Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспары туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 31 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 21 қосымша) 42-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      2. Еуразиялық үкіметаралық кеңес осы Шешіммен бекітілген жоспардың 1 - 4-тармақтарында көрсетілген актілерді бекіту кезінде олардың 2025 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей бір мезгілде күшіне енуін көздестірсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) үкіметтерімен бірлесіп жыл сайын, қоса алғанда 2026 жылға дейін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ХХ бөлімінде көзделген мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы міндеттемелерін орындау мониторингінің нәтижелерін ұсыну шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесін мүше мемлекеттер заңнамасын Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы туралы хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 21 қосымша) және аталған Хаттамада көзделген актілерге сәйкес келтіру туралы, сондай-ақ мүше мемлекеттердің ішкі көтерме сауда ортақ электр энергетикалық нарықтары субъектілерінің Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығына қатысуы үшін қажетті өзге де іс-шараларды орындау туралы хабардар етіп отырсын.

      4. Осы Шешім 2019 жылғы 29 мамырда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама (Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде) күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2019 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 31 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Іс-шараның атауы* Орындаушылар Шешім қабылдайтын орган Іс-шараны іске асыру мерзімі

1. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) ортақ электр энергетикалық нарығы шеңберінде электр энергиясын мемлекетаралық беру жөнінде қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын қабылдау

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия), Одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі - мүше мемлекеттер)

Еуразиялық үкіметаралық кеңес (бұдан әрі - Үкіметаралық кеңес)

2022 жылғы 1 шілдеге дейін

2. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында мемлекетаралық қималардың өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларын қабылдау

Комиссия, мүше мемлекеттер

Үкіметаралық кеңес

2022 жылғы 1 шілдеге дейін

3.Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында электр энергиясының өзара саудасы қағидаларын қабылдау

Комиссия, мүше мемлекеттер

Үкіметаралық кеңес

2022 жылғы 1 шілдеге дейін

4.Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында ақпараттық алмасу қағидаларын қабылдау

Комиссия, мүше мемлекеттер

Үкіметаралық кеңес

2023 жылғы 1 шілдеге дейін

5. Мемлекетаралық электр желілерін дамыту туралы ереже қабылдау

Комиссия, мүше мемлекеттер

Комиссия Кеңесі

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін

6.Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында шұғыл келісімшарттар бойынша электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымды (ұйымдарды) айқындау

Комиссия, мүше мемлекеттер

Комиссия Кеңесі

2022 жылғы 1 қазанға дейін

7. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында электр энергиясының орталықтандырылған саудасын тәулік бұрын ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымды айқындау

Комиссия, мүше мемлекеттер

Комиссия Кеңесі

2022 жылғы 1 қазанға дейін

8. Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 21 қосымша) 5 - 8-тармақтарына сәйкес қабылданатын актілерде көзделген қосылу туралы шарт нысанын (шарттардың нысандарын), сондай-ақ шарттар мен регламенттердің стандартты формаларын бекіту

Комиссия, мүше мемлекеттер

Комиссия Кеңесі

2024 жылғы 1 қаңтарға дейін

9. Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеу мониторингі тәртібін қабылдау

Комиссия, мүше мемлекеттер

Комиссия Кеңесі

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін

10. Мүше мемлекеттердің ішкі көтерме сауда электр энергетикалық нарықтарының барлық субъектілерінің ерікті және бәсекелестік негізінде Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында электр энергиясының саудасына қатысуы үшін Одақ құқығымен айқындалған шарттарды мүше мемлекеттердің орындауы туралы, сондай-ақ мүше мемлекеттің Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының барлық субъектілерінің электр энергиясы саудасына дайындығы туралы шешім қабылдау

Комиссия Алқасы, мүше мемлекеттер

Комиссия Кеңесі

2024 жылғы 1 қазанға дейін

11. Мүше мемлекеттердің ішкі көтерме сауда электр энергетикалық нарықтарының барлық субъектілерінің ерікті және бәсекелестік негізде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығына қатысуы үшін шарттар жасау туралы шешім қабылдау (оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей күшіне енуі мерзімімен)

Комиссия, мүше мемлекеттер

Комиссия Кеңесі

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін, бірақ Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт, сондай-ақ Одақтың ортақ газ нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті Одақ органдары актілері күшіне енетін күннен ерте емес

12. Табиғи монополиялардың субъектісі болып табылмайтын Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы инфрақұрылымдық ұйымдарының қызметтер көрсетуіне арналған бағаларды (тарифтерді) айқындау жөнінде әдістемелік нұсқаулар қабылдау

аумағында тиісті инфрақұрылымдық ұйым тіркелген мүше мемлекет

аумағында тиісті инфрақұрылымдық ұйым тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органы

2024 жылғы 1 қаңтарға дейін

13. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының технологиялық негіздерінің жұмыс істеуін тестілік сынақтан өткізу

мүше мемлекет, Комиссия


мерзімді түрде, осы жоспардың 8-тармағында көрсетілген регламенттерді қабылдаған күннен бастап, осы жоспардың 1 – 4-тармақтарында көрсетілген актілер күшіне енген күнге дейін

*Құжаттың атауы оны әзірлеу барысында нақтылануы мүмкін.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады