Велосипедтер өндірісіне арналған жинақтауыштардың кейбір түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждары ставкаларының қолданылу мерзімдерін ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 220 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 18-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 4011 50 000 1, 4013 20 000 1, 7315 11 100 1, 8714 93 000 1, 8714 94 200 1, 8714 96 100 1, 8714 96 300 1, 8714 99 500 1 және 8714 99 900 1 кодтарымен сыныпталатын велосипедтер өндірісіне арналған жинақтауыштардың кейбір түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссияның 2017 жылғы 18 тамыздағы № 98 шешімімен белгіленген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждары ставкаларының (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) қолданылу мерзімі кедендік құннан 0 пайыз мөлшерінде қоса алғанда 2020 жылғы 31 тамызға дейін ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 4011 50 000 1, 4013 20 000 1, 7315 11 100 1, 8714 93 000 1, 8714 94 200 1, 8714 96 100 1, 8714 96 300 1, 8714 99 500 1 және 8714 99 900 1 кодтағы позициялар төртінші графада "50С)" ескертуге сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 50С ескертуімен толықтырылсын:

      "50С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 01.09.2018 жылдан бастап қоса алғанда 31.08.2020 жылға дейін қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады