Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін қызметтер көрсету секторларының (кіші секторларының) тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 6 шешімі

      Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 16 қосымша) 4-тармағына сәйкес, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген картография бойынша қызметтер көрсету секторы бойынша ырықтандыру жоспарының 26-тармағын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын ескере отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 110 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін қызметтер көрсету секторларының (кіші секторларының) тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 53-тармақпен толықтырылсын:

      "53. Түсірілімдер нәтижелерін, басқа карталарды және мемлекеттік қорлардан алынған басқа да ашық пайдаланылатын ақпараттың басқа да көздерін пайдалана отырып, адамдардың кең ауқымына арналған графикалық, цифрлық және өзге де нысандарда (арнайы, тақырыптық және өзге де карталар, жоспарлар, атластар, карта-схемалар және өзге де өнімдер) ашық жариялау (пайдалану) картографиялық өнімді дайындаудан және нақтылаудан тұратын қызметтер көрсету бөлігінде картография бойынша қызметтер көрсету (СРС 83540) (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XXII бөлімінде іске асырылатын мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтер көрсетуді қоспағанда) 12.";

      мынадай мазмұндағы 12-сілтемемен толықтырылсын:

      "12 Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін - Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 6 шешімі күшіне енген күннен бастап, Қазақстан Республикасы үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.".

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясынан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады