Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің 2020 жылға арналған негізгі бағыттары туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2019 жылғы 1 қазандағы № 19 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 99 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібінің 5-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің 2020 жылға арналған негізгі бағыттары бекітілсін.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясынан


  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2019 жылғы 01 қазандағы
№ 19 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің 2020 жылға арналған НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

      Осы Негізгі бағыттарда Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) халықаралық қызметінің 2020 жылға арналған түйінді векторлары мен практикалық басымдықтары айқындалған.

      Құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) ұсыныстары, соның ішінде олардың Одақ органдарындағы төрағалықтарының бастамалары негізінде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің халықаралық қызметінің 2018 жылға арналған негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндаманың тұжырымдары ескеріле отырып дайындалған.

      2018 жылғы 6 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияға сәйкес осы Негізгі бағыттарды іске асыру Одақтың мүше мемлекеттер арасында да, шетелдік әріптестермен де өзара пайдалы әрі тең құқықты ынтымақтастық үшін ашық, қазіргі заманғы әлемнің неғұрлым маңызды даму орталықтарының бірі ретінде қалыптасуын және өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын түзуді, соның ішінде "интеграциялардың интеграциясын" және Одақтың дамуы мен Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" бастамасын ұштастыру жөніндегі жобаларды іске асыру құрамдас бөліктері болып табылатын Үлкен еуразиялық әріптестік идеясын дамыту үшін түзуді қалыптастыруға, сондай-ақ өңірлік басты экономикалық бірлестіктермен және Еуразияның аса ірі ұлттық экономикаларымен өзара іс-қимылды тереңдетуге тиіс.

      Мүше мемлекеттерді экономикалық қатынастардың әлемдік архитектурасына тарту, соның ішінде экспорттың географиясы мен көлемдерін кеңейту, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерін халықаралық өндірістік тізбектерге кіріктіру, кооперациялық жаңа байланыстарды құру, мүше мемлекеттерді экономикалық тұрғыдан дамыту мақсатында шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту арқылы тарту Одақтың халықаралық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін табысты іске асыруға ықпал ететін болады.

      Одақ 2020 жылы халықаралық қызметті жүзеге асырған кезде мына бағыттар басым болады:

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастықты тереңдету;

      Еуропалық одақпен (ЕО), Шанхай ынтымақтастық ұйымымен (ШЫҰ), Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығымен (АСЕАН), "Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы" форумымен (АТЭС), өзге де өңірлік негізгі экономикалық бірлестіктермен және Еуразияның аса ірі ұлттық экономикаларымен ынтымақтастықты дәйекті әрі өзара тиімді жолға қоюды көздейтін жүйелі диалог құру;

      өзара іс-қимыл жасау өзара экономикалық мүдделілік тудыратын үшінші елдермен, өңірлік интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде преференциялық және преференциялық емес келісімдерді, сондай-ақ меморандумдар жасасу жолымен дамыту;

      мүше мемлекеттердің тауарлары мен қызметтері жеткіліксіз ұсынылған үшінші елдердің нарықтарында мүше мемлекеттер экспорттаушыларының қатысуын кеңейту.

      I. Ынтымақтастықтың қолданыстағы механизмдерін дамыту үшін үшінші елдермен, өңірлік интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл

      2020 жылы халықаралық қызмет саласындағы Одақтың басты күш-жігері мыналармен ынтымақтастықтың қазір бар механизмдерін дамытуға шоғырланатын болады:

      халықаралық ұйымдармен:

      ынтымақтастық туралы меморандумдар мен бірлескен мәлімдемелердің ережелерін іске асыру мақсатында Біріккен Ұлттан Ұйымы (БҰҰ) жүйесінің ұйымдарымен, соның ішінде өңірлік комиссиялармен – Еуропа экономикалық комиссиясымен (БҰҰ ЕЭК), Азия және Тынық мұхиты үшін БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік комиссиясымен (ЭСКАТО) және Латын Америкасы мен Кариб бассейні үшін БҰҰ Экономикалық комиссиясымен (ЭКЛАК), БҰҰ мамандандырылған мекемелерімен – Біріккен Ұлттар Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО), Біріккен Ұлттар Өнеркәсіптік даму ұйымымен (ЮНИДО), Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ВОИС), БҰҰ Бас Ассамблеясының органы ретінде БҰҰ Сауда-саттық және даму және басқа ұйымдармен;

      Одақ құзыретіне жататын шаралар бойынша, ең алдымен Одақ шеңберінде ұлттық және ұлттықтан жоғары құзыреттердің бөлінуіне сәйкес Одақтың ішкі нарығын қорғау шаралары бойынша ДСҰ жұмыс органдарының, жұмыс топтарының және реттеуші комитеттердің жұмысына, ДСҰ дауларын шешу рәсімдеріне қатысу арқылы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімдеріне сәйкес Одақ құзыретінің шеңберінде ДСҰ жекелеген органдарында Одақтың байқаушы мәртебесін алуы жөніндегі жұмысты жалғастыру арқылы Дүниежүзілік сауда ұйымымен (ДСҰ);

      Одақ құзыретінің шегінде жұмыс органдары мен басқарушы органдарының қызметіне, ДКҰ өткізетін іс-шараларға қатысуы арқылы, сондай-ақ мүше мемлекеттердің қолдауымен осы ұйымның жұмысына Одақтың толық форматты қатысуы туралы диалог шеңберінде Дүниежүзілік кеден ұйымымен (ДКҰ);

      Еуразиялық экономикалық комиссия мен Халықаралық сауда орталығының арасындағы 2019 – 2020 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасының негізгі ережелерін іске асыру мақсатында Халықаралық сауда орталығымен;

      2013 жылғы 12 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия мен Халықаралық көші-қон ұйымының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес көші-қон саласындағы нақты проблемалы аспектілерді шешу, нормативтік құжаттарды әзірлеу және еңбек көші-қоны процестерін құқықтық реттеудің озық тәжірибесін зерделеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында бірлескен іс-шаралар мен сарапшылардың консультацияларын өткізу, сондай-ақ ақпараттық және талдамалық материалдармен алмасу арқылы Халықаралық көші-қон ұйымымен (МОМ);

      2014 жылғы 10 қаңтардағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды және оны іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған пилоттық бағдарламаны іске асыру шеңберінде Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымымен (МЭБ);

      2018 жылғы 20 ақпандағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес МАПСФ жұмыс топтарының қызметіне, сондай-ақ осы қауымдастық желісі бойынша іс-шараларға Одақ құзыретінің шегінде қатысу арқылы Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығымен (МАПСФ);

      2013 жылғы 25 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Жалпы кәсіподақтар конфедерациясы – халықаралық кәсіподақтар бірлестігі қоғамдық ұйымының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес мүше мемлекеттердің әлеуметтік-еңбек саласын тиімді реттеу үшін жағдайлар жасау мақсатында өзара іс-қимылды жүзеге асыру арқылы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Жалпы кәсіподақтар конфедерациясы – халықаралық кәсіподақтар бірлестігі қоғамдық ұйымымен (ВКП);

      ынтымақтастық механизмдерін одан әрі дамыту мақсатында жасалған меморандумдар мен өзге де өзара іс-қимыл нысандарының шеңберінде стандарттау, аккредиттеу және метрология салаларындағы халықаралық ұйымдармен;

      өңірлік интеграциялық бірлестіктермен:

      2012 жылғы 17 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға және 2018 жылғы 27 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету туралы меморандумға сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен;

      2012 жылғы 13 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Одақтас мемлекеттің Тұрақты комитетінің арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес Одақтас мемлекетпен;

      өзара түсіністік (ынтымақтастық) туралы меморандумдарды (декларацияларды) іске асыру шеңберінде Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығымен (АСЕАН), Анд қоғамдастығының Бас хатшылығымен, Латын Америка экономикалық жүйесімен (ЛАЭС), Оңтүстік Америка ортақ нарығымен (МЕРКОСУР) және Тынық мұхиты Альянсымен (ТА);

      үшінші елдермен:

      2017 жылғы 3 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия мен Молдова Республикасының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, сондай-ақ Молдова Республикасының Одақ жанындағы бақылаушы мемлекет ретіндегі мәртебесін ескере отырып, Молдова Республикасымен;

      өзара түсіністік (ынтымақтастық) туралы меморандумдарды (декларацияларды) іске асыру шеңберінде осы меморандумдарға сәйкес қалыптастырылатын және жұмыс істейтін бірлескен жұмыс топтарын жүргізу практикасын дамытуға, сондай-ақ олардың жұмысына мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының, Еуразиялық экономикалық одақтың Іскери кеңесінің, сондай-ақ мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының өкілдерін қосуға назар аудара отырып, соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияның құзыретін ескере отырып, салалық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Бангладеш Халық Республикасының, Грек Республикасының, Иордан Хашимит Корольдігінің, Индонезия Республикасының, Камбоджа Корольдігінің, Куба Республикасының, Марокко Корольдігінің, Моңғолияның, Перу Республикасының, Сингапур Республикасының, Таиланд Корольдігінің, Фарер аралдарының және Чили Республикасының үкіметтерімен.

      Жасалған меморандумдар шеңберінде өткізілетін форумдарға, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге және басқаларына мүше мемлекеттер ақпараттық сүйемелдеу және мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтары мен атқарушы билік органдары өкілдерінің делегацияларын қалыптастыруға жәрдемдесу арқылы қолдау көрсететін болады;

      2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге және 2019 жылғы 6 маусымдағы Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімге сәйкес Қытай Халық Республикасымен;

      2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес Вьетнам Социалистік Республикасымен;

      Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге (2019 жылы қол қою жоспарланып отыр) сәйкес Сербия Республикасымен;

      Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге (2019 жылы қол қою жоспарланып отыр) сәйкес, сондай-ақ мүше мемлекеттер мен Сингапур Республикасы арасында жасасу жоспарланған қызметтердің еркін саудасы туралы және инвестицияларды жүзеге асыру туралы екіжақты келісімдер шеңберінде Сингапур Республикасымен;

      2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге сәйкес Иран Ислам Республикасымен.

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша осы елдердің өкілдерімен, сондай-ақ ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану тақырыбы бойынша үшінші елдердің, өңірлік интеграциялық бірлестіктердің және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулерді және консультацияларды қоса алғанда, өзара іс-қимыл, соның ішінде үшінші елдердің аумақтарында жалғасады;

      ведомствоаралық форматта үшінші елдермен:

      2019 жылғы 1 тамыздағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Аргентина Республикасының Өндіріс және еңбек министрлігі Агроиндустрия жөніндегі үкіметтік хатшылығының арасындағы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес Аргентина Республикасымен;

      2016 жылғы 26 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссия мен Мажарстан Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес Мажарстанмен;

      2015 жылғы 22 қазандағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Корея Республикасының Мемлекеттік сатып алу қызметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес Корея Республикасымен;

      2017 жылғы 4 қазандағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Моңғолия Мамандандырылған инспекциясының Бас басқармасы арасындағы ветерианиялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға және 2017 жылғы 4 қазандағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Моңғолия Стандарт және метрология агенттігі арасындағы техникалық реттеу және метрология саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Моңғолиямен;

      2017 жылғы 24 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Эквадор Республикасының Сыртқы сауда және инвестициялар министрлігі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес, соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия мен Эквадор Республикасының Сыртқы сауда және инвестициялар министрлігі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен комитет қызметінің шеңберінде Эквадор Республикасымен.

      II. Олармен байланыстарды тереңдетуге Одақ басым тәртіппен ұмтылатын әлеуетті әріптестермен ынтымақтастық

      Мыналармен өзара іс-қимылды дамыту үшін институционалдық негіз қалау жұмысы жалғасатын болады:

      үшінші елдермен:

      ынтымақтастық өзара экономикалық мүдделілік тудыратын Өзбекстан Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен және басқа елдермен, атап айтқанда үшінші елдердің бастамалары мен мүше мемлекеттердің ұсыныстарын назарға ала отырып, мүше мемлекеттердің Одақ органдарында төрағалығының шеңберінде ұсынылатын басымдықтар мен бастамаларды ескере отырып, ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу мақсатында келіссөз процестері шеңберінде;

      еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы келіссөздер шеңберінде Мысыр Араб Республикасымен, Израиль Мемлекетімен, Үндістан Республикасымен.

      Одақтың үшінші елдермен еркін сауда және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарын жасасу жұмыстары жалғасып, еркін сауда туралы келісімдер жасасудың орындылығын зерделеу жөніндегі бірлескен зерттеу топтарын құру үшін елдер тізбесі қалыптастырылатын болады;

      өңірлік интеграциялық бірлестіктермен:

      ЕАЭО – ЕО форматында диалог орнату және салалық, соның ішінде техникалық реттеу, стандарттау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кедендік әкімшілендіру, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, экономикалық сауда дауларын реттеу (медиация) және ішкі нарықтың жұмыс істеу, санитариялық және фитосанитариялық бақылау, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, зияткерлік меншік салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия мен мүше мемлекеттер өкілдерінің еуразиялық проблематика бойынша мүше мемлекеттердің аумақтарында да, олардың шегінен тысқары да ұйымдастырылатын бұқаралық іс-шараларға қатысуын жандандыру арқылы Еуропалық комиссиямен, Еуропалық одақтың мемлекеттіктен жоғары өзге де органдарымен және Еуропа өңірі мемлекеттерінің үкіметтерімен ынтымақтастықты институттандыру мақсатында Еуропалық одақпен (ЕО);

      өзара іс-қимыл туралы негіздемелік құжатқа қол қою жолымен неғұрлым тығыз практикалық ынтымақтастық орнату бөлігінде Шанхай ынтымақтастық ұйымымен (ШЫҰ);

      өзара мүдделілік бар салаларда ынтымақтастық орнату және өзара іс-қимылды дамыту мақсатында "Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы" форумымен (АТЭС), Латын Америкасы интеграция қауымдастығымен (ЛАИ), Кариб қоғамдастығымен (КАРИКОМ), Африка одағымен (АС), Африканың Оңтүстігін дамыту қоғамдастығымен (САДК), Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы ұйымымен (ОЧЭС) және басқа да өңірлік интеграциялық бірлестіктермен;

      халықаралық ұйымдармен:

      Біріккен Ұлттан Ұйымы жүйесінің ұйымдарымен, соның ішінде Одаққа БҰҰ Бас Ассамблеясының жанындағы байқаушы мәртебесін беру жөніндегі жұмыс шеңберінде;

      тәжірибе алмасу және өзара мүдделілік бар салаларда бірлескен жобаларды ілгерілету мақсатында Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ) және Дүниежүзілік банк (ДБ) тобымен;

      өзара түсіністік туралы меморандумдар жасасу жөніндегі жұмыс шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ);

      экономикалық қоржын және өңірдегі экономикалық өзара байланыстылық мәселелері бөлігінде (атап айтқанда, көші-қон саясаты, цифрлық экономика және еңбек ресурстары саласында) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ);

      Одақ құзыретінің шегінде жаһандық және салалық сипаттағы мәселелердің кең ауқымы бойынша, соның ішінде шетелдік әріптестердің озық тәжірибесін зерделеу және мүше мемлекеттерде енгізу мақсатында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) және басқа да мамандандырылған халықаралық ұйымдармен (өңірлік ұйымдарды қоса алғанда), одақтармен және басқаларымен, олардың салалық органдарымен және мекемелерімен;

      өзара түсіністік туралы тиісті меморандум жасасу жөніндегі келіссөздерді ескере отырып, цифрлық экономика, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, деректер экономикасы, ақпараттық қауіпсіздік саласында Халықаралық электр байланысы одағымен (ХЭО).

      Көрсетілген өңірлік интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық Одақтың халықаралық тұрғыдан кеңінен танылуына, экономикалық қатынастардың әлемдік архитектурасына Одақты кіріктіру жөніндегі міндеттерді шешуге, экспортың географиясы мен көлемдерін кеңейтуге, сондай-ақ шетелдік инвестициялар мен технологияларды тартуға бағытталатын болады.

      Үшінші елдердің экономикалары үшін Одақтың бірыңғай нарығы ашатын мүмкіндіктер тұрғысынан еуразиялық экономикалық интеграция тақырыбына арналған конференциялар, форумдар, презентациялар, дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шаралар өткізу жолымен еуразиялық экономикалық интеграция идеясын шет елдерде дәріптеу және түсіндіру бойынша нысаналы жұмыс жалғасады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттердің жәрдемімен Петербург халықаралық экономикалық форумының, Астана экономикалық форумының, Шығыс экономикалық форумының, "Еуразия аптасы" көрме форумының, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумақтарында өткізілетін халықаралық деңгейдегі басқа іс-шаралардың алаңдарында Одақтың халықаралық күн тәртібін ілгерілетуге күш-жігер жұмсауды жалғастырады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесімен тығыз жұмысты және мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарымен диалогты жалғастырады. Бұл ретте шетелдік әріптестермен келіссөз процесінің барысында іскер топтардың шоғырланған позициясының болуына зор мән берілетін болады. Көрсетілген іс-шараларға қатысу үшін тиісті бизнес-делегацияларды қалыптастыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесі мен мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының өкілдерін халықаралық іс-шаралар туралы хабардар етудің оң сипаттама алған практикасы халықаралық аренада Одақтың міндеттерін тиімді шешуге ықпалын тигізеді.

      Бүкіләлемдік экономикалық форумды, Халықаралық қолданбалы жүйелі талдау институтын және т.б. қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық комиссия халықаралық іскери және сарапшылық қоғамдастықпен, соның ішінде сауда-өнеркәсіп палаталарымен, іскери ынтымақтастық кеңестерімен, өңірлік даму банктерімен және халықаралық негізгі дискуссия алаңдарымен өзара іс-қимылды дәйекті түрде дамытатын болады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрліктеріне жіберілетін Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерінің үшінші елдерге іссапарларының нәтижелері туралы есептердің мол ақпарат қамтуы мен жүйелілігін арттыру мақсатында шаралар қабылдайды.

      Одақтың халықаралық күн тәртібінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру сыртқы саяси және сыртқы экономикалық ведомстволармен, мүше мемлекеттердің дипломатиялық және сауда өкілдіктерімен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылатын болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады