Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы №13 шешімін іске асыру туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 6 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы №13 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында автомобильмен жүк тасымалдарын орындауын кезең-кезеңмен ырықтандырудың 2016 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі аралықтағы кезеңге арналған бағдарламасын орындау мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабының 1-тармағына сәйкес:

      1. Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының үкіметтері осы Өкім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы №13 шешімін іске асыруды қамтамасыз етсін және аталған мерзім аяқталған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей Еуразиялық экономикалық комиссияны оны іске асыру нәтижелері туралы хабардар етсін.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады