Еуразиялық экономикалық одақтың "Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО TP 047/2018) өтпелі ережелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 61 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 3-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою тәртібінің 38-тармағының бесінші абзацын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мынадай:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың "Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО TP 047/2018) техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге (бұдан әрі тиісінше - өнім, техникалық регламент) қатысты берілген немесе қабылданған, өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін актілерде немесе Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар техникалық регламент күшіне енген күнге дейін, олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2024 жылғы 9 қаңтардан кешіктірілмей жарамды болады деп белгіленсін.

      Техникалық регламент күшіне енген күннен бастап Одақтың құқығына кіретін актілерде және мүше мемлекеттің заңнамасында бұрын белгіленген міндетті талаптарға өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      б) техникалық регламент күшіне енген күнге дейін Одақтың құқығына кіретін актілерде немесе мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін міндетті бағалауға жатпайтын өнімді өнімнің сәйкестігін міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналым белгісімен) таңбалаусыз мүше мемлекеттердің аумақтарында өндіруге және айналымға шығаруға 2024 жылғы 9 қаңтарға дейін жол беріледі;

      в) Одақтың құқығына кіретін актілерде және мүше мемлекеттің заңнамасында бұрын белгіленген міндетті талаптарға сәйкес, техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған, өнімнің көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар болған кезде мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімді өндіруге және айналымға шығаруға 2024 жылғы 9 қаңтарға дейін жол беріледі деп белгіленсін.

      Өнім Одақ нарығында Одақтың құқығына кіретін актілерге сәйкес өнімнің бірыңғай айналым белгісімен және мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұлттық сәйкестік белгімен (нарықтағы айналым белгісімен) таңбаланады;

      г) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде мүше мемлекеттердің аумақтарында айналысқа шығарылған өнімнің, сондай-ақ осы тармақтың "б" тармақшасында көрсетілген өнімнің айналысына дайындаушы белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Ресей Федерациясының Үкіметінен мүше мемлекеттермен бірлесіп, 2020 жылғы 9 наурызға дейін:

      а) қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 047/2018) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған кезде – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесінің және зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 047/2018) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған кезде – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесінің жобаларын;

      б) зерттеу (сынақ) және өлшем қағидалары мен әдістерін, соның ішінде техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаның жобасын;

      в) кедендік декларацияны беру техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен бірге болатын өнім тізбесінің жобасын әзірлеуді және оларды Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынуды қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады