Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің жекелеген секторлары бойынша ырықтандыру жоспарларын іске асыру туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 2 Өкімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №23 шешімімен бекітілген ырықтандыру жоспарларында көзделген іс-шаралардың орындалуына 2018 жылғы 16 қаңтардан бастап 30 қарашаға дейінгі аралықта мониторинг жүргізу және бақылау жасау нәтижелері (ақпараттық материал ретінде қоса беріліп отыр) туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т.С.Саркисянның баяндамасын (бұдан әрі тиісінше – баяндама, ырықтандыру жоспарлары) ескере отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері мен Еуразиялық экономикалық комиссия:

      а) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XV бөлімінің ережелерін іске асыру шеңберінде жұмыс жүргізген кезде баяндама ережелерін, сондай-ақ қызметтер көрсетудің мына:

      кино және бейнефильмдер шығарумен және таратумен байланысты қызметтер көрсету;

      бейнефильмдерді көрсету бойынша қызметтер көрсету;

      меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікке байланысты (делдалдардың риелторлық қызметтер көрсетуін қоспағанда) қызметтер көрсету;

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XVI бөлімінде көзделген қаржылық қызметтер көрсетуді қоспағанда, серуендеу кемелерін операторсыз (экипажсыз) жалға алу және оның лизингі бойынша қызметтер көрсету;

      жарнама саласында қызметтер көрсету;

      даладағы жұмыстарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, мұнайды, газды және жерасты суларын іздеуге байланысты геология, геофизика, геохимия және өзге де ғылымдар саласында ғылыми консультациялық қызметтер көрсету бөлігінде геологиялық, геофизикалық және басқа да іздеу жұмыстары бойынша қызметтер көрсету;

      саяхаттар бюросының және туристік агенттіктердің қызметтер көрсету (туроператорлар мен турагенттердің қызметтер көрсетуі);

      қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және енгізу бойынша қызметтер көрсету;

      жаратылыстану ғылымдары саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және тәжірибелік әзірлемелер жасау бойынша қызметтер көрсету секторларындағы қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығының жұмыс істей бастауын қамтамасыз ететін жұмыс нәтижесін ескерсін;

      б) баяндама ережелерін ескере отырып, ырықтандыру жоспарларын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандырсын және қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығының тосқауылдарсыз, алып қоюларсыз, шектеулерсіз, қосымша талаптар мен шарттарсыз ырықтандыру жоспарларында көзделген мерзімдерде жұмыс істей бастауын қамтамасыз ету қажеттігіне негіздей отырып, ырықтандыру жоспарларында көзделген іс-шараларды орындауды қамтамасыз етсін.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.


      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения

Беларусь

Қазақстан

Қырғыз

Ресей


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады