Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 4 ақпандағы № 22 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 4 ақпандағы
№ 22 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 44-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"44. Жануарларға арналған тіркелген ветеринариялық дәрілік заттардың, жемшөптік қоспалардың және Еуразиялық экономикалық одақтың жануарлармен тікелей байланысуға түспейтін ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық, залалсыздандыратын, дәрілейтін және дезакаризациялайтын құралдарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2019 жылғы
IІ тоқсан.".

      1. VIII бөлім мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"441. Сапалы және сапасыз ветеринариялық дәрілік заттардың, сондай-ақ ветеринариялық дәрілік заттардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағындағы айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау шеңберінде анықталған жалған және (немесе) контрафактілік ветеринариялық дәрілік заттардың бірыңғай ақпараттық дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2019 жылғы
IІ тоқсан

442. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында ветеринариялық дәрілік заттарды қолдану кезінде анықталған жануарларда болатын қолайсыз әсерлер жөніндегі бірыңғай ақпараттық дерекқорды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2019 жылғы
IІ тоқсан

443.Өндірісі Еуразиялық экономикалық одақтың Тиісті өндірістік практика қағидаларының талаптарына сәйкес деп танылған ветеринариялық дәрілік заттарды өндірушілердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2019 жылғы
IІ тоқсан

444. Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық дәрілік заттар айналысы саласындағы фармацевтика инспекторларының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2019 жылғы
IІ тоқсан".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады