтын;

      д) банкноттар, бағалы қағаздар және айналымға шығарылған монеталар (нумизматикалық мақсаттар үшін пайдаланылатындарды қоспағанда);

      е) жеке тұлғалардың тікелей жазылуы бойынша алатын мерзімді басылымдар (газеттер, журналдар);

      ж) жұмыс істеуді қамтамасыз ету және ресми пайдалану үшін дипломатиялық өкілеттіктер, консулдық мекемелер, мүше мемлекеттегі шет мемлекеттердің өзге де ресми өкілдіктері әкелген және кері әкеткен тауарлар;

      з) жұмыс істеуді қамтамасыз ету және ресми пайдалану үшін мүше мемлекеттің үшінші елдердегі дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, өзге де ресми өкілдері әкелген және кері әкеткен тауарлар;

      и) мүше мемлекеттің аумағында орналасқан халықаралық ұйымдар әкелген (әкеткен) тауарлар;

      к) мүше мемлекеттердің және оның аумақтық анклавтары, жасанды аралдары, қондырғылары, құрылыстары, оның аумағынан тыс орналасқан өзге де объектілері арасында өткізілетін, оларға қатысты мүше мемлекеттер айрықша заңды құзыретті иеленетін тауарлар;

      л) жөндеу немесе техникалық (соның ішінде өтеусіз (кепілді) қызмет көрсету мақсатында әкелінген (әкетілген), сондай-ақ жөндеуден немесе техникалық (соның ішінде өтеусіз (кепілді) қызмет көрсетуден кейін қайтарылатын тауарлар;

      м) оларды өтеусіз (кепілді) жөндеуге және (немесе) техникалық қызмет көрсетуге пайдалану мақсатында әкелінген (әкетілген), сондай-ақ кері қайтарылатын тауралар;

      н) көшіру (тасымалдау) құралы, көп айналымды (қайтарымды) ыдыс ретінде әкеліген (әкетілген) тауарлар;

      о) оның іске қосу мен жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құбыр жолы көлігімен өткізілетін тауарлар;

      п) керек-жарақтар ретінде өткізілетін тауарлар, осы Әдіснаманың 7-тармағының "д" тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда;

      р) кепіл есебінде жеткізілетін тауарлар;

      с) жарнамалау бойынша әкелінген (әкетілген) тауарлар;

      т) мүше мемлекеттің аумағына үшінші елдің аумағынан меншік құқығын ауыстырмай әкелінген және мүше мемлекеттің аумағынан ұшырылған Жер серіктері және олардың тасымалдағыштары;

      у) мүше мемлекеттің аумағынан үшінші елдің аумағына меншік құқығын ауыстырмай әкетілген және үшінші елдің аумағынан ұшырылған Жер серіктері және олардың тасымалдағыштары;

      ф) әкелінген (әкетілген) және тауарлар импортында (экспортында) есепке алынған тауарлар кеден рәсімдері өзгерген кезде қайта есепке алынбайды (тауарды өткізу бағытын өзгертусіз).

      9. Тауарлар импортында:

      а) мүше мемлекеттің аумағына үшінші елдің аумағынан әкелінген және мынадай кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлар:

      ішкі тұтыну үшін шығару;

      кеден аумағында қайта өңдеу;

      уақытша әкелу (рұқсат ету) (1 жылдан астам мерзімге);

      реимпорт;

      кедендік қойма;

      еркін қойма;

      еркін кедендік аймақ;

      ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;

      мемлекеттің пайдасына бас тарту;

      бажсыз сауда;

      б) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің әрекеті аяқталғаннан кейін мүше мемлекеттің аумағына үшінші елдің аумағынан әкелінген тауарлар есепке алынады.

      10. Тауарлар экспортында:

      а) мүше мемлекетің аумағынан үшінші елдің аумағына әкетілген және мынадай кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлар:

      экспорт;

      кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу;

      уақытша әкету (1 жылдан астам мерзімге);

      реэкспорт (уақытша сақтаудан кейін мүше мемлекеттің аумағына әкетілген тауарларды қоспағанда);

      б) мынадай кедендік рәсімдердің әрекеттері аяқталғаннан кейін мүше мемлекеттің аумағынан үшінші елдің аумағына әкетілген тауарлар:

      кедендік аумақта қайта өңдеу;

      еркін қойма;

      еркін кедендік аймақ;

      ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;

      в) бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырудан кейін мүше мемлекеттің аумағынан үшінші елдің аумағына әкетілген тауарлар есепке алынады.

      11. Тауарлармен сыртқы сауда статистикасында мынадай кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлар есепке алынбайды:

      а) уақытша әкету (1 жылдан астам мерзімге);

      б) уақытша әкелу (рұқсат ету) (1 жылдан астам мерзімге);

      в) кедендік транзит;

      г) арнайы кедендік рәсім;

      д) жою.

V. Тауарларды есепке алу сәті

      12. Жалпы қағида бойынша тауарлар тауар декларациясында қойылған тауар шығарылған күн бойынша (тауарды шығару туралы бастапқы шешім қабылдау) есепке алынады.

      Жалпы қағида бойынша есепке алынатын тауарлар санаты осы Әдіснаманың 13-тармағында көрсетілген.

      13. Стационарлық көлік (құбыр жолы көлігімен, электр өткізу желілері бойынша және т.б.) арқылы өткізілетін тауарлар тауарды жеткізу жүзеге асырылған айда есепке алынады.

      Осы Әдіснаманың 7-тармағының "д" тармақшасында көрсетілген тауарлар, әдетте, меншік құқығы ауысқан күні бойынша есепке алынады.

      Жинақы емес немесе бөлшектелген түрдегі, соның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі, белгілі уақыт кезеңі ішінде жеке құрамдас бөліктер түрінде өткізілетін тауарларды есепке алу сәті мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді.

VI. Тауарларды сыныптау

      14. Тауарларды сыныптауыш ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) қолданылады.

      ЕАЭО СЭҚ ТН Бүкіләлемдік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ТМД СЭҚ ТН) негізделген.

      Үлгі ретінде кестеде олардың халықаралық негізге сәйкестігін көрсете отырып тауарлармен сыртқы сауда статистикасын жүргізу мақсатында қолданылатын ЕАЭО СЭҚ ТН сыныптауыш топтары берілген.

Сыныптауыш топтың атауы

Кіші қосалқы позиция

Қосалқы позиция


Тауар позициясы


Топ


ЕАЭО СЭҚ ТН кодының разряды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Халықаралық негіз

Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесі




ТМД СЭҚ ТН

      15. Уәкілетті органдар тауарлармен сыртқы сауда статистикасын қалыптастыру кезінде ЕАЭО СЭҚ ТН кодын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда шартты код қолданылуы мүмкін.

VII. Тауарларды құндық бағалау

      16. Тауардың статистикалық құны деп "Инкотермс 2010" ұлттық және халықаралық сауда терминдерін пайдалану бойынша Халықаралық сауда палатасының қағидаларында сипатталған терминдерге сәйкес бірыңғай бағалау базисіне келтірілген тауардың мәміле шарттарымен белгіленген құны түсіндіріледі.

      Жалпы қағида бойынша статистикалық құн:

      импортталатын тауарлар үшін – CIF бағалары типі бойынша;

      экспортталатын тауарлар үшін – FOB бағалары типі бойынша есептеледі.

      Импортталатын және экспортталатын тауарлардың статистикалық құнын есептеу ерекшеліктері осы Әдіснаманың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген.

      17. Су көлігі арқылы импортталатын тауарлардың статистикалық құны аумағында тауар импортталатын мүше мемлекеттің әкелу портында CIF бағаларымен есептеледі.

      Көліктің басқа түрімен тауарлар импорты жағдайында және егер CIF бағалары қолданылмайтын жағдайда мұндай тауарлардың статистикалық құны аумағында тауар импортталатын мүше мемлекеттің шекарасындағы әкелу пунктінде CIP бағалармен есептеледі.

      18. Су көлігі арқылы экспортталатын тауарлардың статистикалық құны аумағында тауар экспортталатын мүше мемлекеттің әкету портында FOB бағалармен есептеледі.

      Көліктің басқа түрі арқылы тауарлар экспорты жағдайында және егер FOB бағалары қолданылмайтын жағдайда мұндай тауарлардың статистикалық құны аумағынан тауар экспортталатын мүше мемлекеттің шекарасында FCA бағалармен, ал егер FOB және FCA бағалары қолданылмайтын жағдайда – DAP бағалармен есептеледі.

      19. Тауарлардың жекелеген санаттарының статистикалық құны мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып белгіленген тауар құнына қарай есептеледі:

      а) монетарлық емес алтынға, сондай-ақ төлем құралы ретінде қолданылмайтын бағалы металдардан жасалған коллекциялық монеталарға қатысты олардың коммерциялық құны пайдаланылады;

      б) айналымда болмайтын банкноттарға, бағалы қағаздар мен монеталарға қатысты олардың атаулы құны емес, оларды басып шығаруға және қалыптауға кететін қағаздың, металдың және шығынның құны пайдаланылады;

      в) жазылған ақпарат тасымалдағыштарға қатысты ақпарат тасымалдағыштың және онда қамтылған ақпараттың сомалық құны пайдаланылады;

      г) қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарларға (өтемдік өнімге) қатысты олардың толық құны (қайта өңдеуге жататын тауарлардың құны және қайта өңдеу нәтижесінде қосылған құн, соның ішінде қайта өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтің құны) пайдаланылады.

      20. Тауарлардың статистикалық құны АҚШ долларымен көрсетіледі. АҚШ долларына қайта есептеу мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі тауар декларациясының тіркелген күні белгілеген бағамы бойынша жүзеге асырылады.

VIII. Тауарларды сандық есепке алу

      21. Тауарларды сандық есепке алу (электр энергиясын қоспағанда) негізгі өлшем бірлігінде – килограммда (нетто салмағы) жүзеге асырылады.

      Тауарлардың жекелеген санаттары үшін олардың санын есепке алу да ЕАЭО СЭҚ ТН-да көрсетілген қосымша өлшем бірліктерінде (данамен, литрмен, шаршы метрмен, куб метрмен және т.б.) жүзеге асырылады.

IX. Географиялық үлестіру

      22. Жалпы қағида бойынша серіктес елдер тауарлар импортын және экспортын географиялық үлестіру мақсатында:

      тауарлар импорты кезінде – тауар шығарылған ел;

      тауарлар экспорты кезінде – тауар жеткізілетін ел танылады.

      23. Тауарлар импортын есепке алу мынадай жағдайларда тауарлар жөнелтілген ел бойынша жүзеге асырылады:

      а) тауар реимпорт кедендік рәсіміне орналастырылған;

      б) тауар шығарылған ел мүше мемлекет болып табылады;

      в) тауар "Өнер туындылары, коллекциялау заттары және антиквариат" ЕАЭО СЭҚ ТН 97-тобына жатады.

      24. Әлем елдерінің сыныптауышы ретінде мүше мемлекеттердің әлем елдерінің сыныптауыштары қолданылады.

X. Тауарлармен сыртқы сауда статистикасының көрсеткіштері

      25. Тауарлармен сыртқы сауда статистикасының мақсаты үшін бақылау мынадай негізгі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:

      а) есептік кезең (ай);

      б) тауарды өткізу бағыты (импорт немесе экспорт);

      в) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың коды;

      г) тауар жеткізілетін ел;

      д) тауар шығарылған ел;

      е) тауар жөнелтілетін ел;

      ж) сатушы ел;

      з) нетто салмағы (килограмм);

      и) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес қосымша өлшем бірлігінің коды;

      к) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес қосымша өлшем бірлігіндегі тауардың саны;

      л) тауардың статистикалық құны (АҚШ долларымен);

      м) кедендік рәсім (көрсеткіш уәкілетті органның қалауы бойынша пайдаланылады);

      н) тауарды өткізу ерекшелігі (көрсеткіш уәкілетті органның қалауы бойынша пайдаланылады);

      о) мүше мемлекеттің шекарасындағы көлік түрі;

      п) мүше мемлекетте пайдаланылатын сыныптауышқа сәйкес мәміленің сипаттамасы (көрсеткіш уәкілетті органның қалауы бойынша пайдаланылады).

      26. Тауарлармен сыртқы сауда статистикасының деректерін статистиканың басқа салаларының деректерімен және тізілім деректерімен (мемлекеттік, статистикалық, бизнес-тізілімдер және т.б.) байланыстыру негізінде уәкілетті органның қалауы бойынша сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының мынадай сипаттамалары туралы деректер (интеграцияланған деректер) қалыптастырылады:

      а) экономикалық қызметтің түрі;

      б) мөлшері (жұмысшылардың саны);

      в) меншік нысаны;

      г) әкімшілік-аумақтық тиесілігі.

XI. Деректерді тарату

      27. Тауарлармен сыртқы сауда статистикасының деректері оларды уәкілетті органдардың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайттарында (порталдарында) тұрақты негізде орналастыру, сондай-ақ статистикалық басылымдарда жариялау арқылы таратылады.

      Тауарлармен сыртқы сауда статистикасының деректері мүше мемлекеттердің құпия ақпаратты қорғау туралы заңнамасы талаптарын сақтай отырып, агрегатталған түрде таратылады.

      28. Тауарлармен сыртқы сауда статистикасының таратылатын деректеріне сенімді арттыру мақсатында және оларды дұрыс түсіндіру үшін ақпарат дереккөздері, статистикалық жете есептеу әдістері (олар жүргізілген жағдайда), деректерді қалыптастыруға әдіснамалық тәсілдемелер туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді қамтитын метадеректер жария түрде орналастырылады.

      Тауарлармен сыртқы сауда статистикасы деректерінің сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында оларды тұрақты негізде жаңғырту жүзеге асырылады.

      Пайдаланушылардың мүдделері үшін тауарлармен сыртқы сауда статистикасының деректерін орналастыру (жариялау) және оларды жаңғырту күні туралы алдын ала жария хабарланады.

XII. Ақпараттың құпиялылығы

      29. Кедендік құжаттарда қамтылған ақпаратқа қатысты қарым-қатынас Кеден кодексінің ережелерімен және мүше мемлекеттердің заңнамсымен реттеледі.

      30. Сыртқы экономикалық қызметтің жекелеген қатысушысының тауарлар импорты (экспорты) туралы мәліметтері құпия болып табылады. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құпия ақпаратқа тауарлармен сыртқы сауда туралы басқа да мәліметтер жатқызылуы мүмкін.

      Уәкілетті органдар құпия ақпаратты қорғау үшін тауарлармен сыртқы сауданың статистикасы деректерінің толықтығын сақтауды қамтамасыз ететін арнайы техникалық тәсілдер қолданылады.

      31. Уәкілетті органдар сыртқы экономикалық қызметтің жекелеген қатысушысының тауарлар импорты (экспорты) туралы мәліметтерді мүше мемлекеттердің заңнамасында, Шартта және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын өзге де халықаралық шарттар мен актілерде көзделген жағдайларда ғана ұсынады.

      32. Уәкілетті органдар құпия ақпаратты қорғауға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кепілдік береді және пассивті және (немесе) белсенді құпиялылық қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

      Пассивті құпиялылық қағидаты сыртқы экономикалық қызметке қатысушының негізделген өтініші бойынша тауарлармен сыртқы сауда статистикасы деректерін тарату кезінде уәкілетті органдардың құпия ақпаратты қорғаудың қосымша шараларын қабылдауды көздейді.

      Белсенді құпиялылық қағидаты мүше мемлекеттің заңнамасы талаптарына сәйкес тауарлармен сыртқы сауда статистикасы деректерін тарату кезінде не сыртқы экономикалық қызметтің жекелеген қатысушы туралы мәліметтерді сәйкестендіруді болдырмау мақсатында уәкілетті органдардың құпия ақпаратты қорғаудың қосымша шараларын қабылдауды көздейді.

XIII. Деректерді салыстыруды қамтамасыз ету

      33. Мүше мемлекет пен үшінші елдің олардың арасындағы тауар саудасы туралы статистикалық деректерінің қайшылығы әртүрлі себептерден, соның ішінде:

      а) оның негізінде тауарларды есепке алу жүргізілетін сауда жүйесінен;

      б) тауарлар импорты мен экспортын құндық бағалау ерекшеліктерінен;

      в) тауарлар импорты мен экспортын есепке алу сәттерінің айырмашылықтарынан;

      г) серіктес елдерді анықтау тәсілдемелерінің айырмашылықтарынан;

      д) тауарларды сыныптау тәсілдемелерінің ерекшеленуінен;

      е) тауарлардың жекелеген санаттарын есепке алу ерекшеліктерінен;

      ж) ақпарат дереккөздерінде қамтылған мәліметтердің нақты болмауынан;

      з) ақпараттың құпиялылығынан туындауы мүмкін.

      34. Тауарлармен сыртқы сауда статистикасы деректерінің сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің уәкілетті органдары ықтимал қайшылықтардың себептерін анықтау және оларды төмендету үшін олардың арасындағы сауда туралы деректерді салыстыру бойынша жұмысты жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады