Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VI томына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 3 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Екі қабатты теміржол жолаушылар вагондары компоненттерінің жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне өзгерістер енгізу туралы" шешімі күшіне енген күннен бастап:

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 21 ұсынымына № 1 қосымша) мынадай өзгерістерді ескере отырып қолдануды ұсынады:

      VІ томның 86-тобында:

      ЕАЭО СЭҚ ТН "8607 11 000 0 – 8607 19 900 0" деген кодтары ЕАЭО СЭҚ ТН "8607 11 000 0 – 8607 19 900 9" деген кодтарымен ауыстырылсын;

      "8607 21 100 0 және 8607 21 900 0" деген сөздер ЕАЭО СЭҚ ТН "8607 21 100 1 – 8607 21 900 9" деген кодтарымен ауыстырылсын.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады