Халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-жәрмеңке іс-шараларының 2019 – 2020 жылдарға арналған тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 19 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 95-бабының 7-тармағы 10-тармақшасының негізінде,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлігінің экспорттық әлеуетін ескере отырып,

      бірлескен көрме қызметін кеңейтудің, сондай-ақ мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлігін үшінші елдердің нарықтарына ілгерілетудің маңыздылығын назарға ала отырып,

      мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап:

      1. Ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлік өндірушілерді және экспорттаушыларды қолдау бойынша іс-шаралар дайындау кезінде осы өнімді үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету мақсатында қосымшаға сәйкес Халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-жәрмеңке іс-шараларының 2019 – 2020 жылдарға арналған тізбесін назарға алуды.

      2. Жыл сайын, 15 қаңтарға дейін осы Ұсынымға қосымшада көзделген халықаралық көрмелер шеңберінде мүше мемлекеттердің бірлескен іс-шараларын өткізу форматы жөніндегі ұсыныстарын Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберуді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 19 ұсынымына
ҚОСЫМША

Халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-жәрмеңке іс-шараларының 2019 – 2020 жылдарға арналған ТІЗБЕСІ

Іс-шараның атауы Өткізу орны Өткізудің болжамды мерзімі

1. "Жасыл апта" жыл сайынғы халықаралық көрме-жәрмеңкесі

Германия, Берлин қ.

қаңтар

2. "World Ag Expo" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі

АҚШ, Тулур қ.

ақпан

3. "Biofach" табиғи өнімдер мен тауарлардың жыл сайынғы халықаралық көрмесі

Германия, Нюрберг қ.

ақпан

4. Парсы шығанағы елдерінің "Gulfood" қонақүй-мейрамхана бизнесі мен кулинария өнімдерінің, сусындарының, жабдығының жыл сайынғы халықаралық көрмесі

БАӘ, Дубай қ.

ақпан

5. "Paris International Agricultural Show" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі

Франция, Париж қ.

ақпан –наурыз

6. "FoodEx Japan" тамақ өнімдері мен сусындардың жыл сайынғы халықаралық көрмесі

Жапония, Тиба қ.

наурыз

7. "AGRAme" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі

БАӘ, Дубай қ.

наурыз

8. "Agrotech-Agropars" жыл сайынғы халықаралық көрмесі

Иран, Шираз қ.

сәуір

9. Мароккодағы "SIAM" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі

Марокко, Мекнес қ.

сәуір

10. "AGRISHOW" ауыл шаруашылығы техникасы мен өнімінің жыл сайынғы халықаралық көрмесі

Бразилия, Рибейрао-Прету қ.

сәуір –мамыр

11. "SIAL China" тамақ өнімдері мен мамандандырылған жабдықтың жыл сайынғы халықаралық көрмесі

Қытай, Шанхай қ.

мамыр

12. "CASPIAN AGRO" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі

Әзербайжан, Баку қ.

мамыр

13. "NAMPO" жыл сайынғы халықаралық көрмесі

ОАР, Ботавиль қ.

мамыр

14. "International Agricultural Fair" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі

Сербия, Нови-Сад қ.

мамыр

15. "OPOLAGRA" ауыл шаруашылығы өнімінің жыл сайынғы көрмесі

Польша, Камень-Сленски қ.

маусым

16. "Iran Agro" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі

Иран, Тегеран қ.

маусым

17. "Agri IntEx" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі

Индия, Коимбатор қ.

шілде

18. "Agrocomplex" жыл сайынғы халықаралық көрмесі

Словакия, Нитра қ.

тамыз

19. "FARMER EXPO" ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдерінің жыл сайынғы халықаралық көрмесі

Венгрия, Дюбренец қ.

тамыз

20. "ЗЕМЛЯ КОРМИЛИЦА" жыл сайынғы халықаралық аграрлық көрмесі

Чехия, Ческе-БудеҰвице қ.

тамыз

21. "FOODAGRO KENYA" жыл сайынғы халықаралық көрмесі

Кения, Найроби қ.

қыркүйек

22. "Agromalim" жыл сайынғы халықаралық көрмесі

Румыния,
Арад қ.
 

қыркүйек

23. "Anuga" дайын тамақ өнімдері мен сусындардың жыл сайынғы халықаралық көрмесі
 
 

Германия,
Кельн қ.

қазан

24. "INDAGRA" жыл сайынғы халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі
 

Румыния,
Бухарест қ.

қазан –
қараша

25. "Fieragricola" халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі
 

Италия,
Верона қ.

2020 ж. қаңтар –
ақпан
 



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады