Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілері мен өнім берушілерінің электронды форматта өткізілетін мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуға кедергісіз қол жеткізуі үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 19 өкімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының 1-тармағын және 88-бабының 1-тармағын орындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілері мен өнім берушілерінің электронды форматта өткізілетін мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуға кедергісіз қол жеткізуі үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған электрондық цифрлық қолтаңбаны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің өзара тануын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, 2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әзірлігін негізге ала отырып, Армения Республикасының, Қырғыз Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жасалған электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тануды көздейтін іс-шаралар жоспарларын бекітсін.

      Көрсетілген іс-шаралар жоспарларын дайындау кезінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бір мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған электрондық цифрлық қолтаңбаны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекеттердің өзара тануы бойынша жұмыс жалғасып жатқаны негізге алынсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян В.Матюшевский А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады