Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдіснамасын бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 35 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 11-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдіснамасы бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 19 наурыздағы
№ 35 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру ӘДІСНАМАСЫ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Әдіснама Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 24-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 4 қосымша) 11-тармағына сәйкес әзірленді және Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру көздерінің сипаттамасын, Одақтың және оның топтарының ресми статистикалық ақпаратын қалыптастырудың жалпы тәсілдері мен қағидаларын сипаттауды қамтиды.

      2. Осы Әдіснамада мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "көрсеткіш салмағы" – Одақтың ресми статистикалық ақпаратын алу кезінде пайдаланылатын, Одаққа мүше әрбір мемлекет бойынша статистикалық көрсеткіштің сандық мәнінің салмағы;

      "Одақтың негізгі статистикалық көрсеткіштері" – Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін, Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Еуразиялық экономикалық комиссияға беретін ресми статистикалық ақпараттың статистикалық көрсеткіштерінің тізбесіне енгізілген, олар бойынша жиынтық қорытындылар Одақ деңгейінде қорытылып-жинақталуы және халықаралық стандарттарға сәйкес халықаралық салыстыруларды қамтамасыз ету шеңберінде бағалануы мүмкін статистикалық көрсеткіштер;

      "статистикалық көрсеткіш" – жиынтық бірліктерінің тобына немесе жалпы жиынтыққа қатысты қаралатын, сандық мәнде өлшенетін қоғамдық құбылыстың сандық-сапалық сипаттамасы.

ІІ. Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру көздері

      3. Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру үшін бастапқы деректердің көзі Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (бұдан әрі тиісінше мүше мемлекеттер, уәкілетті органдар) Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) уәкілетті органдар Комиссияға беретін ресми статистикалық ақпараттың статистикалық көрсеткіштерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес беретін ресми статистикалық ақпарат, сондай-ақ комиссияның сұрау салуы бойынша уәкілетті органдар беретін тізбеге енгізілмеген мүше мемлекеттердің өзге де ресми статистикалық ақпараты болып табылады.

      4. Комиссия Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру кезінде халықаралық ұйымдардың ресми статистикалық ақпаратын және мүше мемлекеттердің заңнамасында тыйым салынбаған көздерден алынған өзге де ақпаратты пайдалана алады.

      5. Мүше мемлекеттердің бірінде ресми статистикалық байқаудың жеке көрсеткіші болмаған жағдайда, Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру кезінде халықаралық практикада пайдаланылатын бағалау әдістері қолданылуы мүмкін.

II. Одақтың және оның топтарының ресми статистикалық ақпаратын қалыптастырудың жалпы тәсілдері мен қағидалары

      6. Тізбеге енгізілген жекелеген статистикалық көрсеткіштер бойынша статистикалық көрсеткіштердің терминдері мен анықтамалары, ресми статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу әдістерін Комиссия өзі қалыптастырған анықтамалықта келтіреді, ол Одақтың ресми сайтында орналастырылады.

      7. Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру кезінде Комиссия халықаралық практикада пайдаланылатын бағалау әдістері негізінде Одақтың статистикалық деректерінің сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүргізеді.

      8. Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру алгоритмінің негізіне негізгі статистикалық көрсеткіштер бойынша мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын өңдеу және қорытып-жинақтау жолымен алынатын статистикалық деректерді есептеу алынды.

      9. Бөліністер мен топтарда Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру халықаралық стандарттардың (сыныптамалардың) немесе халықаралық стандарттармен (сыныптамалармен) үйлестірілген (сәйкестендірілген) ұлттық стандарттардың (сыныптамалардың) талаптарына және көрсетілген стандарттармен (сыныптамалармен) үйлестірілген анықтамалықтарға сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Одақ бойынша ресми статистикалық деректерді есептеу жалпы негізгі статистикалық көрсеткіштердің – абсолюттік не салыстырмалы көрсеткіштердің нысанына байланысты ерекшеленеді.

      11. Абсолюттік статистикалық көрсеткіштер физикалық қасиеттерін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстардың уақытша немесе құндық сипаттамаларын көрсетеді. Зерттелетін құбылыстардың мәніне, олардың физикалық қасиеттеріне байланысты абсолюттік статистикалық көрсеткіштер табиғи (тонна, килограмм, метр, шаршы метр, текше метр, километр, литр, дана және т.б.) немесе құндық өлшем бірліктерінде көрсетіледі.

      12. Одақтың абсолюттік статистикалық көрсеткіштерге (құндықтан басқа) қатысты бөлігіндегі ресми статистикалық ақпараты барлық мүше мемлекеттер бойынша әрбір статистикалық көрсеткіш бойынша тікелей шот (қосу не айырма) жолымен айқындалады.

      13. Жалпы Одақ бойынша абсолюттік статистикалық көрсеткіштерді (құндықтан басқа) есептеу әдіснамасы мынадай формулада берілген:



      мұнда:

      АСКОдақ – тиісті есепті кезең үшін заттай өлшем бірліктерінде (құндықтан басқа) көрсетілген жалпы Одақ бойынша абсолюттік статистикалық көрсеткіш;

      АСКi – тиісті есепті кезең үшін заттай өлшем бірліктерінде (құндықтан басқа) көрсетілген і-мүше мемлекеттің абсолюттік статистикалық көрсеткіші;

      n-мүше мемлекеттердің саны.

      14. Құндық өлшем бірліктеріндегі статистикалық көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді (жалпы ішкі өнімнің, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісінің, инвестициялардың, құрылыстың, бөлшек тауар айналымының көлемі және т.б.) ақшалай бағалауды сипаттайды және мүше мемлекеттердің ұлттық валютасымен өлшенеді.

      Көрсетілген көрсеткіштер оларды жалпы Одақ бойынша құндық көріністе көрсету үшін әрбір мүше мемлекет бойынша бірыңғай есептік бірлікке қайта есептеуге жатады. Мұндай бірыңғай есептік бірлік ретінде АҚШ доллары қабылдануы мүмкін. Құндық өлшем бірліктерінде көрсетілген мүше мемлекеттердің статистикалық көрсеткіштерін АҚШ долларына (немесе басқа валютаға) қайта есептеуді мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері тиісті есепті кезең үшін белгілейтін (жариялайтын) валюталардың орташа (орташа өлшенген) бағамдары бойынша Комиссия жүзеге асырады.

      15. Жалпы Одақ бойынша құндық өлшем бірліктерінде (АҚШ долларына қайта есептегенде) абсолюттік статистикалық көрсеткіштерді есептеу әдіснамасы мынадай формулада берілген:



      мұнда:

      АСКcОдақ – тиісті есепті кезең үшін құндық өлшем бірлігінде (АҚШ долларына қайта есептегенде) көрсетілген жалпы Одақ бойынша абсолюттік статистикалық көрсеткіш;

      АСКci – тиісті есепті кезең үшін і-мүше мемлекеттің ұлттық валютасында құндық өлшем бірлігінде көрсетілген і-мүше мемлекеттің абсолюттік статистикалық көрсеткіші;

      ВБi – і-мүше мемлекеттің ұлттық валютасының АҚШ долларына шаққандағы бағамы (тиісті есепті кезең үшін і-мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілейтін (жариялайтын) валютаның орташа (орташа өлшенген) бағамы бойынша айқындалған);

      n-мүше мемлекеттердің саны.

      16. Салыстырмалы статистикалық көрсеткіштер бір абсолюттік көрсеткіштің екіншісіне қатынасы ретінде алынатын салыстырмалы шаманың (өсу қарқыны, өсім қарқыны, коэффициент, салалар, қызмет түрлері бойынша индекс және т.б.) нысанында көрсетілген статистикалық көрсеткіштерді білдіреді және әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстардың сандық сипаттамалары арасындағы арақатынасты көрсетеді. Салыстырмалы статистикалық көрсеткіштер екі салыстырмалы көрсеткіштердің өзара арақатынасы ретінде есептелуі де мүмкін. Салыстырмалы статистикалық көрсеткіштер үлеспен, пайызбен, промиллемен және басқа өлшем бірліктерімен көрсетілуі мүмкін. Жекелеген салыстырмалы статистикалық көрсеткіштерді есептеу олардың таразыларын айқындаумен бірге жүреді, олардың негізінде Одақ бойынша салыстырмалы статистикалық көрсеткіштер қалыптастырылады.

      17. Салыстырмалы шама (коэффициент) нысанында көрсетілген салыстырмалы статистикалық көрсеткіштерді есептеу әдіснамасы тұтастай алғанда мынадай формулада берілген:



      мұнда:

      ССКОдақ – тиісті есепті кезең үшін екі абсолюттік статистикалық көрсеткіш (заттай да, құндық өлшем бірліктерінде де) арасындағы арақатынас ретінде көрсетілген жалпы Одақ бойынша салыстырмалы статистикалық көрсеткіш;

      АСКji – тиісті есепті кезең үшін і-мүше мемлекеттің заттай да, құндық j-өлшем бірліктерінде де көрсетілген абсолюттік статистикалық көрсеткіші;

      АСКfi – тиісті есепті кезең үшін і-мүше мемлекеттің заттай да, құндық f-өлшем бірліктерінде де көрсетілген абсолюттік статистикалық көрсеткіші;

      n-мүше мемлекеттердің саны;

      j, f – физикалық қасиеттерін (оның ішінде халықтың саны мен құрамын), әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстардың уақытша немесе құндық сипаттамаларын сипаттайтын өлшем бірліктері.

      18. Салыстырмалы шама нысанында көрсетілген салыстырмалы статистикалық көрсеткіштерді есептеу әдіснамасы (индекстік нысанда) жалпы Одақ бойынша бірнеше кезеңді көздейді.

      Бірінші кезеңде көрсеткіштер (коэффициенттер) салмағын айқындау үшін тиісті базистік кезең үшін барлық мүше мемлекеттер бойынша құндық көрсеткіштердің жалпы сомасында АҚШ долларына қайта есептелген құндық өлшем бірлігінде көрсетілген әрбір мүше мемлекеттің абсолюттік статистикалық көрсеткіштерінің үлесі есептеледі.

      Халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес көрсеткіш (коэффициент) салмағының тиісті өзгеруімен базистік кезеңді қайта қарауды кемінде 5 жылда 1 реттен сиретпей жүргізген жөн. Есеп мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      мұнда:

      DАСКi – і-мүше мемлекеттің абсолюттік статистикалық көрсеткіші (тиісті базистік кезең үшін і-мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілейтін (жариялайтын) валютаның орташа (орташа өлшемді) бағамы бойынша АҚШ долларына қайта есептелген құндық өлшем бірлігіндегі) мен барлық мүше мемлекеттер бойынша абсолютті статистикалық көрсеткіштер сомасы (тиісті базистік кезең үшін і-мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілейтін (жариялайтын) валютаның орташа (орташа өлшемді) бағамы бойынша АҚШ долларына қайта есептелген құндық өлшем бірліктеріндегі) арасындағы қатынас ретінде көрсетілген і-мүше мемлекеттің абсолюттік статистикалық көрсеткіші;

      АСКci – і-мүше мемлекеттің құндық өлшем бірлігінде көрсетілген (тиісті базистік кезең үшін і-мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілейтін (жариялайтын) валютаның орташа (орташа өлшенген) бағамы бойынша АҚШ долларына қайта есептелген) і-мүше мемлекеттің абсолюттік статистикалық көрсеткіші;

      i=1nАСКi с – барлық мүше мемлекеттер бойынша абсолюттік статистикалық көрсеткіштердің сомасы (тиісті базистік кезеңде мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері белгілейтін (жариялайтын) валюталардың орташа (орташа өлшемді) бағамдары бойынша АҚШ долларына қайта есептелген құндық өлшем бірліктеріндегі) ретінде айқындалған абсолюттік статистикалық көрсеткіш;

      n-мүше мемлекеттердің саны.

      Екінші кезеңде осы тармақта көрсетілген формула бойынша есептелген і-мүше мемлекеттің абсолюттік статистикалық көрсеткішінің үлесін пайдалана отырып, индекстік нысандағы салыстырмалы статистикалық көрсеткіштің есебі жүзеге асырылады.

      Жалпы түрде тұтастай алғанда индекс түрінде Одақ бойынша есеп мынадай формуламен берілген:



      мұнда:

      IОдақ – тиісті есепті кезең үшін индекстік нысанда көрсетілген жалпы Одақ бойынша салыстырмалы статистикалық көрсеткіш;

      Ii – тиісті есепті кезең үшін индекстік нысанда көрсетілген і-мүше мемлекеттің салыстырмалы статистикалық көрсеткіші;

      DАСКi – і-мүше мемлекеттің абсолюттік статистикалық көрсеткіші (тиісті базистік кезең үшін і-мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілейтін (жариялайтын) валютаның орташа (орташа өлшемді) бағамы бойынша АҚШ долларына қайта есептелген құндық өлшем бірлігіндегі) мен барлық мүше мемлекеттер бойынша абсолюттік статистикалық көрсеткіштер сомасы (тиісті базистік кезең үшін і-мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілейтін (жариялайтын) валютаның орташа (орташа өлшемді) бағамы бойынша АҚШ долларына қайта есептелген құндық өлшем бірліктеріндегі) арасындағы қатынас ретінде көрсетілген і-мүше мемлекеттің абсолюттік статистикалық көрсеткішінің үлесі;

      n-мүше мемлекеттердің саны.

      Жалпы Одақ бойынша абсолюттік және салыстырмалы статистикалық көрсеткіштерді түзету мүше мемлекеттерде тиісті абсолюттік және салыстырмалы статистикалық көрсеткіштер нақтыланған жағдайда жүргізіледі.

      19. Ерекше және жеке-дара ерекшеліктері бар жалпы Одақ бойынша абсолюттік және салыстырмалы статистикалық көрсеткіштердің есептері мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын беру мерзімдері мен форматтарын және тиісті бөліністер мен топтарды негізге ала отырып, тізбеге енгізілген әрбір нақты көрсеткіш бойынша жекелеген әдістемелерде келтіріледі. Көрсетілген әдістемелер Одақтың ресми сайтында орналастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады